2019 жылғы 10 сәуірде «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.
Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. Бағдарламаның өзі 3 мамырда эфирге шықты.

Диалог алаңында Қарағанды облыстық кардиохирургия орталығының эндоваскулярлы қан тамырлары хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаты дәрігер Азамат Кенжеұлы Жашкеев және қала мектептері, лицейлерінің балалары, барлығы 60-тан астам адам кездесті.

Бенефис-шоу Қонағы 20 жылдан астамғы өмірін маңызды және жауапты жұмыс – хирургияға арнаған. Бүгінгі күні қарағандылықтың есімі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жалпы республикалық жоба тізіміне енгізілген. 

Жашкеев Азамат 2006 жылдан бастап шетелдік мамандармен бірлесе жүректің қан тамырларына және шеткі қан тамырларына эндоваскулярлық араласудың жаңа технологияларын енгізе бастады.

Балалармен диалог барысында бағдарламаның Құрметті қонағы Ресей, АҚШ, Польша, Франция, Дания және Германия сияқты мемлекеттерде жыл сайын өзінің біліктілігін арттыратыны туралы әңгімелеп берді. Азамат кәсіби шеберлік сыныптарын өткізу үшін Қазақстанның клиникаларына бірнеше рет сапарға шыққан. Азамат Кенжеұлы эндоваскулярлы хирургия саласындағы жаңа әзірлемелерді практикасында қолдана отырып, жылына 1000 астам операция жасайды.

Азамат Кенжеұлы университетке түскенде, өзін тек хирург ретінде көрді. Бала кезінен бастап оның отбасында туған кентінің хирургтары туралы әңгіме болатын, оларды құдайдай сыйлайтын, ауруханада жұмыс істейтін анасы олардың бүгін кімді құтқарғаны немесе емдеп шығарғаны туралы әңгіме айтатын. Бұл әңгімелер Азаматтың санасында дәрігер мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігі ұғымын қалыптастырды.

Ол мектеп сияқты ҚММИ да үздік бітірді. Оқу кезінің өзінде ол жоғары курстарда тар бейінді бағытты таңдады. Медицинадағы алғашқы қадамын 1997 жылы госпитальдік хирургия кафедрасында зерттеуші - тағылымдамашы ретінде бастады.

«Хирург – бұл өте жауапты мамандық. Сен соғып тұрған жүректі және лүпілдеген қан тамырын көресің. Сенің алдыңда - адамның өмірі, ал сәл ғана қателік өлімге соқтыруы мүмкін» - дейді Азамат Жашкеев.

Дәрігер ағзасын өз тонусында ұстау үшін міндетті түрде спорт залына барады, пауэрлифтингтегі негізгі ереженің бірі жатып сығымдап көтерумен айналысады.

Балалар дәрігерлік қызметі туралы, балалық және жастық шағы мен өмірлік құндылықтары туралы көптеген сұрақтар қойды. Диалог әсерлі, қызықты, танымды болды. Қонақ акушерлер туралы анекдот та айтып берді.

Балалар Жашкеев Азаматтан өзінің мамандығын жақсы көріп, бағалайтынын, өзінің қаласын жақсы көретінін, «бұл жерде оған өте қолайлы» және де бір жақтарға кету ойының жоқтығын білді.

Түсірілім кезінде дәрігер өзінің тыңдаушыларына «Отбастарыңа көбірек уақыт бөліңдер, жақын адамдарыңды бағалаңдар, ал өзіңнің жұмысыңды сауатты, мұқият, сүйіспеншілікпен атқарыңдар, бірақ жұмыстан басқа өмірде көптеген қызықты нәрселер бар екенін ұмытпаңдар» - деген жақсы кеңесін берді.

Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ ең ұнаған сұрақты таңдап, сұрақ қойған адамға өзінің сыйлығын береді. Сыйлық фонендоскоп болды, оны медицина колледжінің студенті Күлджембекова Аружан алды.

Жоба ұйымдастырушылары Азаматқа табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» статуэткасын және А.Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын табыс етті.

12369874


Всего просмотров: 905

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz