26.04.2018 l «КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» кітапхана жобасы

Заманауи әлемде оқу форматы өзінің пішіні мен орнын өзгертеді. Адамдардың мобильділігі, өмір сүру қарқыны бос уақытта кітапханаға баруға мүмкіндік бермейді. Осыған орай,  кітапхана өз аясынан шығып, оқырмандарын жаңа жолмен кеңейтуде.

Заманауи әлемде оқу форматы өзінің пішіні мен орнын өзгертеді. Адамдардың мобильділігі, өмір сүру қарқыны бос уақытта кітапханаға баруға мүмкіндік бермейді. Осыған орай, кітапхана өз аясынан шығып, оқырмандарын жаңа жолмен кеңейтуде.

«Кітап оқу қуанышы» кітапхана жобасы аясында Абай атындағы кітапхана 26 сәуірде «НеКафе» мекемесінде оқу алаңын ашты. «Кітап оқу қуанышы» жобасының мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарын бейресми, жағымды атмосферда кітап оқуға тарту. Жобаның ұраны «Үзіліс жаса – кітап оқы».

«НеКафе» мекемесіне келушілер тек қарым-қатынас жасап немесе бір шыныаяқ ыстық шәй ішіп қана қоймай, ұнаған кітабын немесе журналды оқи алады. Бұл әлемнің көптеген ірі қалаларында қолданылатын оқуға тартудың заманауи креативті форматы.

Кітап сөрелеріне әлемдік классиктердің, қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік авторлардың әдебиеті, балалар кітаптары және журналдар қойылды. Мекемеде қойылған басылымдарды мекеме қонақтары еркін түрде және тегін оқи алады.

Оқу алаңының ашылу салтанаты «НеКафе» мекемесінің құрылтайшысы Марат Мухамедиевтің, «Flip.kz» интернет-дүкенінің өкілі, e-mail-жөнелту жөніндегі менеджер Евгения Цымбота мен жеткізушілермен жұмыс жөніндегі менеджер Луиза Яровенконың, жас автор Станислав Мезенцевтің және мекеме меймандарының қатысуымен өткізілді.


Всего просмотров: 1466

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2019
MoTuWeThFrSaSu
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz