Смаилов Төлеуғазы Хасенұлы
(1932 ж.)

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері, профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Смаилов Төлеуғазы Қарқаралы ауданының Кеңес кеңшарында дүниеге келген, бірақ Ақтоғай ауданын өзінің кіші отаным деп санайды.

Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін (1959 ж.) «Қарағандыкөмір» комбинатының №31 шахтасында учаске бастығы және ауысым бастығы болып 13 жылдан астам уақыт еңбек етті. Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп жүргенінде, шахта оны аспирантураға жолдады.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ маркетинг кафедрасында 40 жылдан астам уақыт еңбек етуде. Жас оқытушылардың жетекшісі, магистранттардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

Смаилов Төлеуғазы - «Инвестициялық саясат - Қазақстан Республикасындағы дағдарысты еңсеру жолы», «Қазақстанның қара және түсті металлургиядағы маркетингтік стратегиясы», «Қарағанды облысының әкімдігі тарапынан экономикалық дағдарыстан шығу жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігі » жарияланымдарының авторы.

2017 жылы «Тегіңді таны. Знай свои корни» кітабы жарыққа шықты. Бұл кітабының беттерінде Т.Смайылов дала ақсүйегінің тегін, дінді және өнерді, ғылым мен саясатты абстрактты ұғымдар мен таза санаттар түрінде емес, өмірге қатысты өткір және драмалық қақтығыстар арқылы сын тұрғысында ұсынады. Кітап туған өлкеге деген сүйіспеншілікке және оның тарихына деген шексіз қызығушылыққа толы.

Автордың 100 астам ғылыми-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 5 оқулық құралы, 2 өнертабыстық патенті бар.
«Ыбрай Алтынсарин» (2006 ж.) төсбелгісімен, «Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ге 40 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


Всего просмотров: 28832

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz