Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 1953 жылы құрылып, қаланың №1 гимназиясының кішкентай бөлмесінде орналасқан еді. Кітапхананың директоры әрі ұйымдастырушысы Сақыш Шайытқызы Асайынова болды.

Кейіннен оның облыстық мәдениет бөліміне ауысуына байланысты, кітапхана басшылығына Никитина Мария Тихоновна тағайындалады. 1969-2009 жылдары 40 жылға жуық уақыт аралығында Абдрахманова Қаныш Қуандыққызы кітапхананы басқарады, 2009-2016 жылдар аралығында Жайлыбаева Нұржамал Өтегенқызы кітапхананың директорлық қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап кітапханада директорлық қызметті Уатаева Баян Қуанышқызы атқарады.

1954 жылдан бастап қазіргі кезге дейін кітапхана Бұқар жырау даңғылындағы 30 үйдің 1-ші қабатында орналасқан. Сол жылы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абайдың аты берілді. Бүгінгі күні Абай атындағы балалар кітапханасы Қазақстанның балаларға арналған кітапханаларының арасында ірі кітапханалардың бірі болып саналады.

Кітапхана қоры 130 мыңнан астам дана құжаттарды құрайды. Жыл сайын 12 мыңнан астам оқырмандарды қабылдайды.

Кітапханада 5 бөлім жұмыс жасайды олар: Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі, Орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі, Инновациялық-әдістемелік бөлімі, Кітап сақтау, өңдеу және толықтыру бөлімі, Кітапхана үдерісін автоматтандыру бөлімі.

Кітапхананың негізгі міндеті, бағыт-бағдары - балаларды ақпаратпен қамтамасыздандыру, кітап және кітап оқуды алға тарту, балалардың Қазақстан тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылығын арттыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттілігін дамыту, негізгі құқтықтық білімді және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Кітапханада үйірмелер және қызығушылық клубы бар:
 
 «Шуақ» балалар шығармашылық студиясы
 «Кел, қазақша сөйлейік!» «Абай жүрген ізбенен»
dryjdfj
 
Кітапхана жұмыс барысында балалар үйінің және интернаттың тәрбиеленушілеріне көп көңіл бөледі. Жоспарлы және мақсатты түрде кітапханаға келетін балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізеді.
 
 
 -Кітапхананың ішкі көрінісі
 
 
 
 

 

Всего просмотров: 29348

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2018
MoTuWeThFrSaSu
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz