Жұмаділов Қабдеш
(24.04.1936)

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР СУАР Тарбағатай провинциясының Шәуешек ауданында дүниеге келген.
1965 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік  университетін бітірген.

1965-1967 жылдары  «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер,  1967-1976 жылдары  «Жазушы» баспасының редакторы, 1976-1981 жылдары Қазақ СОР Мемлекеттік баспа комитетінде редактор болып қызмет атқарды.

Қабдеш Жұмаділовтің тұңғыш өлеңдері мен әңгімелері Қытайда  «Синьцзян» газеті мен «Шұғыла»  журналында жарияланды. Қабдеш бірінші кезекте – ақын. Оның шығармашылық жолы өлеңдерден басталды. Ол студент кездерінен бастап жаза бастады. Қабдеш көп уақытын қазақ халқының тарихына, олардың батырларына арнады. Бүгінгі күні оның шығармалары бірегей тарихи құжаттар болып табылады.

1967 жылы «Жас дәурен» өлеңдер жинағы басып шығарылды. Ол «Жас ұрпақ» өлеңдер кітабының (1967), «Қаздар ұшып барады» әңгімелер жинағының (1968), «Шақыру үні» (1969), «Соңғы көш» (1974) романдарының, «Бақыт жолымен» (роман және әңгімелер, 1976), «Күншуақты аңғар» (1978) повестер жинағының авторы.

Ол миллиондаған қазақстандықтарға «Ата қонысы», «Тағдар» тарихи романдарымен белгілі. Жазушы оларда Отанынан жыраққа кеткен қазақтардың трагедиялық тағдырын баяндайды. Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім, қазағым» («Казахский мой народ», 2000) жинағына енгізілген. Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары украин, белорус, өзбек, ұйғыр, қырғыз және басқа тілдерде басылып шықты.

1998 жылы Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді. 2005 жылы Қабдеш Жұмаділов мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін  «Парасат» орденімен марапатталды.

Жазушының таңдамалы шығармалары 12 томдық шығармалар жинағына енгізілді  (2003-2004).  Медальдермен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының (1983) және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  (1990) лауреаты.


Всего просмотров: 47142

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz