Рувим Фраерманның «Дикая собака Динго, или Повесть о первой любви» повесіне 80 жыл

Фраерман фото Фраерман Рувим Исаевич (1891 -1972) – кеңес балалар жазушысы және журналист. Азамат және Ұлы Отан соғыстарының қатсуышысы, Батыс майданының әскери тілшісі.

Балаларға арналған «Огневка» (1924), «Буран» (1926), «Васька-гиляк» (1929), «Вторая весна» (1932), «Никичен» (1933), «Шпион» (1937) повестерінің және «Золотой Василёк» романының (1963) авторы.

Ең танымал шығармасы - «Дикая собака динго, или Повесть о первой любви» (1939).

Автордың айтуынша, оның ойында повесть жазу Қиыр Шығыста пайда болды, онда ФраерманDikaya-sobaka-Dingo-2  «тунгустік жеткіншек ұлдар мен қыздардың арасындағы достықтың, шынайы серілік және достық пен махаббаттағы адалдықтың көптеген мысалдарын байқаған».

Оқиға Таня Сабанеева мен нанайлық жеткіншек Филька тұратын қиыршығыстық кентте болады. Бір күні бұл өлкеге Москвадан қыздың әкесі жаңа отбасымен - әйелі Надежда Петровна мен оның жиені Колямен келеді.

Таняның әкесімен және оның асырап алған ұлымен қарым-қатынасы қиын болады. Таняның абыржуы мұғалімнің де, адал досы Фильканың да назарынан тыс қалмайды.

Повестің ең драмалық эпизодтарының бірі боранға байланысты. Таня мұз айдынында бұлшық етін ауыртып алған Коляға көмектесуге тырысып, өзінің досын иттер жегілген шанаға отырғызады. Кенеттен жегілген топ жол бойында атты көріп, оның артынан ала жөнеліп, көрінбей кетеді. Балалар боранда жалғыз қалады. Қыз жігерін жоғалтпай, шаңғымен шекарашылар келгенге дейін Коляға демеу болады. Повестің соңында кейіпкерлердің жолы екіге бөлінеді. Таняның анасы қаладан кету шешімін қабылдайды және бұл жаңалық Koляға да, Филькаға ауыр соғады.

«Фраерманның «Дикая собака динго, или Повесть о первой любви» кітабы – бұл қыз бала мен ер бала арасындағы махаббат туралы шуаққа толы мөлдір поэма. Мұндай повесті тек жақсы психолог қана жаза алады. Бұл нәрсенің поэзиялығы - ең шынайы нәрселердің сипаттамасы ертегі сезімімен сүйемелденеді» (К. Паустовский).
1962 жылы повестің желісінде режиссёр Юлий Карасиктің «Дикая собака динго» көркем фильмі түсірілді.


Всего просмотров: 18037

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz