АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

krujokkaz

«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Ерлан Әшіммен сұхбат.

 

«Бизнесте қалай табысқа жетуге болады?»- деген сұрақ кәсібін жаңа бастаған барлық кәсіпкерлерді мазалайды. Бұған таң қалуға болмайды. Бизнес өз ісіңде үздік болып, биік шыңдарға жету үшін құрылған.

 

Кітапхана оқырмандарына «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоуы жобасының кейіпкері қарағандылық бизнесмен, «Нәтиже» компаниясының құрылтайшысы Ерлан Әшім «Табыс дегеніміз не және оған қалай жетуге болады?» -деген сұрақтың жауабын беруге тырысты.

 

10 қарашада №1 гимназияның, дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп-интернатының балалары және Қарағанды коммерциялық колледждің студенттері Ерлан Мұқатайұлына сүт зауытын құру арманын қалай жүзеге асырғаны, неге бизнесмен болғаны және табысты кәсіпкерліктің жолы қандай екені туралы сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

 

Бенефис-шоудың қатысушылары қызу әңгіме барысында кәсіпкердің жеке өмірінен көп нәрсе білді. Ерлан Әшім 90 жылдары жұмыссыз қалып, бір нәрсемен айналысуы қажет болды, ол сауданы таңдады. Алғашында ұсақ тауарларды сатты, кейінірек нан пісірді, уақыт келе сүт өнімдерімен айналысуды шешті.

 

Бүгінде Ерлан Әшім - «Нәтиже» компаниясының құрылтайшысы, «Milkhouse» сүт өнімдері дәмхана-дүкенінің иесі. «Нәтиже» сауда – саттық желісі 12 сүт дүкенінен тұрады. Өңірдің барлық ірі сауда желілерін қамту туралы шарттар жасалған. Орталық Қазақстанның кезкелген өңірінен қарағандылық сүт фабрикасының өнімін табуға болады.

 

Бала кезінен өнегелі, адал адам болуды армандаған Ерлан Мұқатайұлының «Алдыңа мақсат қойып, жетістікке жет, уақытты босқа өткізбе, әрқашанда бірнәрсені үйренуге тырыс» өмірлік ұстанымы болды.

 

Ерлан Әшім бала кезінде оқыған Б.Момышұлының «Я помню их», Н.Чуковскийдің «Балтийское небо», З.Акишевтің «Жаяу Мұса» кітаптары туралы балаларға тартымды әңгімелеп берді. Кітапханашылар сол кездердегі және сол басылымдардағы бұл кітаптарды қордан тауып, таныстыру үшін «Менің балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде балаларға ұсынды. Бенефис-шоу кейіпкері бұл кітаптарды 35 жыл өткен соң көріп, қатты қуанды.

 

Ерлан Мұқатайұлының өмірлік дүниетанымына әсер еткен кітаптар да болды, бұлар Александр Бектің повесі «Волоколамское шоссе», Шыңғыс Айтматовтың алғашқы романы «И дольше века длится день».

 

Ерлан Әшім «Бизнес үшін нені құрбан етер едіңіз?» - деген сұраққа, «Мен өзімнің үлкен балаларымның балалық шағын көрген жоқпын. Мен жұмысқа кеткенде, олар ұйықтап жататын, мен жұмыстан келгенде, тағы да ұйықтап жататын» - деп жауап берді.

 

Бенефис-шоудың қонағы дербес жетістік формуласы туралы сұраққа: «Егер сен өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана, сен табысқа жете аласың»- деп жауап берді.

 

Диалог өте мазмұнды және қызықты болды. Балалар 27 сұрақ қойып, барлығына жауап алды.

 

Ерлан Әшім балалармен кездесуін «Мұндай кездесулерде мен біреулерге пайда әкелемін деп сезінемін. Бұл мені шабыттандырады» - деп қорытындылап, топтың әр қатысушысына «Milkhouse» дәмханасының таңғы асына шақыру билеттерін сыйлады.

 

 

 

42

 


Всего просмотров: 18143

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2019 I Кітапханада қонақта

19 қараша күні Саран қаласының №5 облыстық ДМШ мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Бірінші рет балалар «кітап үйінің» залдары мен бөлімдерімен танысты.

Толығырақ ...

15.11.2019 I Занимательные опыты

15 ноября в рамках библиотечной лаборатории «Веселая наука» были проведены опыты для учеников из школы - лицея №101. Вниманию детей была представлена презентация о пламени и его свойствах. Как можно сделать цветное пламя, с помощью каких химических веществ - все это увидели ребята на практическом занятии.

Толығырақ ...

06.11.2019 I «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы»

Кітапханада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Толығырақ ...

31.10.2019 I Өрт қауіпсіздігі

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Толығырақ ...

30.10.2019 I Кітапханада демалыс

Күзгі демалыс-балалар үшін бұл оқу жылындағы кішкене демалу. Оқушылар демалысқа шыққанда қалай демалсақ екен,демалысымызды қалайша қызықты өткізсек екен деген ойда болады. 

Толығырақ ...

30.10.2019 I Менің өмірімдегі кітаптың рөлі

Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар сырлас досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Толығырақ ...

28.10.2019 I Киіз үй

Қазан айының 28 күні кітапхана қызметкерлері «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингі №85 ЖББОМ-тің базасында төменгі сынып оқушыларына арнап өткізіді.

Толығырақ ...

24.10.2019 I «Үш бәйтерек» әдеби кеш

Қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғандарына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өткізілді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Толығырақ ...

23.10.2019 I «Мен үйренемін...»

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып бөлімінің кітапханашысы Н.Алжанова №45 гимназияның 2-3 сынып оқушыларына барып «Мен үйренемін...» атты ойын сабағын өткізді.

Толығырақ ...

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz