АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

krujokkaz

«Жетістік  формуласы» бенефис шоуы. Сергей   Анмен  кездесу

 

Жетістік формуласы» бенефис шоуы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикалық тізіліміне енгізілген «Жетістік формуласы» жобасының аясында НОМАД ММА аралас жекпе-жек өнерінің ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Валентинович Анмен кездесу өтті.

 

№10, 27 ЖОББМ, №95 гимназияның балалары және Қарағанды «Болашақ» колледжінің балалары Қонақпен танысып, сөйлесуге мүмкіндік алды.

 

Балалармен диалог қызықты әрі мазмұнды болды, бенефис-шоуға қатысқандар: «Сіз үшін бақыт дегеніміз не?», «Сіздің өкінішіңіз бар ма, өз өміріңізде нені өзгерткіңіз келеді?», «Сіздің жетістікке жетуіңіздің сыры неде?, «Сіздің спорттағы алғашқы марапатыңыз қандай болды?», «Сіз дінге қалай қарайсыз?» және т.б. сұрақтар қойды.

 

Сергей Валентинович әңгімелесу барысында өзінің балалық және жасөспірім шағы туралы, Қонақ отбасын және өзінің жаттықтырушылық қызметі өз өмірінде маңызды орын алатыны туралы айтты. Балалар Қонақтың поэзия жазатын, гитарада ойнайтын, сурет салуға әуестенген, жарыстар өткізу әдістеріне арналған кітаптар шығаратын, қытайдың халықтың медицинасын зерделейтін жан-жақты тұлға екенін білді.

 

2008 жылдан бастап NOMAD MMA жекпе-жек күресінің ұлттық түрінің Дүниежүзілік федерациясысының вице-президенті болып табылады. 2010 жылдан - ҚР Республикалық одағы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.

 

Сергей Валентинович Ан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Жауынгерлік өнерінің шебері», «Еңбек сіңірген тәлімгер», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» төсбелгілерінің иегері, 30 жыл жаттықтырушылық қызметпен айналысады, оның өмірлік ұстанымы: «Ешқашанда берілме!».

 

Қонақ балаларға 15 жыл бойы бүгінгі күні әлемнің 15 елінде танылған аралас жекпе-жек өнерінен өз стилін дамытқанын әңгімелеп берді.

 

«Nomad MMA» әдісі - қазақ жауынгерлерінің ежелгі дәстүрлерін және заманауи әлемнің бейнесін біріктірген спортшыны жан-жақты дамытудың әдісі, бұл рухы және дене күші мықты жауынгерлерді, өз елінің шынайы патриоттарын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін әдіс.

 

Қонақ «Қандай кітаптар Сіздің есіңізде қалды?» - деген сұраққа, балаларға Ж.Верннің шытырман оқиғалар романдарын оқуды ұсынды және Сергей Есениннің шығармасын атап өтті.

 

Кездесу барысында Қонақ қойылған 41 сұрақтың барлығына жауап берді.

 

Мадина Закирова мен Данил Леваштанов қойған сұрақтар Сергей Валентинович үшін ең ең үздік сұрақ болып табылды, оларға естелікке өзінің «NOMAD MMA Дүниежүзілік федерациясының ережелері» кітабын табыс етті.

 

"Жұлдызға теңескенше оқы" кітап көрмесінде балаларға танысу үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал "Балалық шағымның кітаптары" тақырыптық сөресінде Сергей Валентинович Ан әуестене оқыған кітаптар ұсынылды

 

Кездесу соңында Қонақ "Құрметті қонақтар кітабында", балалар "Оқырмандар пікірінің кітабында" бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.

 

 

 


Всего просмотров: 18097

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2019 I Кітапханада қонақта

19 қараша күні Саран қаласының №5 облыстық ДМШ мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Бірінші рет балалар «кітап үйінің» залдары мен бөлімдерімен танысты.

Толығырақ ...

15.11.2019 I Занимательные опыты

15 ноября в рамках библиотечной лаборатории «Веселая наука» были проведены опыты для учеников из школы - лицея №101. Вниманию детей была представлена презентация о пламени и его свойствах. Как можно сделать цветное пламя, с помощью каких химических веществ - все это увидели ребята на практическом занятии.

Толығырақ ...

06.11.2019 I «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы»

Кітапханада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Толығырақ ...

31.10.2019 I Өрт қауіпсіздігі

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Толығырақ ...

30.10.2019 I Кітапханада демалыс

Күзгі демалыс-балалар үшін бұл оқу жылындағы кішкене демалу. Оқушылар демалысқа шыққанда қалай демалсақ екен,демалысымызды қалайша қызықты өткізсек екен деген ойда болады. 

Толығырақ ...

30.10.2019 I Менің өмірімдегі кітаптың рөлі

Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар сырлас досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Толығырақ ...

28.10.2019 I Киіз үй

Қазан айының 28 күні кітапхана қызметкерлері «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингі №85 ЖББОМ-тің базасында төменгі сынып оқушыларына арнап өткізіді.

Толығырақ ...

24.10.2019 I «Үш бәйтерек» әдеби кеш

Қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғандарына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өткізілді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Толығырақ ...

23.10.2019 I «Мен үйренемін...»

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып бөлімінің кітапханашысы Н.Алжанова №45 гимназияның 2-3 сынып оқушыларына барып «Мен үйренемін...» атты ойын сабағын өткізді.

Толығырақ ...

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz