08.06.2018 I Астана қаласындағы балалар жазушыларының халықаралық форумы

7-8 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы  Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа» атты балалар жазушыларының халықаралық форумы өткізілді.

Балалар оқуы, балалар кітаптарын шығару, авторлық құқық және т.б. мәселелер бойынша 200-ден астам адам дебаттық сайыстарға белсене қатысты.

Форумға балалар жазушылары, Қазақстан мен алыс және жақын шет елдердің шығармашылық зияткерлерінің өкілдері, балалар оқуы мен балалар әдебиетін зерттейтін ғалымдар, Ресей мен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының басшылары мен мамандары, журналистер, мәдени және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Қарағанды облысынан форумға Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының өкілдері: кітапхана басшысы Б.Уатаева, әдіскер М.Подгайнова, бөлім басшысы Қ.Қалиева, жас кітапханашылар И.Черникова, Ж.Ыбрайм қатысты.

«Заманауи  балалар әдебиеті: автор, аудармашы, оқырман» секциясында Б.Уатаева «Балалар кітапханасы және елдің интеллектуалды болашағы:кейбір мәселелері мен шешу жолдары» баяндамасымен сөз сөйледі.

Мәженова Райхан, Қошым-Ноғай Байбота, Қалқа Нұрлан, Төреханова Зәуре, Әлімжанов Баянғали, Жанайдаров Орынбай, Шаймерденова Нұрсұлу, Әбдірайым Толымбек сияқты Қазақстан жазушылары және басқалары «Жазушы, баспа, кітапхана: өзара іс-қыймыл мен ынтымақтастық басымдылықтары» секциясында проблемалық мәселелерді көтерді.

Ақын, драматург Б.Әлімжановпен, «Дарабоз» халықаралық сыйлықтың лауреаты Д.Джумагельдиновамен, ресей жазушысы И.Краевамен, «Оранжевый верблюд» балалар сайтының авторы Л.Бондаревпен, Белорус балалар жазушысы Е.Стельмахпен, Вена университетінің лекторы Э.Хавранекпен шығармашылық кездесулер өткізілді. Ұлыбританиядан келген маман Джил Браун «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» шеберлік сағат өткізді.

Форум соңында қатысушыларға сертификаттар берілді, орта және жоғары сынып жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қ.Қалиеваға ҚР ҰКА-ның «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісі табыс етілді.

Жеке пікірі

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 7-8 маусым күндері ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына «Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа» атты Халықаралық балалар жазушыларының форумы өтті.

Форумын балаларды кітап оқуға ынталандыру, қазақ және әлем әдебиетінің классиктері мен қазіргі заман жазушыларын көпшілікке таныту, отбасылық оқуды насихаттауға бағытталған ұлттық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу мәселесі талқыланды. Шарада әр елден және өз еліміздің балалар жазушылары С.Бақытбек, Н.Ақыш, О.Бондаренко, Э. Хварнек, Джил Браун қатысты.

Мен осы форумға қатысқаныма қуаныштымын, және де осындай форумдар жиі өткізіліп тұрса екен. Форум жабылуы салтанатты түрде өз мәресіне жетті. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері қала бойынша және ұлттық музей, этноауылға экскурсия жүргізді.

Ыбрайм Жайна,

Орта және жоғарғы сынып оқушыларына

қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы

 


Всего просмотров: 292
Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

55

 alma  

qwerty

 

kazakshaaaa

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Маусым 2018
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz