АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

c2e1f95fbf21749a5d91391ace5a62b5 1

«Табысқа жету формуласы» бенефис-шоуы Қадиша Базарбайқызы Оспановамен кездесу.

«Табысқа жету формуласы» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базарбайқызы Оспанова мен гуманитарлық колледж студенттерінің, №101 лицей және М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушыларының арасында кезекті диалог өткізілді.

Қадиша Базарбайқызы іс-шараға қатысушыларға өзінің өмірі, саяси мансабы туралы әсерлене баяндап берді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бұрынғы педагогы ассистенттен үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректорға дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2012 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Қонақ бала кезінде оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Қадиша Базарбайқызы жеткіншек шағында тарихи және шытырман жанрындағы шығармаларды қызыға оқыған. Ол Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» романын, Шыңғысхан туралы романдарды әуестене оқыған, әртүрлі халықтардың ертегілерін өте жақсы көрген, Мұхтар Әуезовтің кітаптарын сүйіп оқыған. Жоғары сыныптарда және студенттік жылдары Ш.Бронтенің кітабы «Джейн Эйр» оған өте ұнаған, ал М.Митчелдің «Унесенные ветром» романының кейіпкері Скарлетт О Хара жас қыздың өмірінде ерекше әсер қалдырған.

Кездесу барысында «Депутат болу оңай ма? Қалай депутат болуға болады?», «Сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?», «Қаланың Октябрь ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы ауданға өзгертіле ме?», «Жалқаулықты қалай жоюға болады?», «Адамдар Сіздің көмегіңізге жиі жүгіне ме?», «Сіз қандай кітаптың кейіпкеріне ұқсағыңыз келді?», «Сіз неліктен дәрігер мамандығын таңдадыңыз?» және т.б. сұрақтар балаларды аса қызықтырды. Әңгіме барысында балалар Қадиша Базарбайқызының бассейнге баруды ұнататыны, йогамен айналысатыны, адамдардың өмірі мен проблемалары туралы біліп, олармен көп кездесетіні жайында білді.
Қонақтың пікірінше, балалар тәрбиесі туралы сұрақ ең жақсы сұрақ болды. Қадиша Базарбайқызы өзінің балалық шағын, ата-анасын есіне алып, ата-ананың үлгісі және ата-ана мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас тәрбиедегі ең басты нәрсе - деп атап өтті.

«Менің сүйіктіме, жақындарыма, мамандығыма деген махаббатым ұшан-теңіз. Ал өз мақсаттарына ұмтылған және арманы бар мықты адамдардың үлгісі табысты болуға көмектеседі. Кезкелген жұмысты соңына дейін жеткізіп, оны қызықты қылып көрсету - табыстылық принциптерінің бірі. Біздің елімізде, менің туыстарым мен жақындарыма қатысты болатын барлық процестерге белсене қатысу» - деп әңгімесін қорытындылады Қадиша Базарбайқызы.

Аудиторияның ең жақсы сұрағы үшін М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның 9 «ә» оқушысы Дильназ Құспекова бенефис-шоудың басты кейіпкердің қолынан «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын сыйлыққа алды.

Балаларға «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде заманауи балалар кітаптары танысу үшін, ал «Балалық шағымның кітабы» тақырыптық сөресінде

Қадиша Базарбайқызы Оспанованың әсерлене оқыған кітаптары ұсынылды.

Алаңда 21 сұрақ қойылды және олардың барлығына жауап берілді.

kadiwa


Всего просмотров: 11890

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2019 I «Алаштың ардақты Абылай ханы» атты кітап көрмесі

Біздің халқымыздың тарихи тұлғалары қазіргі оқырмандардың назарын аударады.

Толығырақ ...

17.09.2019 I Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі. Байқау қорытындысы

Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы орай біздің кітапхана Қарағанды облысының оқушылары арасында «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқау жариялаған болатын.

Толығырақ ...

08.09.2019 I Отбасы күні

Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылғы наурызда бекітілген отбасы күнін мерекелеу аясында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Толығырақ ...

05.09.2019 I День открытых дверей

5 сентября в библиотеке состоялся День открытых дверей, посвященный Дню языков народа Казахстана. Библиотека пригласила на познавательную программу детей специализированной школы-лицея-интерната информационных технологий, СОШ №13, 22, 25, 33, 60; СОШ №35 им.Ю.Н.Павлова, СОШЛ №53, более 100 человек.

Толығырақ ...

04.09.2019 I Ұстаз мәртебесі- ұлт мұраты

Мұғалімдер әулеті - бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық табысының кілті кәсібіне деген адалдық, мамандыққа, балаларға деген сүйіспеншілік және осы сүйіспеншілікті мұра ету мүмкіндігі болып табылады.

Толығырақ ...

27.08.2019 I Көрме-сауалнама

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы (10-15 жас) балаларға қызмет көрсету бөлімінің абонементінде кітапханада «Книга и молодежь: встречное движение» атты көрме-сауалнама ұйымдастырылды.

Толығырақ ...

21.08.2019 I Конституция күні

Кітапханамызда 21 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» шипажайында емалушы балалар қатысты.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Кеншілер еңбегін даңықтаймыз

Мерейлі мереке-кеншілер күніне арналып кітапханада «Кеншілер еңбегін даңықтаймыз» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «XX ғасырдың 30-шы жылдардағы кенші», «Кеншінің көмір арбасы», «Көмір бассейінің бас геологы А.А.Гапеев», «Аппақ Байжановтың ескерткішінің суреті» кеншілер өмірінен сыр шертетін кітаптар және т.б. фотосуреттер қойылды.

Толығырақ ...

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz