orig

 

Bykov95kazВасилий (Василь)

Владимирович Быков

(1924-2003)

Белоруссияның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Социалистік Еңбек Ері.

В.Быков 1924 жылғы 19 маусымда Витебск облысы Ушачск ауданының Бычки деревнясында шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағынан сурет салумен әуестенді. Ол Витебск көркем мектебінің мүсіндік бөлімінде оқып (1939-1940), стипендияны алып тастауына байланысты және ФЗО мектебінде (1941 жылдың мамырына дейін) оқыды. 1941 жылдың маусым айында сырттай 10 сыныпқа емтихан тапсырды.

1942 жылдың жазында әскерге шақырылды. Кривой Рог үшін болған шайқастарға, Румынияны босатуға қатысты. Әрекеттегі армияның қатарында аға лейтенант, полк взводының, одан кейін артиллерия әскерінің командирі атақтарында Болгария, Венгрия, Югославия, Австриядан жүріп өтті.

Василь Быковтың еңбектерінің көпшілігі – повестеріндегі оқиғалар Ұлы Отан соғысы кезіндегі орын алған, оларда өмірдегі ең күрделі сәттердегі адамның адамгершілік таңдауын көрсетеді.

«Третья ракета»» (1961) повесі Василий Быковті әйгілі етті. Сондай-ақ, 1960-70 жылдары әлемге әйгілі Альпийская баллада», «Мертвым не больно», «Сотников», «Обелиск»,  «Дожить до рассвета», «Пойти и не вернуться», «Западня»повестері жарияланды, соғыс жылдары туралы көптеген повестері экранға шықты.

Василь Быков көптеген шығармаларын беларус тілінде жазған, олардың көпшілігін өзі орыс тіліне аударған. Оның әдеби шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

2014 жылы Ждановичи саяжай кентінде «Музей-дача Василя Быкова» белорус әдебиетінің тарихы мемлекеттік мұражайының филиалы ашылды.

Белоруссияның көптеген қалаларында - Гродно, Белосток, Ждановичи, Фаниполе көшелеріне жазушының есімі берілген.

Василь Быковтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары:


Всего просмотров: 2080

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz