«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» жобамыз жүзеге асырылып келеді. 2019 жылғы 06 мамырда «Saryarqa» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі болып, бағдарлама 7 маусымда эфирге шықты.

Диалог алаңында қазақ атын әлемге ғылым саласында жаңғыртып жүрген, физика пәнінен дүниежүзілік олимпиадаларда бірнеше рет жеңіске жетіп, әйгілі NASA-да жұмыс істеп, ғарышқа Space X секілді ұшу аппаратын жөнелтуге атсалысқан тәлімгер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов және қала гимназиялары мен лицейлерінің оқушылары (60-тан астам) кездесті.

Балалармен диалог барысында бағдарламаның Құрметті қонағы бірден өнегелі өмірінің жарқын сәттерімен бөлісті. Айтуынша, табыс жолы әлбетте тақтайдай тегіс болмаған екен. Бұл орайда Ернұр неғұрлым қиындық-кедергісі көп болған сайын, адамның соғұрлым шыңдала түсетінін түсіндірді.

Мектепті үздік бітірген Ернұр арнайы шақырту бойынша әлемнің мықты университеттерінің бірі болып табылатын Калифорния технологиялық институында білім алады. Бірақ, оның айтуынша, АҚШ-қа оқуға бару үшін жол қаражатын табу да оңай болмаған екен. Физика мамандығы бойынша оқуға түскен жас жігіт 3-курста экономика саласына ауысады және онысын әлемдік экономикадағы динамикамен түсіндіреді. Экономика саласына бой бүрған ол Калифорния штатында Wilshire Associates қаржы талдаушысы болып қызмет атқарады. Шетелде тұрып, кәсіби деңгейін шыңдаған Ернұр ойын былай сабақтады: «Шетелде оқып, қызмет қылған жылдары алдыма қойған жоспарларымды игере алмай қалам ба деген үрей мені үнемі алға жетелеп отырған сияқты. Мүлде жат ортада адам осындай үрейлер арқасында әбден ысылады екен».

Е. Рысмағамбетов өмірінде әр бес жыл сайын ерекше және маңызды оқиғалар болғанын және олар кәсіби тұрғыдан дамуына ерекше ықпал еткенін айтады.

«Өмірде ең бастысы - ырғақтан ауытқымау екен. Бұл бір жағынан өзің өмір сүріп отырған қоғамға әбден сіңіп, елдің ырғағында жұмыс істеу деген сөз. Сен қаншалық дарын иесі болсаң да, ортаға дарыныңмен емес, мінезіңмен сиясың».

Диалог әсерлі, қызықты, танымды болды. Ернұрдың ойынша, мақсатқа жету жолында кейде өмір ағысына қарай оны дұрыс өзгерте білу керек. Бір орында тұрған адамның алдында жол өздігінен пайда болмайды. Яғни, ол жүргенде басталады.

Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ өзіне ұнаған екі үздік сұрақты таңдап, сұрақ авторларына арнайы дайындап әкелген сыйларын естелік ретінде берді.

Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Ернұрға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.

10.06.2019E

 


Всего просмотров: 1241

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz