23.10.2018 l Қуандық Нүрпеисовтің қатысуымен «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы

23 қазанда металл өңдеумен және машина жасаумен айналысатын «Іңкәр-1» ЖШС-нің негізін қалаушы, бизнесмен Қуандық Балтабайұлы Нүрпейісовтің және №3 гимназия мен № 64 мектеп оқушыларының, Қарағанды қаласының жоғары политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен кезекті «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы өткізілді.

Өмірде өз ісін тапқан адаммен сұхбаттасу балалар үшін өте қызықты болды.

Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітіргеннен кейін Қуандық Балтабайұлы құбырларды электр дәнекерлеу цехында жұмыс істеді. Ол қарапайым жұмыскерден өз зауытының басшылығына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Қиындығы мол 90-шы жылдары Қуандық Балтабайұлы жұмыссыз қалып, отбасын асырау үшін бірдеңемен айналысуға мәжбүр болды.

1998 жылы «Іңкәр-1» серіктестігі – шағын металл өңдеу зауыты пайда болды, ал инженер-металлург 2008 жылдан бастап өзін сүйікті ісіне арнады. Бұл кәсіпорынның металлургия, тау-кен саласы мен цемент өндіруге арналған қосалқы бөлшектер шығаруда үлкен тәжірибесі бар. Фирма қызметкерлері, негізінен, «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» сияқты және т.б. өнеркәсіптік алыптар үшін жабдықтар жасаумен және бөлшектердің механикалық өңдеуімен айналысады.

Қуандық Балтабайұлы «Қазақстанда жасалған» Тауар өндірушілерінің және кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2012 жылдан бастап Қарағанды облысының машина жасау консорциумының мүшесі. Оның бизнесі көптеген кіші және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларында ұсынылды. 2013 жылы ол «Іскери байланыстар» бағдарламасына қатысып, Германияның машина жасау кәсіпорындарында бір айлық оқыту мен тәжірибеден өтті.

2013 жылы «Шағын қалалар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жапондық машина жасау зауыттары келді. «Іңкәр-1» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» (2018) көрме байқауының қатысушысы, «Алтын сапа» (2016 ж.) сыйлығының лауреаты.

Қонақ балалардың «Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?», «Сізді әлемнің қай қаласы баурап алды?», «Жастарға қандай кеңес берер едіңіз?», «Сіз табысқа қалай жеттіңіз?», «Сіз алғашқы миллионды қалай таптыңыз? », «Адамдарды қалай басқарасыз?», «Сізді не ынталандырады?» және т.б. сұрақтарына ашық және тікелей жауап берді.

Қуандық Балтабайұлының айтуынша, бизнесте қиындықтар мен кедергілер әрқашанда болады, жақын адамдарыңның қолдауы, оның сөзіне деген сенімділік, жауапкершілік оның бизнесінің берік өркендеуіне және табысқа жетуіне әкелді.

Қуандық Балтабайұлы «Сіздің өмірлік ұраныңыз немесе ұстанымыңыз бар ма?» - деген сұраққа, «Толыққанды өмір сүру қажет!» - деп жауап берді.

Кітапханашылардың «Қандай үш кітап дүниетанымыңызға әсер етті?» - дәстүрлі сұрағына, Қонақ балаларға Ф.Купердің, Э.Ремарктің, Д.Лондонның кітаптарын оқуды ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қонақ аудиториядан қойылған 30 сұрақтың барлығына жауап берді.

Диалог алаңының соңында Құрметті қонақ Жайлан Құдайбергенді бенефис-шоудың ең белсенді қатысушы ретінде атап өтіп, оған Power bank (мобильді аккумулятор) естелік сыйлығын тапсырды.

«Іңкәр-1» ЖШС құрылтайшысымен кездесу жас ұрпақтың жеке кәсіпкерлікке деген зор қызығушылығын тудырды, балалар белсене сұрақ қойып, болашақта табысты кәсіпкердің қалай болатынына қызығушылық танытты.

IMG 4839


Всего просмотров: 350

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2018
MoTuWeThFrSaSu
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz