orig

 

kuper203kКупер Джеймс Фенимор

(1789 - 1851)

американдық жазушы және сықақшы. Шытырман оқиғалар әдебиетінің классигі. Америка философиялық қоғамының мүшесі.

Әйгілі романист және сықақшы Фенимор Купер американдық әдебиеттің бастауында тұрды: автор жаңа жанрдың негізін қалаушы болды. Жазушының шығармашылығы, оның дәйексөздері мен афоризмдері өзектілігін жоғалтпайды.

Джеймс Фенимор Купер 1789 жылы 15 қыркүйекте Берлингтон қаласында (АҚШ) судья Уильям Купер және квакердің қызы Элизабет Фенимордың отбасында дүниеге келді. Джеймс жергілікті мектепте білім алды, сонымен қатар бала кезінде онымен Ирландия университетінің түлегі айналысты.

Жас жігіт толық жоғары білім ала алмады, өйткені ол жүйелі түрде тәртіп бұзғаны үшін оқудан шығып қалды. Осылайынша,1806 жылы Купер үшін оқу аяқталды да, сол уақытқа тән жазалау ретінде теңізші болып жас жігіт флотқа жіберілді. Қызмет атқарған жылдары Джеймс үшін әрі пайдалы, әрі бақытты жылдар болды. Купер офицер лауазымына дейін көтеріліп, флот ісінің білгірі болды. Джеймс Онтарио көлінде әскери кемелердің құрылысында болғандықтан, оның кеңінен танымал «Следопыт» романында осы төңіректің сипаттамасы кездеседі.

Алғашқы романы «Предосторожность» 1820 жылы, одан кейін Америкада ғана емес, Еуропада да зор табысқа жеткен «Шпион, или повесть о нейтральной территории» (1821) романы жарыққа шықты.

Фенимор Купер америка өмірін суреттейтін «Пионеры, или у Истоков Саскуиханны», «Последний из могикан», «Прерия», «Открыватель следов, или Следопыт», «Зверобой, или Первая тропа войны» атты тұтас романдар сериясымен танымал. Бұл романдар сериясының табысты болғаны соншалықты, тіпті ағылшын сыншылары да Купердің дарынын танып, оны американдық Вальтер Скотт деп атады.

1826 жылы Купер Еуропаға жол тартып, онда жеті жыл тұрды. Бұл саяхаттың нәтижесінде Европада өткен оқиғаларға арналған «Браво, или в Венеции», «Мерседес Кастильская, или путешествие в Катай» деген бірнеше романдарды жазды.

Фенимор Купердің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары:


Всего просмотров: 2818

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz