АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

c2e1f95fbf21749a5d91391ace5a62b5 1

Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық конгресс: 82-ші ИФЛА конференциясы. 2016 жылдың тақырыбы -  «Өнертабыстар  және инновациялар».

«Қырым 2016» Халықаралық XXIII  конференцияның материалдары. 2016 жылдың тақырыбы «Кітапханалар және білім: электрондық ресурстардың рөлі»

«Қырым 2015» Халықаралық XXII конференцияның материалдары. 2015 жылдың тақырыбы «Кітап және кітапхана: электрондық ресурстардың рөлі»

Кәсіби журналдардың электрондық басылымдары

 

Жастардың көзқарасындағы қазіргі кітапханашы

Кітапхана қабырғасында 5-ші наурыз күні «Жастардың көзқарасындағы қазіргі кітапханашы» атты шығармашылық байқау А.К.Еділбай, А.С.Садуақас, Ж.Ы.Ыбырайм, Ж.К.Нұржанова, А.Б.Бақбаеваның қатысуымен өтті.

 Сайыс үш кезеңге бөлінді:

  • Бірінші кезең «Кітапханалық киім үлгісі» жас қатысушылар кітапханашының имиджіне, оның сырт келбетіне деген өзінің көзқарасын - қазіргі кітапханашының іскерлік костюмінің көрсетілімін ұсынды және қорғады.
  • Екінші кезең «Риторика» тапсырмаларды дайындықсыз айту: әділқазылар ұсынған кітаптардан Қ.Аманжоловтың «Көктем», М.Шахановтың «Төрт ана» («Өркениеттің адасуы» романынан үзінді), Ф.Оңғарсынованың «Махаббатым...», Ж.Нәжімеденовтың «Ана», М.Мақатаевтың «Көктем» өлеңдері мәнерлеп оқылып, көрермендерді автордың өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды.
  • Үшінші кезең «Блиц-турнир» тапсырмаларды дайындықсыз айту: кітапханалық қызметте туындаған жағдайларды және диалогтарды ұсыну.

Жеребе бойынша, оқырмандармен, ата-аналармен, даулы жағдайлар дайындықсыз ойластырылды, даулы жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ кітапханалық этикет жөнінде кеңестер берілді.

Әділқазылар мүшесі құрамына Н.Ө.Жайлыбаева (кітапхана директоры), Э.Г.Пак (киім дизайнері), А.Ө.Оспанова (№3 гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы) кірді.

Байқау шеңберінде көрермендер үшін тұсаукесер - слайды түрінде «Қазақстанның атақты әйелдері» атты сұрақ-жауап сайысыжас мамандарға арналған кітаптарды орау және байлау бойынша шеберлер сыныбы өткізілді.

Барлық байқау кезеңдерінің шешімі бойынша жеңімпаз болғандар:
1 орын - А.К.Еділбай (қазақтың ұлттық өрнегімен өрнектелген іскер костюм)
2 орын - А.С.Садуақас (классикалық шалбармен үйлескен іскер костюм)
3 орын - Ж.К.Нұржанова (тар- белдемшемен үйлескен іскер костюм)

Байқаудың барлық қатысушылары – сыйлықтармен және алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды.

Облыс балалар кітапханаларына кеңестік –әдістемелік көмек көрсету

Жыл сайын наурыз айында инновациялық-әдістемелік бөліммен Қарағанды облысының балалар кітапханаларының кітапханашылары үшін тағылымдама жүргізіледі. Осы жылы тағылымдамаға 45 маман қатысты (кітапханашылар, әдіскерлер, библиографтар, программист).

Мемлекеттік тілде 28-29-шы наурызда тағылымдама жүргізілді, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарынан, Приозерск, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларынан. 25 адам - қатысты. 30-31 –ші наурызда Абай, Нұра, Осакаров, Бұқаржырау аудандары, Саран, Теміртау, Сәтпаев қалаларынан балалар кітапханаларының 20 маман үшін орыс тілінде жүргізілді.

Сабақты инновациялық- әдістемелік бөлім меңгерушісі С.Ж.Жүсүпова, жинақтау бөлімінің меңгерушісі О.М. Мусина, автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі А.С.Садуақас, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушілері К.М.Қалиева және Е.О.Кучаева жүргізді.

Тағылымдаманы жүргізу бағдарламасында кітапхана жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша кеңестер қаралды және жүргізілді:

«Кітапханадағы өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру», «СБА өлкетануды қолдану және қалыптастыру», «Кітапханада интернеттік қызмет көрсету», «Өшірілген жүйелік ресурстар», «Кітапхана қорын балалар әдебиетімен қалыптастыру», «Қорлармен жұмысты қалыптастыру. Балалар әдебиеті қорының есептік құжаттарын жүргізу», «Электронды каталог», «Ақпараттық технологиялардың жаңа түрлерімен әдістерін қолдана отырып оқуға тарту», «Әлеуметтік медиадағы кітапхана», «Кітапхана дизайны, кітапхана кеңістігін ұйымдастыру».
Сонымен қатар тәжірибелік сабақтар жүргізілді: «Буктрейлерлерді құру технологиясы», «Кітапханада он-лайн әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру», «Е—кітаптаптары «Ирбис-64» ЭК Е-кітапшасының мәліметтерінің толық базасын құру», «ЭК кітаптарды енгізу және іздеу».
Тағылымдаманың аяқталу кезеңінде кәсіби ойлармен бөлісу болды, Абай атындағы ОБК директоры Н.Ө.Жайлыбаева тағылымдамаға қорытынды жасады, барлық қатысушыларға жұмыстарына сәттілік тіледі. Барлық тағылымдаманың тыңдаушыларына электрондық қолданушыларға ұсыныстар және әдістемелік материалдар жазылды.

«Қарағанды облысының балалар кітапханаларын инновациялық дамыту»
семинары

Кәсіби озық тәжірибе мен бірыңғай шешім жасау мақсатымен 2016 жылдың 25-мамырында облыстың балалар кітапханаларының қызметіне инновацияны енгізу сұрақтары бойынша Шахтинск қаласының Бұқар-жырау атындағы Орталықтандырылған қалалық кітапханасында Қарағанды облысының қалаларынан, аудандарынан балаларға қызмет көрсететін балалар кітапханаларынан, көпшілік кітапханалар филиалдарынан барлығы – 40 маманның басын қосқан «Қарағанды облысының балалар кітапханаларын инновациялық дамыту» семинары болды. Семинарды ұйымдастырушы: Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы.

Семинар шеңберінде кітапхана тәжірибесіне инновацияны енгізудің әр түрлі аспектілеріне арналған 9 баяндама оқылып, 1 жаттығу сабағы тыңдалды және бір кездесу ұйымдастырылды: қарым-қатынас жасау мен білім алудың «үшінші орында» кітапхананы дамытуды өзгерту әдістері; кітапхананың балалармен жұмыс жасаудың жаңа түрін анықтау; келешекте кітапхана мен шығармашылық дамыту Орталықтарымен өзара қарым-қатынас жасау; кітапқа назар аудару үшін Ғаламтор желісін пайдалану мүмкіндігі.

Кітапхана тәжірибесіне компьютерлік технологияларды кең ауқымда енгізу пайдаланушыларға қызмет көрсетудегі жылдамдықты арттырады, виртуалды әлемдегі сұранысқа ие құрылым ретінде көрсетуде маңыздылығын арттырады. Шахтинск қаласының ОКЖ-ның директоры – И.А.Калинина, кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі – Н.Ю.Разволяева мен кітапхана әдіскері – В.В.Желнорчуктың семинардағы «Балалар кітапханалары жұмысындағы On-line қарым-қатынас: жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жауапкершілік» тақырыбы бойынша баяндамалары семинарға қатысушылардың қызығушылықтарын туғызды. Олар жинаған тәжірибелерімен бөлісті, атап айтсақ: «Мобильді кітахана» жобасын тарату, әлеуметтік желілердегі кітапхана қызметі, sms-хабарламалар. Теміртау қаласының ОБК-ның тәжірибесімен әдістемелік бөлімнің меңгерушісі – А.Т.Жансағымованың «Инновация жолына үш бекет: жобалар, бағдарламалар, акциялар» атты баяндамасы таныстырды.

Семинар жұмысында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың Оқу-Әдістемелік Орталығының бастауыш мектеп бойынша әдіскері – Г.Г.Мұқашева балалар кітапханашыларына облыстың 40 мектебінде «Оқу шаттығы» жобасын тарату арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға бәсекелестігінің қалай қалыптасатыны жөнінде анық, әрі толық ақпарат берді. Кітапханашылар 2014 жылдың «Кітап менің өмірімде» сауалнамасы, оқу техникасының қалыптасу диагностикасы және оқу сапасының диагнотикасының (Л.Н.Засоринаның әдісі бойынша) нәтижесімен танысты. 2015-2016 оқу жылында жоба облыс мектептерінің 5-8-сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен таратылады. Гүлсім Мұқышева ата-аналармен және кітапханашылармен бірге шешуді қажет ететін мәселелер: оқу жылдамдығының төмендігі, сөзді көру арқылы анализдеудің жетіспеушілігі, мәтін құрылымының негізін анықтай алмаушылық, оқығанын айта алмай, сөзбе-сөз айтуға талпынушылық (оқығанын өз сөзімен айту қиыншылығы); оқу ой-өрісінің тар ауқымдылығы, оқу мәдениетінің негізінің жоқтығы т.б. атап өтті.

Семинар шеңберінде кітапханашылар Астана қаласының «Interactiv Kazakhstan» ЖШС тренинг-менеджері - Л.С.Ақановамен кездесіп, фирманың жасап шығаратын сөйлейтін қаламсабын, 3 өзекті интербелсенді оқу-әдістемелік жиынтығын көрсетті. Аталған жиынтық жиналған мамандардың қызығушылығын туғызып, сөйлейтін қаламсапты пайдалану бойынша көптеген сұрақтар туды, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бойынша интербелсенді кітаптарды алу бойынша сұрақтар болды. Осы жинақ бойынша барлық ақпарат http://interactiv.kz/ сайтында орналасқан.

«Даналық әліппесі. Азбука мудрости» - бұл білімге инновациялық жағынан жол сілтейтін, әрбір оқырманның еш қиындықсыз музыка мен көркем сөздер әлеміне кіруіне мүмкіндік беретін жинақ. Бұл серия 12 кітаптан құралған: «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі», «Аталар сөзі» және «Бабалар батасы».

Интеллектуалды оқу-әдістемелік «Абайтану әліппесі» жинағы «Жақсы бала» (Абайдың шығармалары мен тапсырмалар жинағы сияқты), «Жақсы ұстаз» (мұғалімдер үшін әдістемелік ұсынымдар), «Жақсы ата-ана» (ата-аналарға көмек) және «Жақсы құрбы-құрдас» (Абай шығармалары хрестоматия түрінде берілген) кітаптарынан құралған.

Үшінші интербелсенді кітап 3 тілде - сөйлейтін қаламсабымен бірге «Тілашар – Phrase book – Разговорник», күнделікті сөздер, мемлекеттік ведомстволар, ҚР-ның мемлекеттік қызметшілер лауазымдары атауларын қамтиды. 3 тілде сөйлейтін қаламсаптың көмегі (қазақша, орысша, ағылшынша) алдағы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында өте өзекті.

Біздің облысымызда «Даналық әліппесі. Азбука мудрости» кітабын пайдаланған Бұқар жырау ауданының балалар кітапханасының тәжірибесі бар. Осы кітапхананың меңгерушісі А.А.Искакова қатысушыларды осы кітаптың мазмұны бойынша мектеп оқушыларымен және мектепке дейінгі балдырғандармен өткізілген іс-шара түрлерімен таныстырды, олар: дауыстап оқу, театрландырылған қойылым, флэш-моб, суреттер байқауы және т.б. Искакова Айгерімнің баяндамасының құнды негізі балалар кітапханасының оқырмандарының инновациялық жинақты кітаптарды оқыған оқырмандардың пікірлерін білдірген бейнероликтерді көрсету болды.

Семинар қонағы ретінде қатысқан Қарағанды қаласының дамыту Студиясының жетекшісі – С.И.Иргужаева балаларды психологиялық тұрғыдан кітапқа тарту бойынша ұсынысын білдіріп, балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының инженер-жүйе технигі – Е.Жұмашев кітапханашылар үшін «Online-консультант JivoSite» практикумын өткізді. Кітапхана сайтына осы қосымшаны қалай орналастыру қажеттігін, қандай функцияларды атқаратындығы жөнінде егжей-тегжейлі инструкциялап, тиімділігі жөнінде айтып өтті. Іс-тәжірибеде чат-қарым-қатынастың қалай жұмыс жасайтындығы көрсетілді, облыс бойынша осы бағдарлама бойынша әзірше екі кітапхана – Шахтинск қаласының ОКЖ мен Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы жұмыс жасайтындығы анықталды.

Семинар барысында Бұқар жырау атындағы Орталықтандырылған қалалық кітапханада «Заманауи балалар кітапханасы: оқырманмен сөйлесу үшін әңгімелесудің әдістерімен жаңа түрлерін іздеу» (№13 балалар филиалы) танысу туры өткізілді және кітапхана бағдарламалары балаларды кітап оқуға тарту бойынша «Бір ел. Бір халық. Бір тағдыр», «Сарыарқа кітапханасы», «Жастарға оқу әлемі», «Өлкетану бойынша атаулы күндер библиоантологиясы», «Көк Сандықтың саяхаты» жобасы шеңберіндегі авторлық жұмыстар суреттері» тақырыбымен презентациялар мен кітаптармен безендірілген көрмелерге шолу жасалды.

Семинардың соңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры - Н.Ө.Жайлыбаева балалар кітапханаларының әрі қарай қызмет жасауы үшін ынталандыру өзегі болып табылатын кәсіби идеялармен алмасуы болғанын атап, қорытынды жасады.

Кітапхана мамандары семинардың жоғары ақпараттарға толы болғанын және алған білімдердің тәжірибелік маңыздылығын, тәжірибе алмасу мен кәсіби бәсекелестікті көтеру үшін осындай кездесу семинарларының қажет екенін атап өтті (Семинар бағдарламасы).

Кітапханашыларының халықаралық конгресі

15-16 қыркүйекте кітапхана директоры Н.У.Джайлыбаева, инновациялық – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі С.Ж.Жусупова және кітапханашы М.Н.Подгайнова Астана қаласында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы сәйкестендіруге және мәдениетке» Кітапханашылардың халықаралық конгресінің жұмысына қатысты.

Қазақстанның барлық облыстары Тәуелсіздік сарайының фойесінде безендірілген кітаптар көрмелерін, экзпозицияларын ұсынды.

Н.Гоголь атындағы ОӘҒК  ұйымдастырған біздің облыстың инсталляциясы «Қарағанды облысы: тарихы, болмысы, келешегі» деп аталды.

Абай атындағы балалар кітапханасы кітапхананың қызметі туралы материалдарды: «Көк қобдишаның саяхаты» Халықаралық жобаға қатысқаны туралы фотоесебін; кітапхананың жазғы кезеңдегі жұмысы туралы «Балалар. Жаз. Кітаптар.» тұсаукесерін; Қазақстанның балалар жазушыларының шағармашылығы туралы Баубек Бұлқышевтің шығармашылығы бойынша әдістемелік құрал, Абайдың мерейтойына арналған «Абай туралы сөз» журналын; біздің кітапхананың 60-жылдығына арналған конференция материалдарын ұсынды. 

Біз Конгрестің бірлескен мәжілісіне қатыстық, оның жұмысын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы ашты, онда құттықтау сөздері айтылып, ТМД елдері мен әлемнің Ұлттық кітапханалары: Ресей, Молдова, Грузия, Тәжікстан, Иран Ислам Республикасының, БАЕ басшыларының және саяси қайраткерлердің, жазушылардың, кітапханашылардың баяндамалары тыңдалды.

Екінші күні «Ұлттық электрондық кітапханалар және әлемдік ақпараттық кеңістік», «Заманауи әлемдегі балалар әдебиеті: оқу арқылы әлемді, тілдерді және мәдениетті тану», «Библиография: дамуының заманауи үрдісі мен жағдайы» секцияларына қатыстық. 

Барлық облыстардан келген әріптестерміз дөңгелек үстел басындағы «Заманауи әлемдегі балалар әдебиеті: оқу арқылы әлемді, тілдерді және мәдениетті тану» балалар секциясына жиналды. Секция модераторы балалар жазушысы Н.Ж.Шаймерденова «Аналар ертегісі» атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады, автордың қолы қойылған бір данасы біздің балалар кітапханасына сыйға тартылды.

С.Ж.Жусупова «Заманауи кітапхана оқырмандар үшін шабыт және жаңа мүмкіндіктер бастауы»  баяндамасымен сөз сөйледі. Барлық баяндамашыларға сертификаттар берілді.

http://nabrk.kz/wps/portal/nabrk/Content?contentPath=/contentkazneb/siteareainformer/portalnews/kongressbk


Всего просмотров: 13982

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2019 I «Алаштың ардақты Абылай ханы» атты кітап көрмесі

Біздің халқымыздың тарихи тұлғалары қазіргі оқырмандардың назарын аударады.

Толығырақ ...

17.09.2019 I Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі. Байқау қорытындысы

Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы орай біздің кітапхана Қарағанды облысының оқушылары арасында «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқау жариялаған болатын.

Толығырақ ...

08.09.2019 I Отбасы күні

Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылғы наурызда бекітілген отбасы күнін мерекелеу аясында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Толығырақ ...

05.09.2019 I День открытых дверей

5 сентября в библиотеке состоялся День открытых дверей, посвященный Дню языков народа Казахстана. Библиотека пригласила на познавательную программу детей специализированной школы-лицея-интерната информационных технологий, СОШ №13, 22, 25, 33, 60; СОШ №35 им.Ю.Н.Павлова, СОШЛ №53, более 100 человек.

Толығырақ ...

04.09.2019 I Ұстаз мәртебесі- ұлт мұраты

Мұғалімдер әулеті - бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық табысының кілті кәсібіне деген адалдық, мамандыққа, балаларға деген сүйіспеншілік және осы сүйіспеншілікті мұра ету мүмкіндігі болып табылады.

Толығырақ ...

27.08.2019 I Көрме-сауалнама

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы (10-15 жас) балаларға қызмет көрсету бөлімінің абонементінде кітапханада «Книга и молодежь: встречное движение» атты көрме-сауалнама ұйымдастырылды.

Толығырақ ...

21.08.2019 I Конституция күні

Кітапханамызда 21 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» шипажайында емалушы балалар қатысты.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Кеншілер еңбегін даңықтаймыз

Мерейлі мереке-кеншілер күніне арналып кітапханада «Кеншілер еңбегін даңықтаймыз» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «XX ғасырдың 30-шы жылдардағы кенші», «Кеншінің көмір арбасы», «Көмір бассейінің бас геологы А.А.Гапеев», «Аппақ Байжановтың ескерткішінің суреті» кеншілер өмірінен сыр шертетін кітаптар және т.б. фотосуреттер қойылды.

Толығырақ ...

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz