Памела Трэверстің «Мэри Поппинс» ертегісіне 85 жыл

ТрэверсПамела Линдон Трэверс (1899 - 1996) – ағылшын әртісі және жазушысы, негізінен Мэри Поппинс туралы балалар кітабы сериясының авторы ретінде белгілі.

Памела Трэверстің «Мэри Поппинс» шығармасы әлемдегі көптеген оқырмандардың сүйікті туындысына айналды. Кітап 1934 жылы жарыққа шығып, әйгілі болды, ағылшын балалар әдебиетінің классикасына айналды.

Кітаптың жалғасы («Мэри Поппинс возвращается») бір жылдан кейін, ал «Мэри Поппинс открывает дверь» 8 жылдан кейін жарық көрді. Кейінірек тағы бес жалғасы шықты, олардың ішінде біріншісі алғаш рет 1952 жылы, соңғысы 36 жылдан кейін 1988 жылы жарияланды.

qsr6amAR2bs

 Әңгіме жай ғана басталады: Лондон маңында тұратын бір отбасы 4 балаға күтуші іздейді. Ол шығыс желімен ұшып келеді. Осы минуттардан бастап балалардың өмірі өзгереді: олар шатыр астында шәй ішеді, картиналар бойынша, тіпті бүкіл әлем бойынша саяхаттайды. Керемет бала күтушісі туралы әңгіме қалай аяқталатынын достық, мейірімділік, балалар әлеміне деген құрмет және ережелерсіз өмір сүру дағдысы туралы кітаптан білуге болады.

Экранға шығарылған ертегінің үздіктерінің бірі - «Мэри Поппинс, до свидания» режиссёр Леонид Квинихидзенің екі сериялы телевизиялық көркем фильм-мюзиклі, басты рөлде Наталия Андрейченко.

 


Всего просмотров: 15973

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz