2019 жылғы 21 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.
Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. Бағдарлама 29 наурызда эфирге шықты.

Диалог алаңында Қазақстан Республикасының халық әртісі ҚР Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова және балалар, барлығы 60-тан астам адам кездесті.

Көптеген халықаралық конкурстардың Гран-при иегері Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

Диалог алаңының қатысушылары Мақпал Мұхамедиярқызынан оның жетістік формуласын білді. Құрметті қонақтың айтуы бойынша: «Табысқа жету адамның өз қолында, өзіңнің сүйікті ісіңмен дарынды түрде айналысу керек, ал ерте ме, кеш пе адам көпшілікке танылады».

Диалог барысында балалар хоббийі, болашақ жоспарлары, өмірлік ұстанымы, алғашқы махаббаты туралы, өзі еліктеген адамдары туралы сұрақтар қойды. Кейіпкер өзінің балалық шағындағы оқиғаларды әзіл-сықақпен еске алып, ол оқиғаларды балаларға зор ғанибетпен әңгімелеп берді.

Мақпал Жүнісова балалардың сұрағына жауап беріп қана қоймай, ән де шырқады. Ол «Жестокий романс» фильмінен «А напоследок я скажу» романсын және композитор Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін орындады.

Қонақ үшін барлық сұрақтар өте қызықты болды, әнші диалог алаңының белсенді қатысушыларына өзінің «Өмір неткен тамаша» әндер жинағын сыйға тартты.

Жоба ұйымдастырушылары Мақпал Жүнісоваға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» статуэткасын және А.Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын табыс етті.

Makpal

 


Всего просмотров: 1179

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz