18 қазанда Ғ.Мұстафин атындағы № 83 мектептің 3 «В» сынып оқушылары үшін кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы және Рухани келісім күніне арналған «Біз толеранттылық үшін» мейірімділік сабағы өткізілді.

Балаларға мейірімділік пен конфессияаралық достық туралы айтылды. Балалар ізгі істердің, өзара түсіністіктің және төзімділіктің маңыздылығы туралы өз ойларын білдірді. Олар слайдтық таныстырылым арқылы толеранттылық ұғымымен танысты, толеранттылықтың мағынасын білді, ізгілік қаласына саяхат жасай отырып, сұрақтарға жауап берді, кроссвордты қызыға шешті. Соңында алған материалдарын бекіту үшін толеранттылықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарын ашатын «Пілге арналған сыйлық» мультипликациялық фильмі көрсетілді.

Кітапхана мұндай іс-шараларды өткізе отырып, баланы негізгі рухани және адамгершілік қасиеттерге баулып, оның жақсылық пен жамандықты ажырата білуіне аз да болса өз үлесін қосады. Оларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділік пен моральге тәрбиелейді.

 


Всего просмотров: 639

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz