Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы орай біздің кітапхана Қарағанды облысының оқушылары арасында «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқау жариялаған болатын.

Сайысқа Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтпаев қалалары, Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарынан келген балалар қатысты. Ең белсенді болып байқауға атсалысқан Қарқаралы және Нұра аудандарының балалары болды.

Байқауға әр түрлі техникаларда (кесте тігу, құрақ тігу, аппликация, қолдан жасалған кітаптар, макет, 3D-панорама, күйдіру, сурет салу). Байқауға 74 шығармашылық ұжымдық және жеке жұмыстар ұсынылды.

Әділқазылар алқасының құрамында Н.Әбдіровтың немере інісі А.С.Әбдіров, Облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Ж.Қ. Томкиев, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы С.В.Черкаева, «№2 өнер мектебі» КМҚК бейнелеу өнері оқытушысы Ю.П.Ку, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының қоюшы-суретшісі Ж.М.Садырбеков.
Байқау шарты бойынша бір Бас жүлде, бір І орын, екі ІІ және екі ІІІ орын анықталды.

БАС-ЖҮЛДЕ
«Мен жерді көріп отырмын» (макет,ермексаз). Сүлейменова Камилла (14 жаста), Абуова Айзере (14 жаста), Кунуспекова Адель (14 жаста). Бұқар- жырау ауданы.Жетекшісі А.Акышев.

І ОРЫН
«Халық Қаһарманы» (макет, ермексаз). Ақылбеков Диас (12 жаста), Жәлел Нұрдәулет (12 жаста). Қарағанды қ. Жетекшісі Г.А.Ибадилдинов.

II ОРЫН
«Нұркеннің ерлігі» (барельеф, гипс). Шалданбай Жанбота (14жас). Қарқаралы ауданы.
«Нұркенді еске алу» (макет,ермексаз). Сайлау Сағыныш (13жас). Қарқаралы ауданы.

III ОРЫН
«Өлместік шыңында» (сурет, қарындашпен). Бекенов Мадияр (13 жас). Нұра ауданы, Киевка кеңті.
«Н.Әбдіров мұражайы «1941-1945» (макет, ағаш). Гармай Игорь (14 жас). Қарағанды қаласы.

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҚТАРЫ
«Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровке арналған саябақ» (макет, пенопласт). Елеусіз Батыржан (14 жас). Қарқаралы ауданы. Жетекшісі Б.А.Какимова.
«Тапочки-самолетики» (тоқыма, жіп). Авласенко Мария (14 жас). Нұра ауданы, Көбетей ауылы.
«Көкте қалықтаған қыран» (макет, ДПИ). Қайырбек Диас (14 жас). Сәтпаев қ.
«Нұркен Абдіров ерлігі» (сурет, акварель). Мұхамеджан Маржан (12 жас). Жезқазған қ. Жетекшісі Р.К. Джумабаева.
«Н. Әбдіровтің суреті» (мозаика, шыны). Зейнел Зере (14 жас). Қарқаралы ауданы.

«Сарыжайлау» кинотеатрының кинозалында 250-ден астам көрермен жиналды: Қарағанды облысының балалары, қала мектептерінің оқушылары, ата-аналар, педагогтар, және арнайы шақырылған қонақтар.

Көрермендер мен қатысушыларды құттықтап Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.М. Ағымбаев және Нұркен Әбдіровтің немере інісі А.С. Әбдіров сөз сөйледі. Жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің кітапхананың серіктестері, «Сарыжайлау» кинотеатрының ұжымы да байқауға қатысқандары үшін балаларға алғыс айтып, жұмыстары қызықты болған балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Келесі қатысушылардың жұмыстары байқалды:
«Өлместік шыңында» (аппликация, тегістеу). Ангелина Медведева (14 жас), Кристина Крамер (12 жас), Эвилина Митрофанова (12 жас). Абай ауданы,Топар кеңті.
«Ұрпақтар жадында» (панорама, ДПИ). Нуркен Айханым (13 лет). Сәтпаев қаласы.
«Портрет Н. Абдирова» (мозаика, шыны). Зейнел Зере (14 жас). Қарқаралы ауданы.
«Нұркен Әбдіров - 100 жыл» (қалта, қағаз). Төлепбек Айзат (13 жас), Жанысбаева Аяулым (13 жас). Қарқаралы ауданы.

«Н.Әбдіров мұражайы «1941-1945» (макет, ағаш) авторы Гармай Игорь (14 жас) Қарағанды қаласы. Оған SIM-картасы бар планшет және айлық ғаламтор төлемі берілді.

Шараның концерттік бөлімінде Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары мен А.Н.Тойболдинаның жетекшілігімен «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ іс-шараға арнайы шақырылған алыс ауылдардан келген балаларға өз құрдастарының жұмыстарын көруге, қонақтармен танысуға және кітапханаға келуге мүмкіндік берілді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!


Всего просмотров: 323

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2019
MoTuWeThFrSaSu
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz