АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

c2e1f95fbf21749a5d91391ace5a62b5 1

Кітапхана кезекті мерейтойы - 65 жылдығын атап өтті.

4-5 қазанда «Балалар оқуы – елдің зияткерлік әлеуеті: проблемалары мен шешу жолдары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Оған 170-тен астам адам қатысты: Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының және Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының, біздің өңірдің ауылдық және мектеп кітапханаларының басшылары мен мамандары, балалар жазушылары Толымбек Әбдірайым, Дария Джумагельдинова, Ернұр Сейдахмет, Татьяна Дубовская, Елена Пономаренко, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, кітапхана серіктестері, БАҚ өкілдері және оқырмандар қатысты. Сонымен қатар, конференцияға кітапхана арадагерлері де қатысты, оның ішінде Абай атындағы кітапханаға 40 жылдан астам уақыт басшылық жасаған К.Абдрахманова болды.

Конференцияда балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толымбек Әбдірайым; балалар жазушысы, «Дарабоз - 2015» әдеби сыйлығының І дәрежелі дипломанты Дария Джумагельдинова; жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бахытқали Мұсабеков; «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базарбайқызы Оспанова; «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің мәдениет жөніндегі және «Театр.kz» республикалық журналының штаттан тыс тілшісі Наталья Инжевская; «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ ҚОФ өкілдері құттықтау сөздерін сөйледі.

«Балалар кітапханасы және еліміздің зияткерлік болашағы: кейбір проблемалары мен шешу жолдары» (Уатаева Баян Қуанышқызы, Абай атындғы ОБК директоры); «балаларды оқуға тарту проблемалары» (Рүстемова Жанар Айдарбекқызы, ҚарМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты); «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы балалар кітапханалары қызметінің аспектілері» Шахатова Кулизат Қайролқызы, Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан ОБЖК) баяндамалары тыңдалды.

Конференцияға қатысқандар конференция тақырыбының өте маңызды екенін атап өтті, өйткені қазіргі заманғы әлемде жас ұрпақты оқуға тарту қиынға соғады.

Түстен кейін конференция қатысушыларына жаңартылған мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің таныстырылымы ұсынылды. Бөлімнің кеңістігі әрбір адам, тіпті ең кішкентай қонаққа өзіне орын тауып, кітап әлеміне енуіне мүмкіндік беретіндей ойластырылған. Жиһазға, оның функционалдық және түрлі-түсті нышанына ерекше көңіл бөлінген. Балаларға арналған аласа стеллаждар және жылжымалы кітап жәшіктері де қарастырылған. Ашық жарқын түстердегі интерьердің функционалдық және көркем элементтері де көзделген.

«Балаларға арнап және балалар туралы жазамыз» секциясының жұмысы - бұл жас оқырмандардың жазушылармен кездесуі. Екі диалог алаңында жазушылар Толымбек Әбдірайым, Дарья Джумагелдинова, Ернұр Сейдахмет, Татьяна Дубовская, Елена Пономаренко, Марат Азбанбаев, Бақытқали Мұсабековтармен тартымды әңгімелесулер өткізілді.

Толымбек Әбдірайымның «Ине мен жіп» кітабы бойынша қойылым көрсетілді, балалар балалар ақыны Ернұр Сейдахметтің «Тентек доп», «Сүйемін әжемді», «Есеннің жауабы», «Атамның батасы» өлеңдерін оқыды. Көрермендер үшін «Балалар бағының бағбандары» кітап көрмесінің шолуы көрме алдында жасалды. Балалар авторлардың өлеңдері мен ертегілерін оқыды, жазушылар олармен өз шығармаларын жазу құпияларымен бөлісті.

Конференцияның бірінші күні балалар оқуы, балалар кітаптары, авторлық құқық және балалар әдебиетін басып шығару туралы ең маңызды сұрақтар аясындағы дөңгелек үстелмен аяқталды.

5 қазанда «Балалар оқуы: заманауи технологиялар, оқу стратегиясы» және «Балалар кітапханаларының бағдарламалық-жобалық қызметі» тақырыбындағы секцияның жұмыстары өткізілді, онда республиканың және облыстың мамандары кітапханалардағы инновациялар туралы, кітапханалық қызметтің жаңа мүмкіндіктері мен бағыттары туралы баяндамаларын оқыды.

Секция жұмысынан кейін облыстық «Кітап. Жаңа формат» буктрейлерлер және «Туған өлкем, өзіңмен мақтанамын!» эссе байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді. Аталған байқаулар 2018 жылдың басында облыстың кітапханашылары мен оқырман-балалар арасында бастау алған.

Қазылар алқасының құрамында Уатаева Баян Қуанышқызы, кітапхана директоры; Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Рүстемова; «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің мәдениет жөніндегі және «Театр.kz» республикалық журналының штаттан тыс тілшісі Наталья Инжевская; «Petrovfilm» продакшн студиясының жетекшісі Антон Петров болды.

«Туған өлкем, өзіңмен мақтанамын!» эссе байқауына Қарағанды облысы оқырмандарының 39 жұмысы түсті. Келесілер жеңімпаз атанды:

І орын – Якушева Юля, Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кенті;

IІ орын – Зейнел Зере, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов кенті;

ІІІ орын – Серік Әсет, Сәтбаев қаласы.

Буктрейлерлер байқауына 20 шығармашылық жұмыс қатысты.

Буктрейлерлер байқауының жеңімпаздарына естелік сыйлықтарды «Petrovfilm» студиясының жобалар жөніндегі менеджері Курбатов Анатолий табыс етті.

«Книга, от которой невозможно оторваться» номинациясының жепңімпаздары:

І орын - Аяпова Аружан, 8 жаста, Сәтбаев қаласы;

ІІ орын - Яньшина Аксения, 13 жаста, Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кенті;

ІІІ орын - Якименко Людмила, 13 жаста, Осакаров ауданы Приишимское ауылы.

Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінен қатысқан 15 жастағы Төкенов Нұрлыбектің жұмысын жеке атап өтті.

Кітапханашылар арасында жарияланған «Казахстанская книга – юбиляр 2018 года» номинациясы бойынша жеңімпаз атанғандар:

І орын - Какимова Бахытгүл, Қарқаралы ОКЖ Аппаз ауылы кітапханасының кітапханашысы;

ІІ орын - Шегебаева Әлия, Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы;

ІІІ орын - Нуршаева Айнұр, Шет ОКЖ аудандық модельді балалар кітапханасының библиографы.

«Көрермендер көзайымы» (611 дауыс) сыйлығы Бикен Төреханға табыс етілді, Қаражал қаласы, 13 жаста.

Конференция қатысушылары білім беру процесіне және өскелең ұрпақтың күнделікті өміріне ақпараттық технологиялардың енгеніне қарамастан, кітап баланың рухани-адамгершілік тәрбиесінде іргелі рөл атқаратынын атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік және интернет-технологияларды, жобалық-бағдарламалық қызметтің тәсілдерін белсенді қолдану, кәсіби білімді үнемі жаңарту өскелең ұрпақтың оқуын қолдау саласында тиімді жұмыс жасауға ықпал етеді және балалар кітапханаларының жағымды имиджін қалыптастырады.

Қатысушылар конференция тақырыбындағы проблемалардың өзектілігін атап өтті, әріптестердің тәжірибесін бағалады және ұсыныстар мен ұсынымдар жасады.


Всего просмотров: 36962

ЖАҢАЛЫҚТАР

17.09.2019 I Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі. Байқау қорытындысы

Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы орай біздің кітапхана Қарағанды облысының оқушылары арасында «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқау жариялаған болатын.

Толығырақ ...

08.09.2019 I Отбасы күні

Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылғы наурызда бекітілген отбасы күнін мерекелеу аясында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Толығырақ ...

05.09.2019 I День открытых дверей

5 сентября в библиотеке состоялся День открытых дверей, посвященный Дню языков народа Казахстана. Библиотека пригласила на познавательную программу детей специализированной школы-лицея-интерната информационных технологий, СОШ №13, 22, 25, 33, 60; СОШ №35 им.Ю.Н.Павлова, СОШЛ №53, более 100 человек.

Толығырақ ...

04.09.2019 I Ұстаз мәртебесі- ұлт мұраты

Мұғалімдер әулеті - бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық табысының кілті кәсібіне деген адалдық, мамандыққа, балаларға деген сүйіспеншілік және осы сүйіспеншілікті мұра ету мүмкіндігі болып табылады.

Толығырақ ...

27.08.2019 I Көрме-сауалнама

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы (10-15 жас) балаларға қызмет көрсету бөлімінің абонементінде кітапханада «Книга и молодежь: встречное движение» атты көрме-сауалнама ұйымдастырылды.

Толығырақ ...

21.08.2019 I Конституция күні

Кітапханамызда 21 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» шипажайында емалушы балалар қатысты.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Кеншілер еңбегін даңықтаймыз

Мерейлі мереке-кеншілер күніне арналып кітапханада «Кеншілер еңбегін даңықтаймыз» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «XX ғасырдың 30-шы жылдардағы кенші», «Кеншінің көмір арбасы», «Көмір бассейінің бас геологы А.А.Гапеев», «Аппақ Байжановтың ескерткішінің суреті» кеншілер өмірінен сыр шертетін кітаптар және т.б. фотосуреттер қойылды.

Толығырақ ...

13.08.2019 I Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет

«MIX» жазғы лагерьдің балалары 13 тамызда Семей полигонындағы алғашқы сынақтың 70 - жылдығына арналған «Дабыл қоңыраулары: полигон жаңғырығы» экологиялық диалогына қатысты.

Толығырақ ...

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz