1 қазан қарттар күні - мейірімді және шуақты мереке. Бұл мерекенің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Балалар кітапханасы әр күз сайын кітапхананың бұрынғы қызметкерлерін, бүгінгі зейнеткерлерді Халықаралық мереке - Қарттар күнімен құттықтау үшін қуана қарсы алады.

Қонақжай үстел басында кітапхана ардагерлері мен қызметкерлері және қонақтар жиналды: С.Б.Абельсеитова, Р.Ш.Дүкенбаева, Р.С.Жұмағұлова, Г.А. Колесникова, Б Р. Майлыбаева. Кітапхана басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы мереке қонақтарын шын жүректен құттықтап, оларға кітапхана ұжымы атынан естелік сыйлықтар тапсырды. Кездесу барысында қариялар мерекелік дастарханнан дәм татты.

Дастархан басында қонақтар лайықты демалыста болған кезде немен айналысатыны туралы қызықты әңгімелерін айтты. Өткен жылдарды еске ала отырып, шынайы әдемі көңіл күймен отырып әңгімелесті.

Біздің зейнеткер кітапханашылар кітапхананы "екінші үй" деп танығандары үшін ұжым қызметкерлері өте ризамыз. Бұл кездесулер ұрпақтардың сабақтастығы, біздің ортақ ісіміздің маңыздылығы мен өз мамандықтарына деген махаббаты болып табылады.

Қымбатты кітапханашылар сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!


Всего просмотров: 369

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz