Бос уақытыңды ыңғайлы жағдайда, керемет кітаптармен кітапханада өткізу - бұл керемет емес пе? Біздің оқырмандарымыз бен олардың ата-аналарының әрқашан осындай мүмкіндіктері бар. Жексенбі күндері кітапхана қызметкерлері жазғы уақытта «Отбасымен демалу күнін» өткізеді.
Балалар кітапханаға ата-аналарымен, әжелерімен келіп, отбасылық оқу дәстүрін жандандыруда. Кітапханаға осылай бірге бару «жорықтары» отбасы үшін мерекеге айналады, ата-аналар мен балаларға бір-бірін жақсы түсінуге, рухани жақындасуға және өзара түсіністікке қадам жасауға көмектеседі. Балалар мен ата-аналар кітаптарды бірлесіп таңдағаннан басқа, үстел ойындарын ойнауға, балалар журналдарын парақтауға, «Кейіпкерді еске түсір», «Ертегіні жалғастыр...», «Крокодил» байқаулары мен әдеби ойындарына қуана қатысады.
Кубеновтер, Ганджук, Кучма, Михавкивтер отбасылары біздің отбасылық ойын-сауықтарға қатысты. Балалар ата-аналарымен, әжелерімен бірге кеңінен танымал балалар кітаптарының түпнұсқалық басылымдарымен (3D кітаптар, панорамалық кітаптар) танысты, үстел ойындарын ойнады, суреттер салды.
Всего просмотров: 700