АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

kaz

Лилия Павловна Мухутдинованың қатысуымен «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу

№97, 93, 1, 95,45 мектеп-гимназияларының 6-8 сынып оқушылары 16 мамырда сағат 15.00-де Кеншілердің мәдениет сарайының Ғұрыптық залында «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасының аясындағы  диалог алаңында Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «НұрОтан» партиясының мүшесі Лилия Павловна Мухутдиновамен кездесті.

Сонымен қатар, Лилия Павловна Абай қаласының № 10 мектеп-гимназиясының директоры болып табылады. Тәжірибелі педагог және дана басшы мазмұнды да тартымды әңгімесімен балалардың отбасы, мансап, балалық шақ, мектеп формасы,  отбасылық дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді.  «Сіздің мектептің оқушыларына үш сөзбен сипаттама беріңізші» деген өтінішке Қонақ өз оқушыларын «ақылдылар, тентектер және спортшылар»  деп сипаттады.

Балалар Қонақтың орындауындағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қайғылы оқиғаларға арналған Андрей Дементьевтің «Хатынь қоңыраулары» өлеңін тыңдады.

Лилия Павловна «Қандай үш кітап Сіздің дүниетанымыңызға әсерін тигізді?» деген сұраққа балаларға Ким Костенконың «Бұл Краснодонда болды» деректі повесін, А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын, В.Кавериннің «Екі капитан» шытырманға толы романын оқуды ұсынды.

«ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде балалардың танысуы үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде 50-60 жылдары басылып шыққан Қонақтың оқыған кітаптары ұсынылды.
Алаңда 29 сұрақ қойылып, барлық сұрақтарға жауап алынды. Мектеп кезіндегі алғашқы махаббат туралы сұрақ құрметті Қонақ үшін ең қызықты сұрақ болды. Осы сұрақ үшін депутаттың естелік сыйлығын - хрусталь қоңыраушаны  №95 гимназияның 7 «Б» сыныбының оқушысы Владислав Куковский алды.

Оқырмандар лебізі

лидия


Всего просмотров: 13151

ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2019 I «Жетістік формуласы». Али Мехтиевпен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 18 қазанда «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Толығырақ ...

18.10.2019 I Сырдың сыршыл перзенті

Қазан айының 18-ші жұлдызы күні «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына орай «Сырдың сыршыл перзенті» атты поэтикалық оқу сағаты өтті.

Толығырақ ...

18.10.2019 I «Мен кіммін. Мен және Біз»

Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні аталып өтіледі. Кітапхана өткізген «Мен кіммін. Мен және Біз» қайрымдылық сабағына Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Толығырақ ...

17.10.2019 I «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов»

Кітапхана қазан айының 17-сі күні көрнекті қоғам қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты портрет кешін өткізді.

Толығырақ ...

17.10.2019 I Детство с книгой

16 октября библиотека стала гостем ОСШ №87, где проходит «Неделя начальной школы». Один из дней «Недели…» посвящён детской книге.

Толығырақ ...

16.10.2019 I «Мен білемін. Бұл зиянды» пайдалы кеңес сағаты

Компьютер заманауи өмірде үйреншікті және өте қажетті. Балалар ересектерден қалыс қалмайды және интернетті сәтті игереді, қазіргі бес жастағы балалар Интернет желісінің бар екендігін біледі, бірақ интернеттің өзіне зиянды екенін түсінбейді.

Толығырақ ...

09.10.2019 I Қазақтың баспанасы-киіз үй

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес шаралар мен жобалардың басым бөлігі ұлттық салт-дәстүріміздің төңірегіне өскелең ұрпақты ұйыстыруға бағытталып отыр.

Толығырақ ...

04.10.2019 I Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханамызда қазан айының 4 күні «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің» кітапхана-ісі бөлімінің 2 курс студенттерімен бірігіп өз туған өлкесі - Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Толығырақ ...

04.10.2019 I Кітапхана - шығармашылықпен білім аумағы

Кітапханада 4 қазан күні «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Е.А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 5-7 сынып оқушыларына «Кітапханаға қош келдіңіздер!» атты таныстыру саяхаты өткізілді.

Толығырақ ...

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2019
MoTuWeThFrSaSu
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz