12 ақпан күні қазақ ағартушысы - Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле...» көпшілікке арналған дәріс оқылды. Осы атаулы күнге орай кітапхана қызметкерлері жыл бойы бірқатар іс - шаралар ұйымдастырады. Олардың бірі - Абайдың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін оның шығармашылығы мен маңыздылығы туралы көпшілік дәрістер циклі. Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде болады.

Алғашқы дәрісті Н.Нұрмақов атындағы облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, «Дарын» Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-10 сынып оқушылары  үшін, филология ғылымдарының докторы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Рахимов Берік Серікбайұлы оқыды.

Дәріс барысында абайтанудың өзекті мәселелері, ақынның өмірбаяны, Абайдың ойшыл  ақын ретінде қалыптасуы, «абайтанудың» философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастардың ақын және композитордың шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болды.

Дәріскер Абайдың көп қырлы мұрасын зерттеумен айналысатын алғашқы әдебиеттанушылар туралы: М.Әуезов, Қ.Бейсембиев, Е.Бекмаханов, А.Марғұлан, С. Мұқанов және т. б.жайлы әңгімеледі.

 

 

 


Всего просмотров: 101

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2020
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz