orig

 

Bajov140kБажов Павел Петрович

(1879 - 1950)

орыс жазушысы, фольклорист, публицист, журналист. Орал ертегілерінің авторы ретінде танымал болды.

П.Бажов 1879 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. Барлық балалық шағы Екатеринбург маңындағы Сысерт шағын қалашығында өтті. Әкесі Петр Васильевич – кеншілер әулетінен, ол жергілікті зауытта жұмыс істеді, анасы Августа Стефановна сатуға арнап шілтер тоқыған. Отбасы бай емес еді, Павел отбасындағы жалғыз бала болды.

1924 жылы кеншілердің ауыр еңбегі туралы әңгімелейтін «Уральские были» кітабы жарыққа шыққан кезде, жазушы Бажов туралы айта бастады.

Әйгілі «Малахитовая шкатулка» тек 1939 жылы жарық көрді. Ол үшін 1943 жылы Павел Бажов Сталин сыйлығына ие болды.

Слышко атай әңгімелеген Мыс тауының бикесі, Данило-шебер, Ұлы Полоз, Күміс тұяқша,  Синюшка әжей туралы оқиға бүкіл әлемге танымал болды және ондаған тілдерге аударылды. Айтпақшы, жазушы өзінің әңгімелердің авторы екендігін, оларды тек жазып алмай, өзі ойдан шығарғанын дәлелдеуге тура келді. Бұл кітап жазушыға әлемдік атақ әкелді.

Бажовтың екі автоөмірбаяндық романдары бар. «Зеленя кобылка» 1939 жылы Егорша Колдунков бүркеншік атымен, ал кейінірек 1949 жылы «Дальнее-близкое» жарық көрді.

Павел Бажов көптеген шығармалар жазды, олардың негізінде балет, опера, спектакль қойылды, фильмдер мен мульфильмдер түсірілді.

Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Қазақстанда Бажовтың есімімен аталған көшелерді кездестіруге болады. Челябі облысында жазушының құрметіне тұтас кент Бажово деп аталады.

Екатеринбург қаласында Бажов атындағы әдеби сыйлық бар, ол жыл сайын табыс етіледі.

П. Бажовтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары:


Всего просмотров: 1612

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz