Мұғалімдер әулеті - бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық табысының кілті кәсібіне деген адалдық, мамандыққа, балаларға деген сүйіспеншілік және осы сүйіспеншілікті мұра ету мүмкіндігі болып табылады.

4 қыркүйекте «Әр мамандық маңызды» кітапхананың кәсіби бағдар беру циклі аясында кітапханашылар №13, №74 ЖОББМ оқушылары үшін педагогтар әулеті, Искаковтар отбасымен кездесу ұйымдастырды.

Балалар педагогтар Күлзипа Ысқаққызы Искакова және оның қызы Әйгерім Жақсыбекқызымен танысты.

Олардың отбасындағы ең алғашқы мұғалім Искаков Шамығұт, ол мектепте еңбек және сызу пәндерінен сабақ берді. Бүгінгі күні отбасында сегіз педагог бар, ал әулеттің жалпы педагогикалық өтілі 200 жылдан асады.

Күлзипа Ысқаққызы бала кезінен сандарды ұнататын, сондықтан ол еш ойланбастан өз таңдауын жасады - тек математика. Қызы Айгерім бұл пәнді аса қабылдамады, оның нақты ғылымдарға деген қызығушылығы байқалмады, бірақ сабақ бергісі келді.

Қатарлап отырғызған және мұғалімді мұқият «тыңдайтын» қуыршақтары оның алғашқы оқушылары болды. Кейін Әйгерім өзінің қазақ тілін оқығанды және оны үйреткенді ұнататынын түсінеді. Қазір ол №3 гимназияда төртінші жыл жұмыс істейді, балаларға әдебиет арқылы білім беруде.
Күлзипа Ысқақызы Қарқаралы ауданының №33 ауыл мектебінде 42 жыл жұмыс істеді, қазір лайықты демалыста. Оның шәкірттері ұстазына келіп тұрады, мерекелерде құттықтап, байланыс жасауда.

Бұл отбасы мүшелері ұстаздық мамандықтың мақтаныш туын эстафета ретінде ұрпақтан-ұрпаққа беріп келеді. Әртүрлі пәндерден сабақ береді, бірақ оларды кәсіпқойлық, шығармашылыққа деген ұмтылыс біріктіреді.

Қонақтар педагогикалық практикадағы қызықты сәттері, өздерінің идеялары, мұғалімдік шеберліктің және кәсіби қасиеттердің құпиялары туралы әңгімеледі, балалық шақтарындағы естеліктерімен бөлісті. Күлзипа Ысқаққызы мен Әйгерім Жақсыбекқызы өз ұстаздарын біледі ме, оларды естеріне алады ма деген сұрақ балаларды қызықтырды.

Балалар тарапынан оқыған кітаптары мен сүйікті авторлары туралы сұрақтар қойылды. Ой-пікірлердің көптігімен таң қалдыратын Абай шығармашылығы Искаковтар отбасында ерекше орын алады. Қонақтар Абайдың «Қара сөздерін», М.Әуезовтің «Абай жолы» романын және Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» балалар кітабын балаларға оқуды ұсынды.

Кездесу соңында балалар мұғалім туралы өлеңдер оқыды және «Ұстаз мәртебесі- ұлт мұраты» кітап көрмесімен танысты.


Всего просмотров: 134

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz