01.06.2018 | Балаларды қорғаудың халықаралық күні

Бұл күні Балаларды қорғаудың халықаралық күніне және Астананың 20-жылдығына арналған «Кітап қазыналарын іздестіру» вiblio-questа бағдарламасына кітапхана оқырмандары, қала мектептерінің - №97 гимназияның, №17, 48, 51 ЖОББМ және ТҚАБ балаларға арналған мектеп-интернаттың – ооқушылары қатысты.

Балаларды кітапхана алдындағы алаңда ертегі кейіпкерлері: Мысық Матроскин, әтеш Петя, Простоквашинодан Ит және қошақан Долли қарсы алды.
Балалар мен ересектер «Білімділер мен білгіштер алқабы», «Оқымыстылар архипелагы», «Басылымдар алаңы», «Ашып көр де, тауып көр» станцияларына саяхат жасап, biblio-questе-ке белсене қатысты.

Қатысқандар шарадаларды шешті, сұрақтарға жауап берді, пайдалы, қажетті және маңызды ақпаратты іздестірді.

Кітапхана алдындағы көшеде бүлдіршіндерге арналған «Балалар шығармашылығының аймағы» ұйымдастырылды, онда балалар асфальтта бормен және түрлі түсті текшелерде қарындаштармен сурет салуға мүмкіндік алды. Балалардың түрлі – түсті алақандарын «Әлемдегі балалар дос болады» плакаты көркемдеді. Кішкентай суретшілер кітапхананың тәтті сыйын алды.

Әркімнің Библиодәмханада біраз дем алуға мүмкіндігі болды, онда әдеби блиц-сұраққа жауап бергеннен кейін тәтті жүлде ұсынылды.

Қаланың «Импульс» (жетекшісі Д.Исламгазиева) және «Вдохновение» (жетекшісі М.Перегудова) би ұжымдары өткізілген іс-шараның қонақтары мен қатысушыларын музыкалық сыйлықтарымен қуантты.

«Вдохновение» би тобы «Рок - ролл» және «Давай прогуляем школу» би нөмірлерін орындап, ал «Импульс» хореграфиялық ұжымының әншілері Р.Исламгазиева мен К.Жетписбаева «Я бы хотела нарисовать мечту» (мәтінінің авторы Д.Гарипова) және «Наш любимый кот» (авторы А.Петряшева) әндерін шырқап, қатысушыларды Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Кітап қазыналарын іздестіру» вiblio-questа бағдарламасына 350-ге жуық бала мен ересектер қатысты.

Іс-шара жағымды көңіл-күйде өтті. Ешкім назардан тыс қалмады. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтары мен әуе шарларын алды.


Всего просмотров: 310
Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

55

 alma  

qwerty

 

kazakshaaaa

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Маусым 2018
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz