Биылғы жылы кітапхана өз ісіне берілген адамдармен «Әрбір мамандық маңызды» кездесулер циклін бастады.

25 сәуір күні  "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41  мектеп-гимназиясының" оқушылары мен дәрігерлер әулеті, Исатаевтар отбасы диалог алаңының алғашқы қонақтары болды. Ақ халатты жандардың бірі анасы - Шолпан Құдайбергенқызы мен қызы - Әйгерім Қайратқызы ең мәртебелі және құнды мамандық өкілдері болып табылады.

Сұхбат барысында қонақтар дәрігер мамандығын неге таңдағаны, қалай онколог және офтальмолог болғаны, бұған не қозғау салғаны және нағыз, танымал дәрігер болу үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы әңгімеледі.

Балалар дәрігерлер туралы өлеңдер дайындап, таныстырылым арқылы гаджеттерді жиі пайдаланудың көздің көруіне зиянды екені туралы білді, ал қонақтар көру жүйесі мен денсаулығын қалай сақтау керектігі туралы кеңес берді.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар «Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы» кітап көрмесі арқылы салауатты өмір салты туралы әдебиеттермен танысты.

 


Всего просмотров: 600

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Тамыз 2019
MoTuWeThFrSaSu
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz