24.10.2018 l Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы

Кітапханада қазан айының  24 күні  балалар жазушысыШәкен Күмісбайұлының туғанына  75 жыл толуына орай«Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты телекөпір Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Шараға Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы  А. С. Мукашева №93 гимназия, №5, 74 ЖББОМ, №7 Ж.Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Телекөпірдің бір ерекшелігі - балалар жазушысының мектеп оқушыларымен жүзбе жүз сұхбат жүргізуінде. Қазіргі таңда қазақ прозасы майталмандарының көзі тірісінде осындай кездесулер өткізу қуантарлық жағдай. Қаламгердің уақытында бағалануы - ол оның шығармашылық жолындағы дарындылығы. Талантты жазушымыз Шәкен Күмісбайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік орын алатын дарын иесі.

Балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлыөз шығармашылығы жайлы көптеген сырлы әңгімелерін айтып жас оқырмандармен сыр бөлісті. Іс-шара барысында «Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты презентация көрсетіліп, жазушының шығармалары таныстырылып өтті.

Аталмыш шара барысында №5 ЖББОМ және №7 Ж. Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары «Батырлар жырынан» мәнерлеп үзінді оқыды. Оқушыларға арналып «Балалар жазушысы» атты викториналық ойыны өткізіліп, «Балалықшақ – балдаурен» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.


Всего просмотров: 395

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2018
MoTuWeThFrSaSu
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz