1  

День сказки [Текст]/ ред. М. Темнов. – Ужгород: Лира, 2012. – 304с.: ил.

«День сказки» жинағы - әртүрлі мемлекеттердің азаматтарын бір мақсатқа – ертегі шығаруға біріктірген шығармашылық шеберхананың бірлескен жобасы. Ертегі өзінің нағыз достарын - әр түрлі мамандық иелерін, жаңадан бастағандар мен танымал авторларды бір кітапта жинап, біріктірді. Бұл жинаққа қарағандылық балалар жазушысы Дария Жұмагелдинованың «Кішкентай ақбөкен туралы әңгімесі», «Әжемнің қуыршағы» ертегілері енгізілген.

2    

Дойл, А. К. Приключения Шерлока Холмса [Текст] / А.К. Дойл, пер. Н. Чуковский. – М.: Лабиринт, 2018. – 157с.: ил.- (Книга+ эпоха).

Барлық уақыт пен халықтардың ең әйгілі детективі туралы әңгімелерінің интерактивті түсініктеме басылымы.

Бұл кітап детективтік жанрды, викториандық Англия мен оның егжей-тегжейлі тарихын ұнататындар үшін нағыз қазына болып табылады! Шерлок Холмс пен доктор Ватсон туралы Артур Конан Дойлдың бес әңгімесі тарихи-тұрмыстық нақты түсініктемесімен берілген. Оқырман XIX ғасырдың аяғындағы Лондонның өміріне толығымен енеді: Британияның тарихы мен географиясы, медицинадағы жетістіктері және білім берудің дәстүрлері, ғасырлар аралығындағы сәні мен көлігі, криминалистиканың қызықты тарихы түсініктемелерде берілген.

3    

Инжевская, Наталия. Книжкин дом (Карагандинская областная детская библиотека имени Абая) [Текст] / Н. Инжевская . – Караганда, 2018. – 100с.:фото.

Бұл кітапта Н.Инжевскаяның Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы туралы әртүрлі жылдарда жазылған мақалалары және шығармашылық оқырманды тәрбиелеу мен облыстың өскелең ұрпағын қоршаған әлемнің құпияларымен таныстырудағы кітапхана ұжымның күнделікті жұмысын айқындайтын мақалалары жинақталған. Кітапта кітапхананың әр жылдардағы іс-шараларының фотосуреттері берілген.

4    

Маманқұлова, Ақамарал. Атам және мен [Мәтін]/ А. Маманқұлова . – Астана: Сарыарқа, 2013. -72б.: сур.

Ақамарал Маманқұлованың «Атам және мен» деп аталын балаларға арналған туындысы бүгінгі күннің нағыз өзекті мәселесі болып табылады. Кітап нақты кейіпкерге арналып жазылған болса да, қаралатын мәселелері қалың оқырманға, әсіресе, балаларға шығу тегін (қазақ шежіресін, руын, жеті атасы) түсінуге пайдалы.

img639  

Наследие [Текст]/ред. А. Смушкевич . – М.: Литературный клуб, 2012. – 344с.

Е.И.В. Ресей Император үйінің басшысы ұлы княгиня Мария Владимировнаның зор қамқорлық жасауымен Император үйі орыс әдеби клубымен бірлесе отырып, бекіткен «Мұра» ұлттық әдеби сыйлығы байқауына қатысқандардың шығармаларының альманахы. Сыйлықтың басты мақсаты - Ресейге және оның көпғасырлық тарихына арналған дарынды шығармаларды іздестіру. Бұл жинаққа қарағандылық балалар ақыны Татьяна Дубовскаяның шығармалары енгізілген. Бұл «Благодарю», «Деревня», «Все возвращается» өлеңдері, «Утес и низина» мысалы, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Жеңіс күніне арналған «Будем помнить» әні.

6    

Пономаренко, Елена. Казахские мифы детям (Казахские сказки) [Текст] / Е.Пономаренко . –Караганда, 2018. – 68с.

Осы кітабында ұсынылған мифтер мен ертегілер 2005 жылы ғылыми негізде жарық көрген С.Қондыбайдың «Қазақ мифологиясы: қысқа сөздік» сөздігінің жалғасы болып табылады. Автор жас оқырмандар үшін өзінің жаңа ертегісімен әр сөздің тақырыбын ашып көрсетеді. Кітапта қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы баяндалады.

c5c3763e04eaafccecbc49815a9b9db8 1  

Граубин, Г. Почему желтеют листья?[Текст]/Г. Граубин; худож. А. Воробьев – М.: АСТ,  2018. – 44 с.: ил. - (Все на свете знают дети).

«Все на свете знают дети» сериясының кітаптары – бұл көп білуге құмар балаларға арналған көркем және танымдық басылым. Қыста біз жылы киінеміз, ал ағаштар, керісінше, жапырақ тастайды. Неге бұлай болады? Бұлақтар мен құдықтардағы су қайдан келеді, жануарлардың иіс, жанасу мен дәмді сезу қабілеттері қалай құрылған, электр энергиясы дегеніміз не? Балалар осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын осы кітаптардан таба алады.

5  

Гарри Поттер. Путешествие в историю волшебства[Текст]/пер. С. Магомет. – М.: Махаон,  2018 . – 144 с.: ил.

Британ кітапханасында «Гарри Поттер и философский камень» романының                     20-жылдығына орай «Гарри Поттер: история волшебства» атты бірегей көрмесі ашылды. Онда керемет экспонаттар: ежелгі қолжазбалар, сиқырлы таяқшалар мен қазандықтар, жұмбақ бойтұмар, сонымен қатар Дж.Роулинг шимайжазбалары және Джим Кэйдің ерекше иллюстрацияларының тұпнұсқалары жинақталған. Сіздердің алдыңызда жас оқырмандарға арналған ғажайып әлемнің ең керемет артефактері туралы қысқа ескертулері бар арнайы басылым. Әр бөлім  сиқыр көрсетуге арналған қызықты деректермен және әуесқойлық идеялармен толықтырылған.

6  

Душкин, Роман. Крипографические приключения: таинственные шифры и математические задачи [Текст]/Р. Душкин. – М.: АСТ,  2017 . – 352 с.: ил.

Үй қабырғасындағы әдеттегі жазу құпия жолдаманың кілті, ал XIX ғасырдың ертеректегі жазуы жасырылған қазынаны көрсететін нақты карта болуы мүмкін! Ең бастысы, барлық жұмбақтарды дұрыс шешу және дұрыс жолдан таймау үшін физика, логика және математика бойынша өзіңіздің барлық біліміңізді қолдану қажет. Сізді тек криптография мен шифрлау тәжірибесі әлеміне апаратын қызықты квестпен қатар тарих, география және тіпті генетика бұрылыстары арқылы да саяхат та күтіп тұр!

7  

Колдуэлл, Стелла. Волшебная страна [Текст]/С. Колдуэлл. – М.: Махаон,  2018 . – 96 с.: ил.

Стелла Колдуэлл - Корольдік сиқырлы жаратылыстарды зерттеу институтының құрметті профессоры және сиқырлы әлемді мекендеушілер, фейри бойынша әлемдегі танымал маман. Ол керемет және ерекше оқиғалар туралы ақпаратты жинап, көптеген адамдармен кездесе және лекциялар оқи отырып, көп саяхаттайды. Бұл кітапта профессор Колдуэллдің ғылыми еңбектерінен үзінділер, оның күнделіктерінен үзінділер және сиқырлы әлемді мекендеушілер туралы әңгімелер жинақталған. Колдуэллдің топтамасындағы  ғажайып заттардың суреттері сиқырлы елдің бар екендігін және оған сенетін кез келген адам үшін ашық болатынын дәлелдейді!

847eb2053778676d8bf71b78d2d4eae2 2  

Бейктал, Джон. Конструируем роботов от А до Я [Текст]: полное руководство для начинающих / Дж. Бейктал. – М.: Лаборатория знаний, 2018. – 394с.: ил. – (РОБОФИШКИ).

Сендерді роботтар қызықтырады ма? Барлығы сендер ойлағаннан, әлдеқайда оңай! «Конструируем роботов от А до Я» кітабының авторы бұл кітапта өзінің барлық білімін және тәжірибесін жинақтаған. Кітапта балалар жасаған керемет роботтардың 30 конструкциясы ұсынылған. «РОБОФИШКИ» сериясының кітаптарында ең ғажайып және күтпеген идеялар шындыққа айналады. Өзіңнің роботыңды жасап, нағыз өнертапқыш бол!

847eb2053778676d8bf71b78d2d4eae2  

Военная техника [Текст] : детская энциклопедия . – Ростов н/Д: Владис, 2017. – 64 с.: ил. – (Любимая детская энциклопедия).

«Любимая детская энциклопедия» сериясының кітаптарымен барлық уақыттағы қызықты техника, ұшу аппараттарының әлеміне, біздің планетамыздың су кеңістігіне өте қызықты саяхатқа шығып, дыбыс жылдамдығы аса жоғары истребительдерде ұшуды немесе өзіңді жауынгерлік танктің жүргізушісі ретінде елестет. Балалар осы қызықты басылымдарды оқыған соң, ата-бабаларымыздың қандай кемелерде жүзгенін, катапульта дегеннің не екенін, махолетті және тағы басқаларды кім ойлап тапқанын біледі. Алға, жаңа білім мен жаңалықтарға!

847eb2053778676d8bf71b78d2d4eae2 1  

Бернетт, Фрэнсис. Маленький лорд Фаунтлерой [Текст] / Ф. Бернетт. – М.: Махаон, 2017. – 216 с.: ил. – (Классная классика).

Ағылшын жазушылары Фрэнсис Бернетт пен Анна Сьюэллдің шығармалары сабақтан тыс оқу бағдарламасына кіреді. «Классная классика» сериясының кітаптары балаларға әдебиет сабақтарына дайындалуға көмектесетін кіріспе мақалалардан тұрады. «Маленький лорд Фаунтлерой» повесі Ф.Беннетттің ең үздік жұмысы болып табылады және әлемдік балалар әдебиетінің ең үздік әлемдік туындыларымен қатар тұр. A.Сьюэллдің «Черный Красавчик» шығармасы - бұл ағылшын әдебиетінің нағыз классикасы, жылқының қиын өмірі туралы, достық пен қайырымдылық туралы нанымды, әсерлі кітап.

11  

Могилевкая, Софья. Большая книга для девочек [Текст]/С. Могилевская. – М.:АСТ, 2018. – 159с.: ил. – (Большая книга для девочек).

С.Могилевскаяның қазіргі заманғы қыздармен бөлісетін кеңесі шын мәнінде құнды. Олар уақыт өткен сайын ескірмейді, барлық жағдайларда пайдалы. Үйдегі тәртіп, ұқыпты сыртқы келбеті, мерекелерге дайындық, аспаздық дағдылар – бірде-бір аспект автордың назарынан тыс қалмаған. Осының бәрі іш пыстыратын ілім түрінде емес, көңілді қызықты танымды әңгімелердің мысалында ұсынылады. Бұл кітапты оқып шығып, сендер кез келген істі көңілді түрде жасауға болатынын түсінесіңдер!

14    

Трэверс, П. Мэри Поппинс на кухне [Текст]: кулинарная книга с историей / П. Трэверс; худож. М. Шепард. – М.: РОСМЭН, 2016. – 80 с.:ил.

Ағылшын суретшісі Мэри Шепардтың керемет иллюстрацияларымен суреттелген «Мэри Поппинс на кухне» ертегі повесінде бәрінің сүйікті күтушісі ең керемет ағылшын тағамдарын әзірлейді және оқырмандармен олардың рецептерімен бөліседі. Оларды қолдана отырып, әркім пеш алдында тамақ әзірлеудің еш қажытпайтынын түсінеді!

img475  

Бриджес, Дж. Этикет для юной леди. 50 правил, которые должна знать каждая девушка [Текст] / ред. О. Зубкова . –М.: Э, 2017. – 240с.

Қазіргі заманғы қыздың өмірі түрлі оқиғалармен және тұрақты қарым-қатынасқа толы - ектеп, әртүрлі үйірмелер, достарымен дәмханалардағы отырыстар, ойын-сауық кештері. Жақсы әсер қалдыру үшін қазіргі этикеттің негіздерін білу қажет. Өйткені, жақсы мінез-құлықтың ескіруі мүмкін емес, олар әр қыздың өміріндегі маңызды аспект болып табылады.

img476    

Бриджес, Дж. Этикет для юного джентльмена. 50 правил, которые должен знать каждый юноша [Текст] / ред. О. Зубкова . –М.: Э, 2018. – 192с.

Жақсы әдеттер – салауатты ақыл-ой мен сыпайылықтың белгісі болып табылады, сондықтан жас жігіт оны мүмкіндігінше ерте меңгеруге тиіс. Джентльмен болу үшін уақытын таба білетін жас жігіт өмір бойы табыс әкелетін инвестиция жасайды! Жастар бұл кітаптан қалай қол алысуды, қошеметті дұрыс айтуды, галстукты байлауды және тағы басқаларын үйренеді.

img477    

Таңғажайып глобус [Мәтін] : неміс ертегілері /ауд. Р. Мұмабаева . – Алматы: Атамұра, 2017. -64б.: сур.

Неміс жазушыларының ертегілері топтастырылған «Таңғажайып глобус» деп аталатын бұл кітап бала қиялына қанат бітіріп, ізгілікке, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың жан дүниесін нәрлендіріп, таңым көкжиегін кеңейтеді. Кітапқа Эльмар Шенкель, Мартин Лютер, Катрин Дройт, Вильгельм Кропп атты белгілі неміс жазушылардың ертегілері енгізілген – қазақ және неміс тілдерінде. Ертегілерді неміс тілінен қазақшаға тікелей аударған - журналист, аудармашы, ұстаз Рауза Мұсабаева.

da37f4c8f633937ff0e29195dc386818  

Живая природа[Текст]/ред. А. Альникин . – Ростов-на Дону: Проф-Пресс, 2017. – 32с.: ил. - (В мире знаний).

Сіздің ақылды әрі білуге құмар болғыңыз келе ме? Онда танымал «Білім әлемінде» сериясының кітаптары Сіз үшін. Әдемі иллюстрациялар мен қызықты ақпарат балаларға қоршаған ортадағы әлем туралы көптеген жаңа нәрселерді білуге көмектеседі және жануарлардың төлдері қалай өсіп, дамитыны, иттер мен мысықтардың қандай тұқымдары бар екен;, ежелгі дәуірдегі қандай қызықты саяхаттар болғаны; осы уақытта адамзат өркениеті қандай биіктерге жеткені туралы қызықтыратын сұрақтарға жауап алады.

10  

Гиннес. Мировые рекорды 2018 [Текст]/ О. Зубкова . –М.: АСТ, 2017. – 256с.: ил.

Бұл ғажап кітапта табиғат, ғылым, әлеуметтік медиа, технология, музыка, кино, спорт әлеміндегі мыңдаған жаңа рекордтар және «Адам денесі», «Үлкен заттар» және «Топтамалар» сияқты классикалық санаттардағы соңғы жетістіктер ұсынылған. Рекордтарды суреттейтін ғажайып түсірілімдер. Бүкіл отбасының білімін тексеруге көмектесетін қызықты сұрақтар!

11    

Шотаев, Мақсат. Тоғызқұмалақ негіздері [Мәтін]/М. Шотаев . – Алматы: KAZBILIM орталығы, 2017. – 108б.

Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан төл мұраларының бірі – тоғызқұмалақ. Бүгінде бұл спорт түрі халықаралық деңгейде жоғары қарқынмен даму үстінде. Ұсынылып отырған кітапта тоғызқұмалақ ойынының қалыптасу тарихы, негізгі ережелері, амал - әдістерінің ерекшіліктері берілген. Ұлттық ойындағы тұздық ережесі, оның қызметі, оларды бағалау сатылары нақтылы мысалдармен қарастырылған.

da37f4c8f633937ff0e29195dc386818 1  

Төреханова, Зәуре. Ел жүрегі – ажарлы Астана [Мәтін]/З. Төреханова . – Алматы: Алматкітап, 2017. – 152.:сур.

Бұл кітапта сендер қаламыздың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты тарихын тарқатып, елорданың құпия сырларымен, аңыздарымен танысатын боласындар. Сонымен қатар елорадамыщдың әлемге танымал сәулет ескерткіштерін тамашалап, қаланың мәдениеті, спорттық нысандары, білім беру саласы мен табиғаты жайында ақпарат аласындар. Кіпатың бас кейіпкері Аружан мен оның көмекші роботы A.I.A. ұсынған Жазушының Бес Ережесі – осылардың бәрін танып білуге көмектесетін болады.

1  

Динозавроведение. Поиски затерянного мира [Мәтін]. – М.: Махаон, 2016. – 30 б.: сур.

Бұл кітап - саяхатшылар қауымдастығы 2012 жылы өз мұрағатын қайта қарап шыққаннан кейін жіберген полковник П.Х. Фоссеттің көмекшісі экспедицияға қатысқан Роли Раймс күнделігінің факсимильдік басылымы. Кітапта ежелгі ящерлердің көптеген түрлі-түсті суреттері, экспедицияның карталары мен суреттемелері, иллюстрациялар бар. Сіздер бұл керемет және еркше кітаптан динозаврлар шынында бір кездері Жерде тіршілік етті ме, жоқ па, олардың қалай тіршілік еткенін және немен қоректенгенін біле аласыздар.

 

2  

Египтология. В поисках гробницы Осириса [Мәтін]/ред. О. Красновская . – М.: Махаон, 2015. – 30 б.: сур.

Египтология – «Махаон» баспасынан шыққан сапалы сыйлық ретіндегі басылым. Бұл кітап шамамен 1926 жылы жазылған «Дневник экспедиции мисс Эмили Сэндс» күнделігінің дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Оның тек мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге әдемі карталар, керемет шағын кітапшалар, мумия жабындысының үлгісі, сфинкстің сиқырлы көзімен пирамидалардың кескіндері, ашықхаттармен, фотосуреттермен және де тіпті жүк талонымен Египеттен келген хат түріндегі қосымша материалдарымен де тартымды.

Мұқабасы сиқырлы тастармен көмкерілген. Кітапта ежелгі ойын тастарымен және сиқырлы ойын алаңы бар ежелгі египет ойыны ұсынылған ...

 

 3    

Шеффер, Альберт. Иллюзионология. Секреты магии [Мәтін]. – М.: Махаон, 2016. – 30 б.: сур.

Сіздің керемет таңдандырып, таңырқатыпп, таң қалдырғыңыз келе ме? Сіздің бұрынғы кездің ұлы сиқыршыларының құпияларын білгіңіз келе ме? Сіз ең түсініксіз және қызықты иллюзияларды шешуге арналған кілтті табуға тырысасыз ба? Онда сізге керегінің дәл өзі! Бұл кітапта ұлы шеберлердің білімі мен тәжірибесі жинақталған, сиқыршыларының тарихы сипатталған.

 4    

Эванс, Гестия. Мифология [Мәтін]. – М.: Махаон, 2017. – 30 б.: сур.

Ежелгі Грек мифологиясының кейіпкерлеріне жан бітетін керемет интерактивті басылым. Бұл таңғажайып кітаптың парақтары минотаврдың лабиринті және тіпті Пандора қорабының түрлі-түсті карталарына айналады. Әрбір парақталған бет тағы бір ашылған құпияны, шытырман оқиғаны білдіруге уәде береді. Интерактивті материалдар, толықтырулар, құпиялар, карталар, тіпті алтын руно!

5    

Дрейк, Эрнест. Монстрология. Все о монстрах [Мәтін]. – М.: Махаон, 2017. – 30б.: сур.

Бұл басылымда монстрларға, адам шошырлық құбыжықтарға және ертегі аңдарына жан бітеді. Бұл оқырманның химера, грифин, феникс, базиликс және тіпті левиафан сияқты осынау таңғажайып жаратылыстарымен танысатын ғажайып галерея. Бұл кітап 1904 жылы 100 дана таралыммен жарық көрген басылымның нақты көшірмесі болып табылады.

Біз баяндалғандардың шынайылығын растай да және жоққа да шығара алмаймыз, сондықтан барлығыңызға өз зерттеулеріңізді жүргізуді ұсынамыз. Интерактивті материалдар, толықтырулар, құпиялар, карталар және де доктор Дрейктің коллекциясының алты бірегей экспонаттары!

6  

Профессии. Большая книга. [Мәтін]. – М.: РОСМЭН, 2017 . –152 б.: сур.

Мамандық – бұл ересектердің өмір бойы күнделікті жасайтын ісі. Сондықтан оны таңдауда қателеспеу өте маңызды, өйткені сен өзіңе ұнайтын іспен айналыссаң, онда жұмыс жақсы жүреді. Ол үшін өзіңді не нәрсенің қызықтыратынын түсіну керек. Дүниеде көптеген мамандықтар бар, олардың кез-келгенінде өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірақ егер сен өзіңнің сүйікті ісіңді жан-тәніңмен беріле істесең, онда сен жақсы маман болып шығасың. Сен адамдарға пайда тигізсең, ол үшін олар риза болады. Кітапта 15 мамандық туралы қызықты және толық әңгімелейді. Олармен таныс, мүмкін болашақта немен айналысқың келетініңді түсінесің.

7  

Торманова А.С. Большая книга фокусов и трюков [Мәтін]/ А.С. Торманова. – М.: АСТ, 2017 . –160 б.: сур.- (Для самых любознательных).

Нағыз сиқыршы болуы үшін бұл кітапта классикалық сиқырлардың, қолдың ептілігін, есте сақтау және ойлау қабілетін дамытатын жаттығулардың, әр шебер әдістің қадамдық сипаттамасы, түрлі-түсті иллюстрациялардың бәрі бар. Жасап көрсеңіз, Сіз сиқыр көрсетудің қиын емес, бірақ қызықты екенін бірден түсінесіз!

b9cc58017fd90a9ee6d9a4ec38ddd7c3 2  

Пучкова, Ю.Я. Приключения в саванне [Мәтін]/ Ю.Я. Пучкова . – М.: Айрис - пресс, 2016. – 128б.: сур. – (Английский клуб).

«Английский клуб» сериясына ағылшын тілін 5 кезеңде оқытуға арналған кітаптар мен оқу құралдары енгізілген: Elementary (бастауыш топқа), Pre-Intermediate (бірінші деңгейді жалғастырушыларға), Intermediate (екінші деңгейді жалғастырушыларға), Upper Intermediate (үшінші деңгейді жалғастырушыларға) және Advanced (тілді жетілдірушілерге). Әрбір тарау сөйлеу дағдыларын және грамматиканы дамытуға бағытталған жаттығулармен қамтылған. Оқу құралы мектеп, лицей және гимназиялардың 3-4, 5-7 және 10-11 сынып оқушыларына арналған. Сонымен қатар, кітаптарда берілген оқу кезеңіне сәйкес келетін ағылшын-орыс тілі сөздігі бар.

1    

Атлас мира. Максимально подробная информация [Мәтін]/ред. И. Ушакова. – түз. және толық. 11 басылым. - М.: АСТ, 2017. – 96б.: сур.

Ең заманауи әдемі картографиялық басылым. Онда әлемнің толық физикалық және саяси карталары, сондай-ақ әлемнің барлық елдері - олардың мемлекеттік құрылымы, халқы, тарихы, экономикасы, халықтар мен діндері туралы оқырманға қажетті ақпарат бар. Бұл атлас сендерге дүние жүзі бойынша керемет саяхат жасауға көмектеседі!

2    

Березнякова, К. Плетение из резиночек для начинающих[Мәтін]/К. Березнякова . – М.: Э, 2015. – 64б.: сур. - (Волшебные резиночки).

Резеңкеден тоқу бойынша суретті шеберлік сыныптары маусымның ең сәнді әуесқойлық ісімен айналысқысы келетіндерге арналып дайындалған. Қарапайым нұсқаулықтар, қадамдық фотосуреттер және сүйкімді модельдер табысқа кепілдік береді! Қыздар бұл кітаптың көмегімен әртүрлі түрлі-түсті резеңкені таңдап-үйлестіре отырып, кезкелген сәнді киімдерімен жарасымдылық тауып, көңіл – күй сыйлайтын білезіктер тоқиды!

3    

Военная техника [Мәтін]/ суретші Н. Гордеев . – М.: АСТ, 2017. – 46б.: сур. – (Как это устроено?)

Ресей әскерінің әлеміне қызықты техникалық саяхат! Бұл кітап ракеталық әскери күштердің Тополь – М, ракеталық полктің командалық бекеті; әскери-теңіз флоты; әскери-ауа күштері: КА-50, МИ-18 тікұшақтары, СУ-30 ұшағы және басқа да көптеген техниканың қалай құрылғанын әңгімелейді және көрсетеді.

4    

Филдс – Бабино, М. Дрессируем кошку за 10 минут [Мәтін]/М. Филдс - Бабино. – М.: Эксмо, 2015 . – 144б.:сур.

Сіздің мысығыңыз тапсырма бойынша сізге жақындап келе ала ма, иығыңызға секіре ме немесе сөмкеде жүре ала ма? Оны қалай дәретханаға тиімді үйретіп, жаман әдеттерін жоюға болады? Бұл кітап мысыққа қарапайым тапсырмаларды орындауды қалай үйрету керектігін айтады. Оның авторы Мириам Филдс – Бабино, оның теледидар мен фильмдерде мысықтарды түсіруді үйретудің көп жылдық тәжірибесі бар. «Дрессируем кошку за 10 минут» бірегей кітабы сендерге өзіңнің үй жануарыңның мінезін білуді, уақытты қалай қызықты өткізуді және достарыңды оның жаңа мүмкіндіктерімен таңдандыруға көмектеседі!

5    

Химия: эксперименты и опыты с превращением веществ [Мәтін]/ М. Константиновский. – М.: АСТ, 2017 . –46б.: сур.- (Почемучкины опыты и эксперименты).

Оқырман осы қызықты басылымда жарықтың табиғаты туралы бірнеше қызықты әңгімелерді, сондай-ақ жарық, түс, дыбыс және сумен жасалатын 19 физикалық тәжірибені таба алады. Барлық тәжірибелер әр үйде оңай табылатын заттарды пайдаланумен жасалады. Бұл қызықты сабақтар кейбір физикалық құбылыстарды түсініп қана қоймай, ой қиялын, шығармашылық және логикалық ойлауды дамытады.

6    

Химия [Мәтін]. – М.: АСТ, 2018 . – 47.: сур. – (Тетрадь научная).

Бұл кітап бірегей басылым болып табылады, оның мақсаты – шығармашылық, ойын нысанында химиямен таныстыру. Балалар оның беттерінен көптеген әртүрлі тәжірибелерді тауып, үйден шықпай-ақ қолдағы бар материалдармен тәжірибе жасай алады. Және суық суды «қайнатуға» бола ма, үйде меншікті кристаллды қалай жасауға болады, газдалған лимонадты қалай жасауға болады және т.б. сұрақтарға жауап табады.

1dfhdrtghsrhdrhdj  

Аюлар қаласы [Мәтін] ]/ред. Қ. Байғабылова . – Алматы: Аруна, 2017. -20б.: сур. – (Сиқырлы кітап).

Аюлар қаласы ғажайып оқиғаларға толы. Сен бұл жерден өрт сөндіруші – аюды, пошташы – аюды, тепловоз жүргізуші – аюды, тіпті аю - теңіз қарақшысын да кездестіресің! Әрі аюлардың мұражайын, әуежайын көресін. Осының бәрін «Аюлар қаласы» деп аталатын мына қолындағы ашылып – жабылатын, жазылатын, қозғалатын бөлшектері бар керемет кітаптың ішінен табаласың. Кітапты басынан аяғына дейін оқып шыққан балалар Аюлар қаласының мәртебелі азаматы болып саналады!

2drthdrhdjjkjxdfh  

Теңіз қарақшылары [Мәтін] ]/ред. Қ. Байғабылова . – Алматы: Аруна, 2017. -20б.: сур. – (Сиқырлы кітап).

Кемемен теңізде саяхат жасағын келе ме? Онда мына «Теңіз қарақшылары» кітабын қолына ал. Бұл кітапта көптеген ғажайып қызықты оқиғалар баяндалған. Жас оқырмандар айбынды да көнілді теңіз қарақшыларымен танысады. Олардың қалай өмір сүргенін, не кигенін, салтанатты отырыстарда қандай ән шырқағанын біледі. Ашылып – жабылатын, жарқыраған асыл тастары бар бұл ғажайып кітап – саяхатты ұнататын балаларға арналған сыйлық.

3dgcfgh ddhjjkukk  

Көлік түрлері [Мәтін] ]/ред. Қ. Байғабылова . – Алматы: Аруна, 2017. -20б.: сур. – (Сиқырлы кітап).

Оқиғаға толы «Көлік түрлері» атты кітаптың көмегімен дүние жүзінде кездесетін барлық көлік түрлерінің сырын білесін! Ару мен Диар – осы кітаптін кейіпкерлері, бүкіл әлемдегі жүзетін, ұшатын және барлық көлік түрлерін білу үшін шым – шытырық оқиғаларды басынан кешірді. Марсқа қандай көлік жеткізе алады? Мұхиттың астына апаратын қандай көлік? Барлық сұрақтардың жауабын көліктер туралы ашылып – жабылатын, жазылатын бөлшектері бар керемет кітаптан білетін боласың.

uk406164  

Волшебствоведение. Подлинная история о волшебниках, рассказанная Мерлином [Мәтін]/ред. Т. Фролова . – М.: Махаон, 2017. – 30с.: сур. - (Дневник мага).

Егер сендер сиқыр құпиясын білуге ниет білдірсеңдер және жандарыңда даналық кеңесін беруші тәлімгер болмаса, онда бұл кітап сыйқыршы Мерлин жасағандай, сендердің қателеріңді түзетіп, бағыт беріп қолдайды. Бұл кітап өте ертеде, XVI Англияда жарыққа шыққан. Көп жылдар өткен соң ғажайыптан сақталған кітаптың бір данасы ескі сандықтың құпия бөлігінен табылған.

t2  

Океанология. Подлинный отчет о путешествии на «Наутилиусе» [Мәтін]/ред. И. Щадрина . – М.: Махаон, 2016. – 30с.: сур.

Буырқанған теңіз толқындарында қандай құпиялар жасырылған? Ғасырлар бойы адам өзін қорқынышты әрі керемет еліктіретін қараңғы тереңдікте не күтіп тұрғанын ойлаумен болды. Кітаптың басты кейіпкері - саяхатшы Зотикус де Лессепске алдында не күтіп тұрғаны белгісіз мұхитты тереңдігіндегі құпиялардың сырын адамдарға ашуды мәжбүрлеген алғашқы ашушылардың арасында болу мүмкіндігі тиді.

t3  

Ревенсон, Дж. Гарри Поттер. Фантастические существа. Все-все-все о животных и растениях в фильме о Гарри Поттере[Мәтін]/Дж. Ревенсон. – М.: РОСМЭН, 2016 . – 208с.:сур.

Бұл кітаптан сендер Гарри Поттер туралы фантастикалық фильмдерді жасаумен айналысқан суретшілердің сұлбаларын, «Warner Bros» кинокомпаниясының архивіндегі бірегей фотосуреттерді, кино өндірісінің қызықты құпияларын, сонымен қатар нағыз тосынсый – «Сова» сауда орталығының нағыз каталогын және барлық фантастикалық жаратылыстардағы постерді табасыңдар!

t4  

Сибли, Б. Гарри Поттер. Рождение легенды [Мәтін]/Б. Сибли. – М.: РОСМЭН, 2016 . – 165с.:сур.

Бұл бірегей басылым сендерді сиқырлы әлемге бастайды, кино өндірісінің құпияларымен, бұрын жарияланбаған фотосуреттермен және суреттермен, сондай-ақ жұлдыздардың эксклюзивті әңгімелерімен бөліседі. Кітаптың мәтіні мен дизайны Дж. К. Ролингтің әйгілі романдарын үлкен экранға шығарған шығармашылық топпен және актерлермен бірлесе жасалған. Сендер киім кию бөлмесіне, гримдеу бөлмесіне және тіпті Гарри Поттер туралы фильмдерінің таңғажайып кейіпкерлері пайда болған шеберханаға кіре аласыңдар...

t5  

Чернова, Е. Приведения [Мәтін]: энциклопедия. – М.: АСТ, 2014 . – 96с.: сур.- (Все о загадочном мире приведений!).

Бұл айрықша кітаптың кейіпкері – медиум немесе сыйқыршы қыз. Оның есімі Дамиара. Ол өз достарынан қатты ерекшеленеді, себебі ол басқалар көре алмайтынды – Елес адамдарды көреді! Дамиара шындықтың арғы жағындағы елес адамдармен сарайларда жасаған ерекше саяхатының шынайы тарихын әңгімелейді ...

6137e13de8da7271c0c4f897da605482 1  

Все о бумаге [Мәтін]: справочное издание. – М.: Махаон, 2014 . – 138.: сур. – (Discovery education).

Бұл «Discovery education» бірегей сериясы бүкіл әлемге танымал ғылыми білімді таратумен айналысатын «Дискавери» компаниясымен ынтымақтастықта жасалған.Серия төрт үлкен бөлімнен тұрады: «Ғылым мен техника», «Биология», «Тарих» және «Қоғамтану». Әр бөлімде зияткерлік дамытатын және қоршаған ортаны білу үшін пайдалы кең ауқымды тақырыптарды ұсынады: «Все о бумаге», «Великая Китайская стена», «Мода прекрасная и опасная», «Морской берег и его обитатели».

 741d5d87239f0e5a82ed91a8ea779241    

Вайткене, Л.Д. Большая книга опытов и экспериментов для детей и взрослых [Текст]/Л.Д. Вайткене – М.: АСТ, 2017 . – 224с.: ил. – (Для самых любознательных).

Сіз күн сайын біздің айналамызда болып жатқан құбылыстарды тәжірибе жүзінде білгілерің келеді ме? Онда тезірек осы кітапты ашыңдар – оны оқып, неліктен қанттың ыстық суда еритінін, атмосферада жаңбыр тамшыларының қалай пайда болатынын, мұхиттың неге қатпайтынын түсінесіңдер. Қолдарыңдағы басылыммен мұның бәрі өте оңай. Барлығында әрбір үйде болатын белгілі бір заттар: су, тұз, жұмыртқа, лимон, майшам және т.б. қажет болады. Бұл тәжірибені жасап көріп, сендер тек білім алып қоймай, үлкен рахатқа бөленесіңдер. Сонымен бірге бұл сабақтар оқу барысында көмектеседі.

vuill  

Джумагельдинова, Д. Т. Еркегали по прозвищу Кошмарик [Текст]/Д. Т. Джумагельдинова. – Алматы: Дайыр Баспа, 2011 . – 176с.

Қарағандылық балалар жазушысы Дария Джумагелдинованың «Еркегали по прозвищу Кошмарик» повесі Ерке есімді бала туралы. Оның ізгілікке толы, өз-өзімен болып, әр нәрсеге қызыға қарайтын сотқарлау мінезі, жақсы және кейбір тартымсыз әрекеттері, ауылдағы оқиғалары жас оқырмандарды қызықтырып әкетеді. Шығарма қарапайым, жеңіл және түсінікті тілде жазылған.

.

 cghn  

Готовим праздник всей семьей [Текст]. – М.: Эксмо, 2017 . – 64с.: ил. – (Кулинария. Юный шеф - повар).

Отбасындағы мерекеге не жетсін! Балалар осы керемет кітаптың көмегімен кезкелген мерекеге керемет, әдемі және өте дәмді тағамдар жасай алады. Егер анасымен, әкесімен, әжесі және атасымен бірге дайындайтын болса, онда екі есе көңілдірек болады!

 fkhm  

Копилка секретов для настоящих мальчиков [Текст]. – М.: Азбука - Аттикус, 2016 . – 134с.: ил. – (Блестящие идеи – простое исполнение).

Өмірдің әртүрлі жағдайлары бойынша ер балаларға арналған тәжірибелік кеңестер: вигвам жасау, уж және гадюка жыландарын қалай ажыратуға болады, бақша тоғанын қалай жасайды, орманда адасып кетпеу ... Ұлдар мұнда нағыз шытырман оқиғаларды ұнатушылар білуге тиісті көптеген құпияларды табады.

ukjmgc  

Көңілді жауапқұмар [Мәтін]. – Алматы: Аруна, 2016 . – 48б.: сур. – (Әй- әй).

«Көңілді жауапқұмар» - ең кішкентай оқырмандарға арналған танымды кітап. Ойынның қызықты сұрақтары, жұмбақтар, жаңылтпаштар, танымдық әзілдер баланың тілін дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, логикалық ойлауын дамытады.

 serk.x  

Қазыбек Би Келдібекұлы [Мәтін]: аңыз - әңгіме/ құраст. Б.Бақриденқызы . – Алматы: Балауса, 2017 . – 432б.

Оқырмандардың назарына Қарағанды облысына белгілі өлкетанушы және ақын Батима Бақриденқызы құрастырған «Қазыбек би Келдібекұлы» кітабын ұсынамыз. Онда ұлы қазақ биінің өмірінен, оның шешендік шеберлігі мен ділмарлығы туралы тарихи деректер келтірілген. Қоғам қайраткері, шешен, елші ретіндегі Қазыбек би туралы көптеген қызықты деректерді білеміз.

Басылым жоғары мектеп жасындағы оқушыларға арналған және туған өлкенің тарихын және Қазақстанның тарихын зерделеуде өте жақсы құрал болып табылады.

 xfgthdfhxfhrrrr  

Мудрость Востока [Текст]: притчи об истине, добре, счастье и пользе наук. – М.: АСТ, 2017 . – 320с.: ил. – (Великие притчи).

Шығыс аңыздары өзінің астарлы ерекше бояуларымен ерекшеленеді. Олардың кейіпкерлері - құдайлар, билеушілер, кезбе монахтар, бір сөзбен айтқанда, әлем туралы шындықты жеткізушілер. Олар бұл кітаптың беттерінде махаббат, ізгілік, бақыт және ғылымның пайдасы туралы сөздерін оқырмандарға арнайды.
Осы басылымға енгізілген араб, қытай және үнді әлемі тұрмысындағы тәмсілдер мен аңыздар орыс фельетонисі Влас Дорошевичтің баяндауымен берілген.

sthrthrh8  

Рождественские истории [Текст]/сост. М. Миклош. – Астана: Фолиант, 2017 . – 32с.: ил.

Рождествода сыйлықтар алу соншалықты жақсы. Әрине сыйлық беру де өте жақсы. Бірақ сыйлық дегеніміз тек жаңа ойыншық немесе киім ғана емес. Жылылық, қызық-қуанышты бөлісу және мейірімділік қарым-қатынасы құнды сыйлықтардан кем түспейді. Бұл кітаптағы әр оқиға осындай қарым-қатынасқа үйретеді.

 9785955514932    

Агафонов, В. Сказки страны Математики. Приключения Великого Нуля [Текст]/В. Агафонов, О. Соболева . – М.: Дрофа - Плюс, 2017. – 64с.: ил.

Бұл ғажайып кітапта математикалық және ертегі заңдары өзара қызықты бір ойынға кірісетін сияқты. Ол кішкентай оқырмандарға қиял-ойы арқылы математикалық байыпты ақиқаттарға қарауға көмектеседі. Ойынға бүтін және бөлшек сандар, таңбалар мен амалдар қатысады, ал ертегінің барлық сценарийі жұмбақ және ерекше сан-нөлдің айналасындағы оқиғаларға арналған.

 2    

Вайткене, Л.Д. Большая книга опытов и экспериментов для детей и взрослых [Текст]/Л.Д. Вайткене – М.: АСТ, 2017 . – 224с.: ил. – (Для самых любознательных).

Сіз күн сайын біздің айналамызда болып жатқан құбылыстарды тәжірибе жүзінде білгілерің келеді ме? Онда тезірек осы кітапты ашыңдар – оны оқып, неліктен қанттың ыстық суда еритінін, атмосферада жаңбыр тамшыларының қалай пайда болатынын, мұхиттың неге қатпайтынын түсінесіңдер. Қолдарыңдағы басылыммен мұның бәрі өте оңай. Барлығында әрбір үйде болатын белгілі бір заттар: су, тұз, жұмыртқа, лимон, майшам және т.б. қажет болады. Бұл тәжірибені жасап көріп, сендер тек білім алып қоймай, үлкен рахатқа бөленесіңдер. Сонымен бірге бұл сабақтар оқу барысында көмектеседі.

3  

Дерзкая книга для девочек. Классно! Невозможно оторваться! [Текст]/ред. М.Фетисова – М.: АСТ, 2015 . – 320с.: ил.

Бұл ерекше басылымда қыздарға және олардың аналары мен әжелеріне ұнайтындардың бәрі: әлемні түрлі елдері тағамдарының рецепті, мысықты қалй үйретуге және итті қалай тәрбиелеуге болатыны туралы кеңестер, түрлі жазушылардың өмірінен оқиғалар бар. Осы кітаптың арқасында ең танымал мерекелерді қалай тойлауға, жұлдызнама белгілері бойынша сәйкестікті қалай анықтауға болатынын және т.б. білуге болады.

4  

Доманская, Л.В. Хорошие девочки всегда говорят спасибо [Текст]/Л.В. Доманская. – М.: АСТ, 2017 . – 159с.: ил. – (Хорошие книги для хороших детей).

Қыз балаларды жақсы мүнез-құлық пен тәртіп ережелеріне үйретіп қана қоймай, оларды мейірімділік пен жанашырлыққа баулитын кітапты ұсынамыз. Үйде, қонақта, көшеде, құрадастарымен және ересектермен тәртіптің салыстырмалы жағдайлары кішкентай қыздарға ненің жақсы, ненің жаман екенін түсініп, өздернің қорытынды жасауларына көмектеседі

5  

Иванова, Н. Здравствуй, химия! или Полезная книга об окружающем мире [Текст]/Н. Иванова. – Ростов/Д: Феникс, 2015 . – 12с.:ил. – (Здравствуй, школа).

Химия – заттар және олардың түрленуі туралы ғылым. Ғажайып түрленулер бар жерде, ертегі де өмір сүреді. Ал химик-ғалымдардың өздері аздап сыйқыршы және ертегіші болады. Бұл қоршаған әлем орта туралы білімнің қызықты саласы. Жас оқырмандар су немесе тамаққа қосатын ас тұзы неден тұрады? Медициналық шыныдағы йод дегеніміз не? Біз дем алатын ауа неден тұрады? – деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар осы сұрақтардың барлығының жауабын осы кітаптан алады.

6  

Оружие и военная техника[Текст] . – Ростов/Д : Владис, 2016 . – 128с.:ил. – (Большая детская энциклопедия).

«Оружие и военная техника» кітабы адамзат білімінің барлық саласын қамтитын балалар энциклопедиясының жаңа сериясын ұсынады! Қызықты деректер, керемет түрлі-түсті суреттер, үй-жайлары мен ғимараттардың үш өлшемді үлгілері, көрнекі бейнелер. Басылымда ежелгі заманнан бастап осы уақыттағы қару түрлері, түрлі елдердің әскери техникасы берілген.

7    

Антонова, И. Красавица 5 «В» [Текст]/И. Антонова. – М.: Азбука - Аттикус, 2016 . – 144с.: ил. – (Веселая компания).

Әр оқушы «Веселая компания» сериясының көңілді кітаптарын оқып, кейіпкерлерінің арасынан өзін, өзінің достарын және сыныптастарын таниды. Көңілді және қызықты оқиғалар достық туралы, алғашқы махаббат, жетістіктер мен қателіктер, қолдау мен өзара көмек қолын созу туралы - әртүрлі заттар туралы баяндайды

8    

Булычев, К. Девочка, с которой ничего не случится [Текст]/К. Булычев. – М.: Махаон, 2016 . – 176с.: ил. – (Веселая компания).

Бұл кітапқа «Девочка, с которой ничего не случится» циклына жинақталған Кир Булычевтың батыл қыз Алиса Селезнева туралы белгілі әңгімелері енгізілген. Бұл әкесі жазып алған 21 ғасырдағы кішкентай қыздың өмірі туралы, онымен болған шытырман оқиғалар туралы шағын әңгімелер. «Заповедник сказок», ертегі повесі, онда Алиса қорықпай шытырман оқиғалар араласады.

9  

Пивоварова, И. Тройка с минусом, или происшествие в 5 «А» [Текст]/И. Пивоварова. – М.: Махаон, 2016 . – 144с.: ил. – (Веселая компания).

«Веселая компания» сериясынан көңілді сонымен бірге әрі ұстамды «Тройка с минусом» повесінің кейіпкерлері мектеп өмірі үшін ең әдеттегі жағдайларға тап болады. Алғашқы махаббат, бақылау, минус үштік баға ...

Балалар ішкі қорқыныштарын еңсеріп, өз-өзіне деген сүйсініспен күресіп, шынайы достық пен өзара көмек көрсетуге үйренеді.

 weerr  

 Где живет бегемот?  Животные в вопросах и ответах[Текст] . – М.: Эксмо,  2013. – 80 с.: ил.

Бұл кітап балаларға жануарлар туралы көптеген қызықты оқиғаларды айтып, олардың  ең қызықты сұрақтарына жауап береді.

Жас оқырмандар керемет фотосуреттерге қарап, жер адамдарының кім екені, зебраның неге жолақ екені, кәмшаттардың балықты қалай ұстайтыны, бегемоттың қанша тамақ жейтіні туралы және әртүрлі жануарлар өмірінен басқа да көптеген қызықты фактілерді біледі.

 awer  

 Емец, Д. Бунт пупсиков [Мәтін]/Д. Емец. – М.: Эксмо,  2017 . – 256 с.: ил. – (Моя большая семья).

Таныс болыңдар! Петя, Вика, Катя, Алена, Саша, Костя, Рита және, әрине анам мен әкем!

Бұл үлкен және тату Гавриловтар отбасы теңіз жағалауындағы кішкене қалашықта тұрады, және олардың өмірі көңілді оқиғаларға толы. Мысалы, Аленаға әр түні айдаһар келеді, Саша әрдайым бірдеңені ойлап табады, Катя дүниедегінің бәрін біледі және әрдайым кеңес беруге дайын тұрады, ал барлығы бірге Жердің ортасына дейін туннель қазып шығуға тырысады!

 bwer  

Емец, Д. День карапузов [Мәтін]/Д. Емец. – М.: Эксмо,  2016 . – 240 с.: ил. – (Моя большая семья).

Динозавр тауып алғыңыз келе ме, тілек ағашын өсіріп, және де әдеттен тыс қазына тапуп алғыңыз келе ме?
Онда Гавриловтардың отбасына қосылыңыздар, онда әкесінен, анасынан және жеті баладан басқа көгершіндер, тасбақа, мысық және үш ит бар... Және де бұл ерекше отбасының әр күні қуанышқа, қызыққа және шытырман оқиғаларға толы!

 gwer  

Емец, Д. Таинственный Ктотам [Мәтін]/Д. Емец. – М.: Эксмо, 2017 . – 240 с.: ил. – (Моя большая семья).

«Моя большая семья» топтмасының Гавриловтар отбасының шытырман оқиғалары туралы үшінші кітабы үй ауласында жұмбақ Бұлкімнің пайда болғаны туралы әңгімелейді.

Бүкіл отбасы көп ұзамай онымен танысып алады, енді ешқандай оқиға оның қатысуынсыз болмайды. Хайуанаттар бағынан ақ жолбарыс пен ешкі жоғалып кеткенде, іздеу тобын Бұлкімнің өзі басқарады!

 twer  

Самолеты и вертолеты [Мәтін]. – М.: РОСМЭН,  2017 . – 33 с.: ил. – (Моя первая энциклопедия).

Ең кішкентай оқырмандарға арналған бұл керемет танымдық кітаптар сериясы бізді қоршаған орта туралы  балалардың көптеген сүйікті сұрақтарына жауап береді.
Балалар онда ұшақтар мен тікұшақтар туралы, көлік түрлері,  аэродром техникасы мен ракета қондырғылары,  астық жинау комбайндары туралы пайдалы да қызықты ақпаратты таба алады.

 1451    

Казахские народные сказки [Текст] / сост. Г.Акжолова. – Астана : Фолиант, 2017. – 192 с. : илл.

Халық ертегілерінің керемет әлемі шытырман оқиғаларымен қызықтырып, қиял – ғажайыптарға тартады. Мұнда қорқынышты құбыжықтар мен сұлу перілер кездеседі,  және де құмырсқаның өзін даналыққа үйретуге болады.
Балаларыңызға  ертегі оқып беріңіздер. Ертегілер Сіздің балаңызға ізгілік пен зұлымдықты ажыратуды үйретеді, кітапқа және оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, көркемдікке тәрбиелейді.

 1450    

Арджилли, М.
Восьмой день недели [Текст] : необычные современные сказки / М. Арджилли ; худож. М.Емельянов.  – Астана : Фолиант, 2017. – 368 с. : илл.

Ерекше, заманауи ертегілер – деп анықтады оның мазмұнын кітап авторы, италияндық жазушы Марчелло Арджилли. Автор ойлап тапқан ертегiлер әлеміне саяхат жасау сіздерді зейінді болуға: қоршаған әлемді және адамдарды тыңдауға, көруге, оларды сезуге көмектеседі. Сіздерге ойлануды және қиялдауды үйретеді.

 1452  

Астрономия  [Мәтін] : энциклопедия / құраст. Ж.Сахиев. – Астана : Фолиант, 2014. – 692 с. – (Үлкен энциклопедия)

Адам ерте кезден жұлдызға, айға қарап, аспан әлемінің суретін салды. Біздің бабаларымыз өз өмірін ай күнтізбесімен салыстырды.
Адамдардың көк аспанды қалай зерттегенін, ғарышты бағындырғанын және көптеген басқа да мәліметтерді «Астрономия» атты тамаша, көркем кітаптан білуге болады.

 1453  

Сиқырлы таяқ  [Мәтін] : корей ертегілері / ауд. Д. Ақаш .  – Астана : Фолиант, 2014. – 88 б.

Кітапқа он кәріс халық ертегілері енгізілген. Олар кішкентай оқырманға жақындарың мен достарыңа көмектесуді, бөтеннің қайғысына ортақтасуды, тез шешім қабылдауды үйретеді. Ертегiде, әдеттегiдей, жақсылық жамандықты жеңедi.
Кітап кәріс ұлтының нақышындағы көркем суреттермен безендірілген.

 1454  

Олжас Сүлейменов  [Мәтін] : кітап - альбом. – Алматы : Өнер, 2016. – 240 б.

Альбом кітабы ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80-жылдығына арналған. Оның есімі бүкіл әлемге әйгілі. Ол - ұлттың, халықтың мақтанышы және ар-ұжданы деп айтылатын тұлғалардың бірі.
Альбомда О.О.Сүлейменовтің бүкіл шығармашылығы мен қызметін көркем суреттейтін фотоматериалдар берілген, оның өлеңдерінің үзінділері, танымал тұлғалардың ол туралы айтқандары енгізілген.

 n1    

Абдраим, Т. Летят журавли [Мәтін]/ Т. Абдраим. – Алматы : Балалар әдебиеті, 2016. – 288б.

Белгілі қазақстандық балалар жазушысы Толымбек Әбдраимның «Летят журавли» жинағына шағын әңгімелер, ертегілер мен мысалдар, даналық повестері енгізілген. Шығармалардың тақырыптары әртүрлі, сюжеттері қызықты, жеңіл және түсінікті тілде жазылған.

Балалар жинақтан «Мужугун - трава», «Мелодии степи», «Совет белой березы» және т.б. шығармаларды оқи алады.

 n2    

Доманская, Л.В. Книга хороших манер для воспитанных детей. Маленькие принцессы и рыцари никогда не ссорятся [Мәтін]/Л.В. Доманская. – М.: АСТ, 2017. – 191б.:ил.

Мейірімді, елгезек және сыпайы болып ер жеткілерің келе ме? Онда бұл кітап сіздер үшін!

Оны зерделей отырып, сіз көңілді және ақкөңіл марғау Мурмурчикпен бірге жақсы мінез-құлық ережелерін қадамдап үйренесіз. Кітап беттерінде өзіңді сол немесе өзге жағдайда қалай ұстау керектігі өнегелік тарихтың мысалында көңілді еркін мәнерде көрсетілген.

 n3  

Жамбыл Жабаев [Мәтін] : фотоальбом/кұраст. В. Титенев – Алматы: Тау- Кайнар, 2017. – 188б.:сур.

«Жамбыл Жабаев» фотокітабы қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдер, поэмалар және айтыстардан тұратын ұлы ақынның таңдамалы шығармалары енгізілген Қазақстан өмірінің өзіндік поэтикалық шолуын ұсынады. Әйгілі ақынның мұрасы - өмір айнасы. Оның шығармалары бүгінде де Қазақстанда тұратындардың барлығына халық тарихын түсінуге, біздің бірлігіміздің тамырының тереңдігін ұғынуға, рухани және әлеуметтік өмірді жаңа сапалы деңгейге арттыруға көмектеседі.

 n4  

Мәңгілік ел – Қазақстан =Вечная страна – Казахстан = Kazakhstan – Eternal country[Мәтін] : фотоальбом/кұраст. М. Байленова – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. – 184б.

«Мәңгілік ел – Қазақстан» фотоальбомы Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, сонымен қатар қазақ халқының өзіне ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, салт –дәстүрлерін, ойындары, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.

 n5    

Рюмина, С. 70 фактов о Великой Отечественной войне [Мәтін]/С. Рюмина. – М.: Клевер – Медиа- Групп, 2015. -95б.:ил.- (История Победы).

Кеңес жеріне түскен бірінші снарядтардан бастап 1945 жылғы 9 мамырдағы капитуляция актісіне қол қойғанға дейінгінің барлығы Ұлы Отан соғысының жылнамасына жазылған. Оның бірде-бір бетін ұмытуға біздің құқықымыз жоқ. Бұл кітапта Жеңістің 70-жылдығына орай Ұлы Отан соғысы туралы өткен оқиғаны көлемді суреттейтін 70 ең маңызды деректер жинақталған.

 n6    

Туккерман, А. Маған әже керек[Мәтін]/ауд. Т. Рахымбаева. – Алматы: Атамұра, 2017. – 216б.

Үлкен қаладағы кішкентай ғана бала нені армандауы мүмкін? Оның қалауы махаббат, атақ-даңқ, мол ақша мен сыр бөлісетін достар емес екені аян ғой. Сонда періштедей пәк жанына не жетпейді? Немістің көрнекті қаламгері, балалар жазушысы Аня Туккерманның «Маған әже керек» романы осы сұраққа жауап іздеуге арналған.

 n7    

Растения [Текст]: уникальная иллюстрированная энциклопедия для детей. – М.: АСТ, 2015. – 71б.:ил.- (Наша планета).

Құрметті балалар, осы көркем басылымның беттерін парақтай отырып, сіздер біздің планетамыздың флорасының ең қызықты өкілдерімен - ғажайып ағаштарымен және кремет гүлдерімен танысасыздыр. Қоршаған ортаны зерттеу – әрқашаданда қызықты оқиға!

 n8  

Щерба, Н. Прыжок над звездами [Текст]/ Н. Щерба. – М.: Росмэн, 2016. – 416с.:ил. – (Лунастры).

«Часодеи» және «Чародол» бестселлерінің авторы, жазушы Наталья Щербаның «Прыжок над звездами» кітабы «Лунастры» фэнтези сериясының бірінші кітабы. Басты кейіпкер  Тим Князев жаңа басқа әлемге қарсы жүруші. Жұлдыздар, ай әлеміне және бұрын жоғалып, ұмытылған бір нәрселері естен шығып бара жатқан  әлемге.

 n9    

Щерба, Н. Полет сквозь камни [Текст]/ Н. Щерба. – М.: Росмэн, 2017. –352с.:ил. – (Лунастры).

Н.Щербаның «Лунастры» сериясының «Полет сквозь камни» екінші кітабында оқырмандар тағы да ай сәулесінен күш алатын қанатты лунаттар, жұлдыздар энергиясын пайдаланатын епті секіргіш астралар және де жұмбақ лунастрлар тұратын құпия әлемге жол ашады. Кітап кейіпкерлері көп нәрселерден өтеді: Венеция мен Праганың төбелерінде саяхаттайды, мистикалық драконмен кездеседі, таң қаларлық ашылымдар және қауіпті оқиғалар...


Мұрағат


Всего просмотров: 20048
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2018
MoTuWeThFrSaSu
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz