orig

 

pushkin220kПушкин Александр

Сергеевич

(1799 -1837)

ұлы орыс ақыны,прозаик, драматург, сыншы және әдебиет теоретигі.

А.Пушкин көзі тірі кезінен орыстың ұлы ұлттық ақыны беделіне ие болды. Пушкин қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы болып саналады.

Александр Сергеевич Пушкин Москвада, атағы жоқ отбасында дүниеге келді. Болашақ ақын көп уақытын қала маңындағы Захаров селосында әжесімен өткізді. Жас Пушкин бала кезінен өте жақсы көрген Арина Родионовна Яковлеваны әжесі күтуші ретінде жалдаған.

1811 А. Пушкин Царское село лицейінде оқыды. Осында ол өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастайды, келешекте танымал болған Вильгель Кюхельбеккер, Иван Пущин, Антон Дельвигтермен кездеседі. 1814 жылы он бес жасар Пушкиннің «К другу стихотворцу» алғашқы өлеңі жарық көрді.

1819 жылы Пушкин «Зеленая лампа» әдеби-театр қауымдастығының мүшелігіне қабылданады. Осы кезеңде ол «Руслан и Людмила» поэмасымен белсене жұмыс істейді.

1820 жылы эпиграммалар, еркін өлеңдерін таратқаны үшін Пушкин жер аударылады. 1823 жылы жер аударуда жүріп, өзінің танымал «Евгений Онегин» поэмасын жазады. Жер аударылған төрт жылдың ішінде Пушкин «Кавказский пленник», «Бахчисарайский фонтан», «Братья - разбойники», «Песнь о вещем Олеге» романтикалық оңтүстіктік поэмаларын жазады.

1824 жылы Пушкин Псков губерниясының Михайловское селосына әулетінің қожалығына жер аударылады. Мұнда Пушкин оңаша тыныштықта өмір сүреді. Алғашында ақын жайшылық пен тыныштыққа қуанады. Күтушісі Арина Родионовнамен әңгімелесу Пушкин үшін жалғыз ермек болды. Ақынның айтуынша, оның ертегілері француздық тәрбиенің кемшіліктерін түзетті. Ол сиқырлы әңгімелердің сюжеттерін жазып алып, кейінірек оларды өз шығармаларныда қолданады. Мұнда ақын «Борис Годуновты» жаза бастады.

1829 году бал кештерінің бірінде Александр Пушкин Наталья Гончаровамен танысады. Бойжеткен ол кезде 16 жаста, ақын – шамамен 30 жаста болды. Мәскеудің бірінші аруы дереу Пушкинді жаулап алып, бірнеше айдан кейін ол Гончароваға ұсыныс жасайды.

Орыс әдебиетінің ұлы прозаигі және драматургы А.С.Пушкин тек қана драмалық повестері, бірегей өлеңдерімен ғана емес, сонымен бірге ертегілерімен де есте сақталды. Александр Сергеевичтің бұл туындылары мейірімділігімен, нұрлылығымен, шынайлығымен және тәрбиелігімен мәнді.

Пушкиннің балаларға арналған ертегілерін осы күнге дейін аналары өздерінің балаларына оқиды, өйткені оларда драматургтың ішкі дүниесі мен сүйіспеншілігі берілген, ал мазмұны бізді өмірдегі басты құндылықтар туралы ойлауды мәжбүр етеді. «Сказка о мёртвой царевне и семи богатырях», «Сказка о попе и работнике его Балде», «Сказка о рыбаке и рыбке», «Сказка о царе Салтане, о сыне его славном и могучем богатыре Гвидоне Салтановиче и о прекрасной царевне-Лебеди», «Сказка о золотом петушке», «Царь Никита и сорок его дочерей», «Амур и Гимней».

А.С.Пушкиннің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары:


Всего просмотров: 1549

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz