Сейдахмет Ернұр 
     (13.11.1984 ж.)

Сейдахмет Ернұр, балалар жазушысы, шығармашылық байқаулардың лауреаты, 1984 жылғы 13 қарашада Жезқазған қаласында туған. 2002 жылы №13 орта мектепті бітіріп О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде инженер-механик мамандығын алды.

Ернұр жергілікті мыс қорыту зауытында жабдықтарды жөндеу шебері болып істейді, ал қолы бос уақытта ана тілінде балаларға арналған өлеңдер жазады.

Ернұр өлеңдерінің кейіпкерлері – кішкентай ұлдар мен қыздар. Олар әртүрлі: еңбекқор және жалқау, ақылды және оқымағандар. Автор өз шығармаларында кейіпкерлерге мінездеме беуге тырысады.

Ернұр балалық шағынан әдебиетті жақсы көрді. Мектеп жылдарында көп оқыды. Ал оныншы сыныпта өлең жаза бастады. Бұл алғашқы махббат, табиғат, ана туралы шығармалар болды. Бірде балаларға арналған өлең жазып көріп, бұл өзінікі екенін түсінді.

2007 жылы Ернұр Сейдахметов республикалық газеттердің бірінен балалар авторларының байқауы туралы хабарландыруды көрді. Оған өзінің бірнеше жұмысын жолдап, өзі күтпеген жерден қарымды қаламгер бауырларын ығыстырып, үшінші жүлделі орынға ие болды.

2010 жылы Ернұр «Қашан үлкен боламын?» («Когда я стану взрослым?») атты алғашқы кітабын, кейін «Қарлығаш» балалар әндерінің жинағын, «Тентек доп» (2012), «Күлші қане, балақай!» (2014) балалар өлеңдерінің жинағын жарыққа шығарды. Облыстың балалар кітапханаларының қорында оның кітаптары бар, сонымен қатар автор www.adebiportal.kz және http://www.tattialma.kz сайттарында өзінің шығармаларын орналастырады.

Сейдахмет Ернұр - «Қазақмыс» корпорациясы мен Қазақстан жазушылар одағы ұйымдастырған «Балауса» балалар жазушыларының, және «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауының жүлдегері.


Всего просмотров: 31154

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz