2019 жылғы 3 мамырда «Saryarqa» телеарнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болып, ол 5 шілдеде эфирге шықты.

Біздің бұл жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген.

Диалог алаңында «Дефектоскопия ҒӨБ» ЖШС құрылтайшысы, бизнесмен Әділ Есенұлы Упабеков және қаламыздың мектеп, лицейлерінің оқушылары (70-тен астам) кездесті.

Бағдарлама қонағы балаларға 2009 жылы құрылған «Дефектоскопия ҒӨБ» ЖШС мұнай-газ, энергетика және тау-кен өнеркәсіптерінде техникалық диагностика мен бұзылмайтын бақылау жөнінде көрсетілетін қызметті ұсыну саласында Қазақстанда жетекші орындардың бірін алатыны туралы әңгімелеп берді. Кәсіпорын 2017 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері болды.

Әділ бала кезінен бастап өте пысық болған. «Не себепті бизнестің бұл бағытымен айналысуды жөн санадыңыз» деген сұраққа Әділ Есенұлы: «Қазақстанда техникалық диагностика мен бұзылмайтын бақылау жөнінде қызмет көрсету түрі сол жылдары бос болатын», -деп жауап беріп, сол себепті бизнесте кәсіпкерлік «сезім» болуы да маңызды екенін және ол перспективаға бағытталуы керектігін атап өтті. Бизнестегі алғашқы қадамдары қиын болса да, тәуекелге бару қажет еді. Қазіргі уақытта компания Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің факультеттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, дарынды және мүдделі жастарды іздеп, жаңа технологиялық процестерді игеруге тартады.

«Дефектоскопист мамандығының болашағы бар ма?» - деген сұраққа Әділ Упабеков: «Мамандықтың әрекет ету ауқымы кең, бұл кәсіп ірі өнеркәсіптік ұйымдар үшін өте маңызды. Бүгінде салада бәсекелестік пайда болды, ол дамуға әкеледі, өсу, күшті болу мүмкіндігін береді. Әрине, мамандықтың болашағы бар», - деп жауап берді.

«Дамыған елдерде дефектоскопия екпінді дамып келеді, жасанды интеллект қолданылады, сапалы аналитика жүргізілуде. Қазақстан біраз артта қалып, ескірген әдістерді пайдаланғанына қарамастан, бұл бағытта дамып келеді. Біз бұзылмайтын бақылау жөніндегі меншікті әдісті әзірлеу үшін үнемі әртүрлі сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді Әділ Упабеков. Қазақстанда бұзылмайтын бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметке үлкен сұраныс бар. «НПО Дефектоскопия» ЖШС ірі тапсырыс берушілерінің бірі «ҚазМұнайГаз» және басқа энергетикалық компанииялар болып табылады.

Балаларды қалай кәсіпкер болады және ол үшін қандай жеке қасиеттер қажет деген сұрақ қызықтырды. Бағдарлама кейіпкері, бірінші кезекте, өз ісіңмен айналысуда, тәуекел ете білуде, еңбекте табанды болуда, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және ынтымақтастыққа ашық болуға қалауыңның зор болғаны маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, адалдық және әділдік сияқты адами қасиеттер де маңызды болып табылады.

Бағдарламаның қатысушылары әңгіме барысында Құрметті қонақтың оқуды, баскетбол ойнағанды және уәждемелік кітаптарды оқығанды жақсы көретінін білді. Әділ Упабеков «Біздің әлемде бәрі мүмкін» деген өз өмірлік ұстанымын айтты және «Күлімсірей алмайтын адам, саудамен айналыспауы тиіс» деген қытай мақалын еске түсіріп, балаларға көбірек күлімсіреуді ұсынды.

Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ ең ұнаған сұрақты таңдап, сұрақ қойған адамға өзінің сыйлығын береді. Ең белсенді сұхбаттасушылар қонақтан уәждемелік кітаптарды сыйға алды.

Жоба ұйымдастырушылары, өз кезегінде, Әділге табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.

 upa

 

 


Всего просмотров: 574

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz