Біліктілікті жоғарлату

«Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» семинары

2018 жылғы 20 маусымда облыстың балалар кітапханаларының үздік өлкетану іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында Жезқазған ОКЖ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасының базасында «Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» көшпелі семинары өткізілді, оған Жезқазған, Ұлытау, Сәтбаев ОКЖ, Сәтбаев қаласының БЖК және мектеп кітапханалырынан 67 кітапханашы қатысты.

Семинар аясында 6 баяндама тыңдалды, 1 семинар өткізілді, өлкетану білімдерін көпшілікке танымал етудің түрлі аспектілеріне арналған бір шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасында келесі баяндамалар ұсынылды: «Кітапхана өскелең буынды өлкетануға тәрбиелеудегі орталық ретінде: Жезқазған ОКЖ тәжірибесінен», «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері», «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өлкетану білімдеріндамыту мақсатындағы әлеуметтік серіктестік», «Мектеп кітапханасындағы өлкетану», «Балалар әдебиет өлкетану қорының өзегіі», «Өлкетану жұмысы: ізденіс, инновациялар: Сәтбаев қаласының БЖК тәжірибесінен».

Жезқазған өңірінің кітапханалары да заманауи кезеңде жас оқырмандарда облыстың, қаланың, өлкенің тарихы туралы тарихи білімнің тұрақты базасын қалыптастыруға ықпал етеді. Туған өлке әдебиетін танымал ету, поэзияға деген қызығушылыққа баулу жөніндегі семинар қатысқандардың қызығушылығын тудырды.

Жезқазған ОКЖ №9 модельді кітапхана филиалының меңгерушісі А.Т.Утебаева және оның қызметкерлері кітапхана қабырғасында «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» өлкетану библиодәмханасын қалай өткізуге болатыны туралы практикалық тәжірибесімен бөлісті, оның барысында жергілікті авторлардың шығармаларынан үзінділер оқылды, ән шырқалды.

Семинар жұмысына №113 НОМ мектеп кітапханасының меңгерушісі К.Б. Рысбекова қатысып, мектеп жағдайында өлкетану білімінің базасы қалай қалыптасатыны туралы ақпаратты ұсынды.

Семинар аясында «Қашан үлкен боламын», «Тентек доп», «Күлші кәне балақай» кітаптарының авторы, «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауының ІІІ орын иегері, «Балауса» республикалық байқауының «Еңбек шынықтырады» өлеңдер номинациясында ІІІ орынды жеңіп алған Ернұр Сейдахметпен шығармашылық кездесу өткізілді. Е.Сейдахмет балалық шағында оқыған кітаптары, оқуға деген сүйіспеншілікке кім баулығаны, өлеңдерді қашан жаза бастағаны, «Қазақмыс» корпорациясындағы жұмысы мен поэзияны қалай үйлестіретіні туралы әңгімелеп берді. Облыстың балалар кітапханалары қорында оның кітаптары бар, сонымен қатар автор өзінің шығармаларын www.adebiportal.kz және www.tattialma.kz сайттарында орналастырады. Әннің авторы Ернұр Сейдахмет, композиторы Әліби Абдинуров болып табылатын «Балаларға арналған әндер жинағы» дискісінің таныстырылымы өте қызықты өтті. Жас ақын таныстырылымнан кейін қолтаңбасымен екі дискіні семинар ұйымдастырушыларына сыйлыққа берді.

Кітапханашылар «Рухани жаңғыру-ұлт жаңғыруы» кітап көрмесінің тұсаукесері барысында өлке тарихы, әдебиеті туралы жаңа кітаптармен, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптармен танысты. Жүргізушілер басты назарды жергілікті авторлардың басылымдарына аударған. Қуаныштысы, «Ұлытау кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 12 томдық кітап біздің кітапханаға сыйлыққа берілді.

Семинар соңында Жезқазған ОКЖ басшысы Ғ.Ө.Түгелбаева мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.К.Уатаева қорытындысын жасап, семинар барысында кәсіби идеялармен алмасу жүзеге асырылғанын, «Туған жер» арнайы жобасы аясында балалар кітапханаларының өлкетану бағытындағы одан арғы қызметін ынталандыратынын атап өтті.

Кітапхана мамандары семинардан алған білімдерінің жоғары ақпараттылығын және тәжірибелік маңыздылығын, тәжірибе алмасуда және кәсіби құзыреттілігін арттыру осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтті (Семинардың бағдарламасы).

Астана қаласындағы балалар жазушыларының халықаралық форумы

7-8 маусымда Астана қаласында Қазақстанның бас қаласы – Астананың 20-жылдығына арналған «Балалар әлемі: кітаптардан арманға» атты балалар жазушыларының халыаралық форумы өткізілді.

Балалар оқуы, балалар кітаптарын шығару, авторлық құқық және т.б. мәселелер бойынша 200-ден астам адам дебаттық сайыстарға белсене қатысты.

Форумға балалар жазушылары, Қазақстан мен алыс және жақын шет елдердің шығармашылық зияткерлерінің өкілдері, балалар оқуы мен балалар әдебиетін зерттейтін ғалымдар, Ресей мен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының басшылары мен мамандары, журналистер, мәдени және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Қарағанды облысынан форумға Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының өкілдері: кітапхана басшысы Б.Уатаева, әдіскер М.Подгайнова, бөлім басшысы М.Қалиева, жас кітапханашылар И.Черникова, Ж.Ибраим қатысты.

«Заманауи әлемдегі балалар әдебиеті: автор, аудармашы, оқырман» секциясында Б.Уатаева «Балалар кітапханасы және еліміздің зияткерлік болашағы: бірқатар проблемалары және оларды шешу жолдары» баяндамасымен сөз сөйледі.

Маженова Райхан, Көшім-Ноғай Байбота, Қалқа Нұурлан, Төреханова Зәуре, Алимжанов Баянғали, Жанайдаров Орынбай, Шаймерденова Нұрсұлу, Әбдірайым Толымбек сияқты Қазақстан жазушылары және басқалары «Жазушы, баспа, кітапхана: өзара іс-әркет және ынтымақтастық басымдықтары» секциясында проблемалық мәселелерді көтерді.

Ақын, драматург Б.Алимжановпен, «Дарабоз» халықаралық сыйлықтың лауреаты Д.Джұмагелдиновамен, ресей жазушысы И.Краевамен, «Оранжевый верблюд» балалар сайтының авторы Л.Бондаревпен, Белорус балалар жазушысы Е.Стельмахпен, Вена университетінің лекторы Э.Хавранекпен шығармашылық кездесулер өткізілді. Ұлыбританиядан келген маман Джил Браун «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» шеберлік сыныбын өткізді.

Форум соңында қатысушыларға сертификаттар берілді, орта және жоғары сынып жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қ.Қалиеваға ҚР ҰКА-ның «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісі табыс етілді.

 

Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы

Кітапханада облыстағы балалар кітапханаларының қызметінде ақпараттық кеңістікті кеңейту және жаңартылған білім берудің рөлін, басшылардың кәсіптік білімін, дағдыларын, іскерлігін жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу контекстінде жаңа тәсілдерге бағыттау мақсатында 2018 жылғы 20 сәуірде «Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы» облыстық семинары өткізілді. Оған 34 маман: қалалық және аудандық балалар кітапханаларының басшылары, әдіскерлер, балалар филиалдарының жетекшілері қатысты.

Семинардың ашылуында Абай атындағы ОБК директоры Б.Қ.Уатаева «Балалар кітапханасының басшысы-қоғамдық сананы жаңғырту жағдайларындағы инновациялық процестердің көшбасшысы» баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын және «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобаларын жүзеге асыру аясында балалар кітапханаларының қызметін дамытудың басымды бағыттары туралы айтты, балалар кітапханаларының қызметін басқарудағы заманауи тәсілдермен таныстырды.

Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды, бұл кітапханашыларға тек кәсіби тәжірибе алмасып қана қоймай, өздігінен білімін жетілдіруге, психология жөнінде жаңа ақпарат алуға, балаларға арналған жаңа кітаптармен танысуға мүмкіндік берді.

Балалар кітапханаларының меңгерушілері көшбасшылық қабілеттерін дамыту жөніндегі «Көшбасшы болуға үйренейік: мақсатқа жету технологиясы» - тренингін үлкен қызығушылықпен қабылдады, «Мақсатқа жету технологиясы», «Көшбасшы болуға үйренейік» кітаптарының авторы Бақытқали Мұхамедқалиұлы Мұсабеков оның жаттықтырушысы болды.

Тренингтің мақсаты - қатысушыларды сөйлеу мәдениетімен және техникасымен, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларымен, жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін жоғары тиімді адамдардың дағдыларымен таныстыру және әрбір бәсекеге қабілетті адамға қажетті көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Авторлық тренинг бағдарламасы қазақ халқының менталитетіне бейімделген және Ротислав Гондопас, Ицхак Пинтосевич, Д.Максвелл және Стивен Р.Ковейдің ақпарат беру әдістеріне және техникасының негізделген мақсаттарға қол жеткізу және «Семи навыков высокоэффективных людей» технологиясының, шешендік өнер әліпбиінің негізінде жасалған.

Қатысушылар өздігінен білімін жетілдіруге көмек ретінде әрбір кітапханашының осындай тренингтерге қатысуы қажет екендігін, мемлекеттік тілде жүргізілетіндіктен оның құнды екендігін, кеңейтілген сабақтар ұлттық шешендік мұраға негізделген тілді жетілдіруге көмектесу барысында өздерінің ашылмаған қабылеттерін пайдалануға мүмкіндік беретінін, қарым-қатынас дағдыларын игеруді, өзінің көшбасшылық қабілеттерін дамытуды, қол жеткізуге болатын мақсаттарды қоюды, тайм-менеджментін меңгеруді үйренетінін атап өтті.

Семинар барысында 5 баяндама тыңдалды, «Сіздің басқаруыңыздың тиімділігі неде?» тест алаңы ұйымдастырылды.

Инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы С.Ж.Жусупова «Кәсіби кітапханашы: құзыреттілігі, креативтігі, көпшілігі» тақырыбындағы кеңес беру барысында басты назарды балалар кітапханалары жағдайындағы келешектегі жұмыстарға аударды, кіапханалардың басшылық лауазымдарының үлгілік біліктіліктері қарастырылды.

ИӘБ әдіскері М.Н.Подгайнованың «Клубтар мен үйірмелердің қызметі: кітапханадағы инновациялық бұқаралық акциялар» баяндамасында тұрғындармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды енгізу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Негізгі қорды сақтау, құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің басшысы О.М.Мусина ақпаратық хабарламасында заманауи жағдайларда балалар әдебиетінің қорын қалыптастыру ерекшелігін ашып берді.

Абай атындағы ОБК библиографы У.О.Жамауова мен кітапханашысы Л.В.Кириналар «Книжные деликатесы-2018» балалар әдебиетінің әдеби жаңалықтарына кеңінен шолу жүргізіп, кітапханашыларға жаңа кітаптардың қайсысы кеңінен танымал болғаны туралы ұсыныстар берді.

Семинардың қорытынды кезеңінде «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» облыстық Еске алу күнінің қорытындысы шығарылды, оған облыстың 38 кітапханасынан 1200-ден астам оқырман қатысты. 2018 жылғы 2 ақпанда облыстың балалар кітапханаларында бір уақытта «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» облыстық Еске алу күні өткізілді, күні бойы іс-шаралар өткізілді, кітап көрмелері безендірілді және Сталинград шайқасы туралы әдеби көркем шығармалар, өлеңдер дауыстап оқылды.

Облыстың балалар кітапханалары арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша балалар кітапханаларының жұмысын белсендіргені үшін, Сталинград шайқасы жылнамасының тарихына оқырман-балалардың қызығушылығын және Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандық батырлар туралы білімдерін қалыптастырғаны үшін төрт ОКЖ: Сәтбаев ОКЖ Весовая кентінің Отбасылық оқу кітапханасы, Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОҚБК, Саран ОКЖ филиалдары, Шахтинск ОКЖ филиалдары дипломға ие болды.

 

Ынтымақтастыққа қадам

22 ақпанда Абай атындағы кітапхана Қарағанды қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен №62 ЖОББМ базасында өткізілген білім беру мекемелері басшыларының кеңейтілген мәжілісі аясында қала мектептері мен мектепке дейінгі мекеме директорларының алдында «Қарағанды қаласының мектептері мен Абай кітапханасы арасындағы ынтымақтастық» жобасының таныстырылымын өткізді.

Педагогтар мен кітапханашылар арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі туралы мәселе баяндаманың басты міндеті болды.

Кітапханашылар мен педагогтар бірлесе тұрақты азаматтық ұстанымы бар сауатты, дамыған, оқитын тұлғаны қалыптастырады.

Кітапхана басшысы Б.Уатаева кітапхананың мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзінің ұсыныстарын енгізді, кітапхана қызметкерлері мектеп басшылары арасында «Сіз ынтымақтастыққа дайынсыз ба?» сауалнамасын өткізді.

Баяндама барысында кітапхана қызметінің негізгі бағыттары, 2018 жылы мектеп оқушыларына арналып жоспарланған іс-шаралар айтылды, «Ынтымақтастыққа қадам» слайд-таныстырылымы көрсетілді, соңғы жылдары Абай кітапханасымен белсенді ынтымақтастық орнатқан мектеп директорларына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.

№62 ЖОББМ акт залының алдында «Мұғалімге көмек» таныстырылым кітап көрмесінің орналастырырылды, онда қосымша білім берудің үздік заманауи басылымдары ұсынылды.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы басылымдар және Қазақстанның киелі жерлері, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы кітаптар қойылған көрменің жеке бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналды.

«Заманауи оқушы нені оқиды? Что читает современный школьник?» айдарымен қойылған балалар кітаптары педагогтардың қызығушылығын тудырды. Щербаның «Часодеи», Е.Гаглоевтің «Зерцалия», Д.Емецтің «Мефодий Буслаев», Й.Колфердің «Артемис Фаул» және т.б. кітаптарын оқырмандар зор сұраныспен пайдаланады.

Кітапхана таратпа материал ретінде әр басшыға кітапхананың нұсқаулық кітапшасын, жарнамалық парақшалар мен визиткалар ұсынды.

Кітапхана мен мектептер белсенді сындарлы ынтымақтастықты, бірлескен жұмыс және өзара қарым-қатынасты жалғастырады.

 

 

Әдістемелік оқу

26 қаңтарда кітапхана қызметкерлерінің «Профессионал» әдістемелік оқуының бірінші сабағы өтті.

Әдіскер М.Подгайнова «Заманауи кітапханадағы көрме қызметі» кеңесімен баяндама жасады. Баяндамасында кітап көрмелерінің инновациялық, креативті нысандары: көрме-экспозиция, көрме-досье, көрме-викторина, көрме--кроссворд, көрме-тосынсый, көрме--хобби, сатыдағы көрме, дыбысталған кітап көрмелері, көрме-рейтинг және т.б. ұсынылды.

Қазіргі заманғы көрме бұл кітапхананың өзіндік ерекшелігі бар таныстыру кәрттішкесі болып табылатынына, бұл интерьердің бөлігі, демалыс аймағы және қарым-қатынас орталығы болып табылатынына, көрмені жасауға шығармашылық және дербестік тұрғыдан қарау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

 

Қостанай қ. кәсіпқой мамандардың кездесуі

2017 жылғы 26-27 қазанында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК 80 жылдығына орай «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуындағы рөлі» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының (Екатеринбург, Орынбор, Челябинск, Новосибирск), сонымен қатар шет елдерден, АҚШ, Франция және Қырғызстан Республикасының, кітапхана ісінің кәсіби шеберлері қатысты.

Қазақстандық қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, жазушы М.Әуезов, белгілі қазақстандық ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұ.Есдәулет, жазушы-журналист А.Шаяхмет, математика ғылымдарының докторы және алаш қайраткері Елдес Омаровтың өмірі мен қызметін зерттеуші М.Шуақаев конференцияның құрметті қонақтары болды.

Конференцияға қатысқандар диалог алаңдарында және жаңа кітаптардың авторлары өткізген таныстырылымдарда құрметті қонақтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Жазушылар А.Шаяхмет пен М.Шуақаев көрнекті қоғам қайраткері, публицист, аудармашы, лингвист - ғалым Елдес Омаров туралы «Омаров Елдес» кітабын конференцияның әр қатысушысына сыйға тартты.

Жазушы әрі ақын А.Шаяхмет «Дала дауысы» кітабына қолтаңбасын жазып, Абай атындағы кітапханаға сыйға тартты.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалар мен жеткіншектерге қызмет көрсететін кітапханалар үшін «Оқуды қолдаудың нәтижелік технологиялары: идеялар мен тәжірибелер диапазоны» секциясы жұмыс істеді.

Бұл секцияда Абай атындағы ОБК әдіскері М.Подгайнова «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өнімді оқу-тыңдау технологиясы» баяндамасын жасады.

Ресейлік кітапхананың әріптестері білім берудің жаңа стандарты, медиялық сауаттылық, желілік жобалар, оқу стратегиялары және т.б. туралы тақырыптарға тоқталды.

Конференция жұмысында кітапхананың өлкетану мәселесі, кітапхана қорларын қалыптастыру мәселелері, ересектер мен балаларды оқуға тартудың заманауи тәсілдері, облыстық кітапханалардағы «Америкалық бұрыштар» ақпараттық-ресурстық орталықтар қызметінің тәжірибесі, жаңа технологияларды пайдалану, медиялық сауаттылық мәселелері талқыланды.

Кітапханашылар өз іс-тәжірибесімен бөлісті, өлкетану жұмысының қызықты әдістері (тәжірибеге алынған жобалар, бағдарламалар, жаңа технологиялар) туралы әңгімеледі.

Талқылаулар әр түрлі алаңдарда - отырыстарда, дөңгелек үстелдерде, шеберлік сыныптарында, тренингтерде өткізілді.

Ғылыми-практикалық конференцияның қарқынды бағдарламасы конференцияға қатысушыларға болашақ жұмысы үшін жаңа идеялар мен мүмкіндіктер жасауға, сонымен қатар әртүрлі өңірлердің кітапханашыларының танысуына және одан әрі ынтымақтасуына мүмкіндік беру алаңы болды.

Жас кітапханашылар форумы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында Ақмола облысы әкімдігімен бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық Жас кітапханашылардың ІІ форумын өткізді.

Форум несімен қызық, біріншіден, кітап пен кітапхана құндылықтарын айшықтау, екіншіден, руханияттың негізгі күші кітап пен кітапхананың тәрбиелік маңызын насихаттау, үшіншіден, кітап пен кітапхана, кітапханашы мен автор және оқырман арасындағы алтын көпірдің байланысын одан әрі дамыту болып табылады.

Республика көлемінде ұйымдастырылып отырған форумға еліміздің 14 облысынан 100-ден астам жас кітапханашылар қатысты. Іс-шараға Қарағанды облысынан қатысқан 11 кітапханашының бірі мен болғаныма өте қуаныштымын.

Біз сияқты жас мамандар үшін форумның берері көп. Мұндай жиындар кітапханашыларды кітапхана ісіне қызықтырумен қатар өз мамандығын құрметтеуге ұмтылдырады.

Шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, Алаш халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы-сатирик Көпен Әмірбек, ақын, аудармашы Серік Тұрғымбек бастаған белгілі зиялы қауым өкілдері қатысып, жастардың көкейдегі сауалдарына жауап берді, аға толқын мен жас толқын арасындағы әңгіме-пікірталас рухани жаңғыру тақырыбымен ұштасты, сондай-ақ латын қарпіне көшу жөнінде баяндамалар оқылды. Латын қарпіне көшу қазақ тілі үшін – жаңа жаһандық бағыттағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен қоғамдық сананы өзгертетін қажетті құралдарының бірі болып табылады.Ұлттық академиялық кітапхана «Qazaq kitaptarъ 1929-1940 zhyl» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеде 1929-1940 ж.ж аралығында жарияланған латын әліпбиіндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Зейнел Жайна

 

Кәсіби кездесу

28 - 29 қыркүйекте Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында (Тараз қаласы) «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының зияткерлік әлеуеті» республикалық ғылыми-конференциясы өткізілді. Конферецияға кітапхана басшысы Б.Уатаева және «Кітапхананың жобалық қызметі - балалардың әлеуметтік-мәдени белсенділігін қалыптастырушы фактор» тақырыбында баяндама жасаған орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі К.Қалиева қатысты.

 

Оқитын бала – мықты, жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу кепілі

 

Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 18-тамыз күні №3 гимназияның базасында тамыз кеңесінің ««Рухани жаңғыру» бағдарламасын білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жүйесінде жүзеге асыру» атты тақырыпта секциялық отырысына кітапхана қызметкерлері қатысты. №26 секциялық отырыс Білім беру ұйымдарының тәлімгерлеріне арналды. Секциялық жұмыс барысы шеберлік сыныбы, пікірсайыс алаңы, тренинг, іскерлік ойын түрінде өрбіді.

 

Секция жұмысына инновациялық-әдістемелік бөлімнің кітапханашысы Смагулова М.С. мен кітапханашы Колесникова Г.А. қатысты. Кітапханашылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Оқитын бала – мықты, жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу кепілі» атты тақырыпта баяндама жасап, «Алтын сөре -2017» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. «Дауысты жан-жануарлар», «Таңғажайып басқатырғыш», «Плакаттар топтамасы», «Әлем балалар әдебиеті» сериясымен кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптар тәлімгерлердің қызығушылығын тудырды.

 

 

«ХХІ ғасырдың патриотизмі: өткен және қазіргі тәжірибе
дәстүрлерінде қалыптастыру»  облыстық семинары

2017 жылғы 25 мамырда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы  «Саран қаласының ОКЖ» КММ №2 отбасылық оқу кітапханасының базасында облыстың қалалық және аудандық балалар кітапханаларының меңгерушілеріне, балалар филиалдарына жетекшілік жасайтын әдіскерлерге  арналған «ХХІ ғасырдың патриотизмі: өткен және қазіргі тәжірибе дәстүрлерінде қалыптастыру» облыстық семинарын өткізді. Қарағанды облысының аудандары мен қалаларынан барлығы 48 маман қатысты.

Семинар балалар кітапханаларында балаларды патриоттыққа тәрбиелеу жүйесін  жетілдіру, кітапханашыларға әдістемелік көмекті ұйымдастыру, патриоттық тәрбие бойынша кітапханалар жұмысында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Семинардың ашылу барысында «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Л.А.Мартель және Абай атындағы ОБК директоры Б.К.Уатаева өздерінің баяндамаларында «Туған жер», мемлекеттік бағдарламасының, «5 институциональдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақыт қадам» Ұлттық жоспардың аясындақазіргі кезеңдегі өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесінің дамуының басымды бағыттарына тоқталды.

Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы С.Ж.Жусупова өзінің баяндамасында Қарағанды облысының балалар кітапханалары жағдайындағы келешектегі жұмыстары, әлеуметтік серіктестіктің аясын кеңейту, ата-аналармен жұмысты жетілдіру, ОКЖ сайттарының балалар парақшаларындағы патриоттық бағыттағы материалдарды ұсыну тиімділігі жөніндегі мәселелерге баса назар аударды.

Семинар барысында 5 баяндама тыңдалды, «Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздердің рөлі» бір іскери ойыны өткізілді, кітапханашыларды белгілі қарағандылық жазушы Ғабиден Мұстафинның өмірі мен шығармашылығымен  танымды таныстырылым жүргізген Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖОМ жанындағы музейдің  жетекшісі А.А.Абдрасиловамен кездесу өткізілді. Музей жетекшісі облыстың мектептерімен бірлесе өткізген музейдің іс-шаралар жұмысының өлкетанымды нысандарын: Ғабиден оқулары, әдеби байқау-сайыстар, жазушылармен және Ғ.Мұстафин туысқандарымен кездесулер және т.б. ұсынды.

Балқаш қаласының А.Гайдар атындағы ОҚБК меңгерушісі Б.Д.Курманова практикалық жұмыс тәжірибесінен патриоттық тәрбие бойынша  «Балаларды патриоттыққа тәрбилеуде кітапхананың өлкетану-ақпараттық ресурстарын пайдалану» баяндамасын ұсынды.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет  көрсету бөлімінің басшысы Е.О.Кучаева ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, патриоттық тәрбиеге бағытталған көпшілік іс-шараларды өткізу жөніндегі өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Саран қаласының ОҚК қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.М.Тугельбаева балалар кітапханашыларының назарына патриоттық тәрбие бағытындағы қазақ әдебиетіне кеңейтілген шолу жасады, балаларды көп қызықтыратын кітаптарды сараптады.

Семинардың мазмұнды бағдарламасының барысында әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой бөлісумен қатар, №2 ООК меңгерушісі Е.Ю.Свиридова өткізген кітапханамен танысу турына да қатысты.

Семинардың қорытынды кезеңінде 2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы мамырға дейін облыстың 18 аудан-қалалары қатысқан «Көк қобдишаның саяхаты» халықаралық жобасын жүзеге асыру қорытындысы жасалды. Облыстың балалар кітапханалары арасынан үш кітапхана: Балқаш қаласының ОКЖ А.Гайдар атындағы ОҚБК, Жаңаарқа ОКЖ Б.Өтешов атындағы модельді балалар кітапханасы, Абай ауданының модельді орталық балалар кітапханасы атап өтілді, олар өздерінің қалалары мен ауданында балалар оқуын көпшілікке белсенді танымал етуді ұйымдастырып, кітаппен жұмыстың ең қызықты нысандарын енгізді, қоғаммен, БАҚ-пен байланысты қолдап, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізді.  Үш балалар кітапханаларының меңгерушілеріне дипломдар және кітаптар топтамасы мен дойбы үстел ойыны берілді

Облыс балалар кітапханаларына кеңестікәдістемелік көмек көрсету    

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының Кәсіби даму мектебі аясында 2017 жылғы 27-28 наурыз аралығында (қазақ тілінде), 29-30 наурыз аралығында (орыс тілінде) облыстың балалар кітапханаларының кітапханашыларына арналған жыл сайынғы тағылымдама өткізілді. Тағылымдаманың мақсаты – кітапханашылардың теориялық және практикалық білім деңгейін арттыру, кәсіби іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Тағылымдамаға 49 кітапханашы қатысты.

Сабақтар мен кеңестердің тақырыптары кітапханашылардың өз ұсыныстары бойынша жасалды.

Екі күндік тағылымдама барысында Абай атындағы ОБК бөлім басшылары тарапынан теориялық сабақтар мен практикалық тренингтер ұйымдастырылды.

Тағылымдама бағдарламасына негізгі бақылау көрсеткіштерін және кітапхананың басты есептік құжаттарын жоспарлау мен есепке алу; түрлі санаттағы пайдаланушылармен жұмысты ұйымдастыру, өлкетану және бұқаралық жұмыстың кретивті нысаналарымен танысу жөнінде кеңес беру жұмыстары енгізілді.

Кітапхананың балалар қорын қалыптастыру және есепке алу жөніндегі өзекті мәселелер қаралды.

Практикалық сабақтарда кітапханашыларға Microsoft Office PowerPoint бағдарламасын пайдалана отырып буктрейлер жасау технологиясымен, mp4 форматына көшіруді, ThingLink сайты арқылы виртуальды көрмелер жасау технологиясымен, Google-карталар бойынша облыстың көрікті орындары бойынша өлкетану викториналарын жасау технологиясымен таныстыру және әрқайсысына өзінің шығармашылық өнімін жасау тапсырмалары берілді. Тренингтерде барлық тапсырмалар ойдағыдай орындалды. Жасалған материалдарды одан әрі жергілікті пайдалану үшін түрін өзгертуге, жүктеуге болады.

Абай атындағы ОБК электронды каталогынан және кітапханалардың онлайн-каталогтарынан кітаптарды іздеу жұмысы кітапханашылардың іздеу құралдарын жетік меңгергендіктерін көрсетіп, олардың онлайн-ресурстармен жұмысындағы күнделікті тәжірибесін дәлелдеді.

«Формулярды толтыру» іскерлік ойыны нормативтік әдістемелік матераилдарды, оның ішінде «Кітапханалық статистика» 7.20-2000 МЕМСТ-ты зерделеуге, қызмет үрдісінде жаңа пайдаланушыларды, келулерін, кітап берілімдерін есепке алу мен тіркеу бойынша, мерзімді басылымдарды есепке алу мен қайтару бойынша алынған білімдерін қолдануға және бекітуге бағытталған оқыту сипатында өткізілді.

Екі күндік тағылымдама соңында әр топта рефлексия және кәсіби пікір алмасу өткізілді, Абай атындағы ОБК директоры Б.К.Уатаева тағылымда жұмысын қорытындылап, барлық тыңдаушыларға жұмыста кәсіби жетістіктер мен шығырмашылық табыстарға жету тілегін білдірді.

Мұрағат 2016

Мұрағат 2015

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Семинар бағдарламасы


 

Әдеби сайттар, порталдар және форумдар

 


Всего просмотров: 18609

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2018
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz