АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

krujokkaz

«Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасы. Дмитрий Карповпен диалог

Адамның, олимпиада чемпионының өмірі күнделікті қиындықтарды және өзін өзі жеңуінен тұрады. Танымал, табысты спортшы болу әркімнің қолынан келе бермейді, ал спорттық мансапта табысқа қол жеткізу оңай емес. Мұндай тұлғаның жетістікке жету формуласы қандай? Бұл туралы біздің оқырмандар қаладағы танымал және табысты адаммен кезекті кездесуде білді.

Қазақстандық жеңіл атлетші, 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Васильевич Карпов «Табысқа жету формуласы» жобасы аясындағы диалог алаңының кезекті қонағы болды.

№102 мектеп –гимназияның, №3 гимназияның, №63 ЖОМ 7-9 сынып оқушылары Қонақты мұқият және қызыға тыңдады. Балалар тарапынан әртүрлі тақырыптағы: балалық шағы, отбасы, спорттық мансабы, қызығушылықтары мен құмарлығы туралы әртүлі сұрақтар қойылды.

Мұндай кездесулерде кітапқа және оқуға деген көзқарасы алғашқы және негізгі сұрақ болып табылады. Біздің Қонағымыз оқығанды жақсы көреді, бірақ толыққанды оқуға уақыты жоқ. «Қандай кітаптар Сіздің дүниетанымыңызға әсер етті? – деген сұраққа Дмитрий «Азбуканы», Николай Носовтың «Приключения Незнайки в Солнечном городе» кітабын, Борис Акуниннің шығармаларын атады.

Дмитрий Карпов балалармен әңгімелесу барысында бірнеше рет «жеңіл атлетика» тақырыбына тоқталып өтті. Қонақ жеңіл атлетшілер отбасында ержеткен, ата-анасы ерте жасынан оны осы спорт түріне деген қызығушылыққа баулыған. Қазір Дмитрий Карпов 2 баланың әкесі, өз ата-анасының үлгісі бойынша балаларын дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілікте тәрбиелейді.

Қонақ бенефис-шоудың шарты бойынша ең қызықты немесе ерекше сұрақ үшін жоба қатысушысына өз атынан естелік сыйлық сыйлайды. Осы кездесуде «Сіз өз жұбайыңызды сүйесіз бе? –деген күтпеген сұрақ Қонаққа қатты әсер етіп, №102 мектеп-гимназияның оқушысы Ерасыл Серік сыйлық алды.

Балаларға танысу үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде, ал Дмитрий Карпов бала кезінен әсерлене оқыған кітаптары «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде ұсынылды.
Алаңда 35 сұрақ қойылып, барлық сұрақтарға жауап берілді 

Кездесу соңында Дмитрий Карпов «Құрметті Қонақта кітабында», ал балалар «Оқырмандар пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.

karpov


Всего просмотров: 15173

ЖАҢАЛЫҚТАР

06.11.2019 I «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы»

Кітапханада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Толығырақ ...

31.10.2019 I Өрт қауіпсіздігі

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Толығырақ ...

30.10.2019 I Кітапханада демалыс

Күзгі демалыс-балалар үшін бұл оқу жылындағы кішкене демалу. Оқушылар демалысқа шыққанда қалай демалсақ екен,демалысымызды қалайша қызықты өткізсек екен деген ойда болады. 

Толығырақ ...

30.10.2019 I Менің өмірімдегі кітаптың рөлі

Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар сырлас досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Толығырақ ...

28.10.2019 I Киіз үй

Қазан айының 28 күні кітапхана қызметкерлері «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингі №85 ЖББОМ-тің базасында төменгі сынып оқушыларына арнап өткізіді.

Толығырақ ...

24.10.2019 I «Үш бәйтерек» әдеби кеш

Қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғандарына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өткізілді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Толығырақ ...

23.10.2019 I «Мен үйренемін...»

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып бөлімінің кітапханашысы Н.Алжанова №45 гимназияның 2-3 сынып оқушыларына барып «Мен үйренемін...» атты ойын сабағын өткізді.

Толығырақ ...

18.10.2019 I «Жетістік формуласы». Али Мехтиевпен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 18 қазанда «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Толығырақ ...

18.10.2019 I Сырдың сыршыл перзенті

Қазан айының 18-ші жұлдызы күні «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына орай «Сырдың сыршыл перзенті» атты поэтикалық оқу сағаты өтті.

Толығырақ ...

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz