04.05.2018 l Партизан даңқының соқпағымен

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында №45 гимназияның 4 «А» және «В» сыныбының оқушыларымен Жеңіс күніне және белгілі қазақ жазушысы, барлаушы, партизандар қозғалысының қатысушысы – «Партизан Васяның»- Қасым Қайсеновтің 100-жылдығына арналған «Партизан даңқының соқпағымен» естелік кеші өткізілді.

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында №45 гимназияның 4 «А» және «В» сыныбының оқушыларымен Жеңіс күніне және белгілі қазақ жазушысы, барлаушы, партизандар қозғалысының қатысушысы – «Партизан Васяның»- Қасым Қайсеновтің 100-жылдығына арналған «Партизан даңқының соқпағымен» естелік кеші өткізілді.

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы қасіретті, ауыр және қантөгісті болды. Ол ерекше болды, барлық кеңес халқының өмірі мен өліміне бас тігілді, сондықтан соғысқа тек алғы шептегілер ғана емес, барлығы қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі лейтмотиві - бұл «Ешкім де ұмытылмайды. Ешнәрсе ұмытылмайды» ұраны, бұл біздің қаламыздың, еліміздің өскелең ұрпағының өмірлік дәстүріне айналуға тиісті тамаша салт-дәстүр.

Бүгінгі бейбіт күніміз үшін кімнің алдында қарыздар екенімізді ұмытпау, оларға ұқсауға ұмтылу – біздің міндетіміз.

Осындай адамдардың бірі - өзінің жауынгер жолдастары туралы, соғыс кезінде балалардың жауды жеңуге қосқан үлесі туралы әңгімелеп бере алған ғажайып тағдырдың адамы, Чапаев атындағы партизан отрядының командирі, әскери барлаушы, отставкадағы подполковник Қасым Қайсенов.

Өткізілген іс-шараға қатысқандар Қ.Қайсеновтің өмірбаянымен танысты, 2002 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы түсірген «Партизан Қасым Қайсенов немесе жай ғана Вася» деректі фильмді көрді.

Балалар «Жау тылындағы бала» кітабынан үзінді оқыған кезде жас партизандар Миша Гаман мен Серік Мергенбаевтің ерліктері және тағдыры туралы білді, Қ.Қайсенов олармен Отан соғысының даңқты батыры С.Ковпакпен қосылу үшін арнайы тапсырманы орындау барысында танысқан.

Он жастағы партизандар туралы әңгіме – бұл жалпы «балалық шағын соғыс өрті шарпыған» балалар ұрпағының тағдыры туралы әңгіме.

Іс-шара соңында Қ.Қайсеновтің шығармаларына шолу жасалды, олардың көпшілігі орыс, украин және тағы басқа тілдерге аударылған. Оларда Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдері, қарапайым сарбаздар мен партизандардың қайсар ерліктері шынайы суреттеледі.


Всего просмотров: 821
Шпатлевка стен под обои. Быстрая шпатлевка стен своими руками. Стоимость шпатлевки стен. Штукатурка стен цена. Быстрая штукатурка стен своими руками. Отделка стен штукатуркой. Декоративная отделка стен. Качественная отделка стен декоративным камнем. Отделка стен своими руками. Мини токарный станок своими руками. Как сделать токарный станок своими руками. Настольный токарный станок своими руками. Облицовка дома кирпичом. Качественная облицовка дома кирпичом фото. Наружная облицовка дома. Как начать бизнес с нуля. Быстро начать бизнес без вложений. Начать бизнес с нуля идеи. Канализация в частный дом. Хочу сделать канализация своими руками. Водоснабжение и канализация дома. Строительство фундаментов цены. Быстрая строительство фундамента своими руками. Технология строительства фундамента.

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2018
MoTuWeThFrSaSu
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz