АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

c2e1f95fbf21749a5d91391ace5a62b5 1

«Жыл кітапханашысы - 2015»

Кітапханада 2015 жылдың 09 қазанында «Жыл кітапханашысы -2015» кәсіби шеберлік облыстық байқауының шешуші айналымы өтті.

Байқауға қатысқандар: Тукенова Жанар Жұмабекқызы- Жезқазған қаласының ОКЖ жанындағы БЖК-ның кітапханашысы; Құрманбекова Кенжегүл Тұяққызы - Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның кітапханашысы; Хамиева Нұргүл Ғазизқызы - Балхаш қаласының ОБК-ның №5 балалар филиалының кітапханашысы; Оспанова Әлия Сапарғалиқызы- «Абай аудандық ОКЖ» КММ балалар кітапханасының оқу залының кітапханашысы; Балдаева Айғаным Ерланкызы - Қарағанды қаласының ОКЖ-ның №5 балалар филиалының кітапханашысы; Звонова-Гавриленко Ольга Александровна - Теміртау қаласының ОКЖ-ның №6 балалар филиалының кітапханашысы; Шакар Перизат Қуанышбекқызы - Қарқаралы аудандық үлгі балалар кітапханасының кітапханашысы; Сестреватовская Елена Вячеславовна- «Осакаровка ауданының ОКЖ» ММ Сұңқар селосының кітапханашысы; Бем Ирина Александровна- Нұра ОКЖ –ның «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ның балалар кітапханасының кітапханашысы; Рощупкина Оксана Владимировна-Бұқар жырау ауданының ОКЖ-ның балалар кітапханасының аға библиографы; Нұршаева Айнұр Қазбекқызы-Шет аудандық балалар кітапханасының библиографы.

Қатысушылар номинациялар бойынша кітапханалық сайысқа қосылды:

«Тәжірибе мен Кәсіпқорлық» - балаларға қызмет көрсететін қалалық, балалар мен жас өспірімдер кітапханаларының кітапханашыларына;

«Жаңашылдық пен Креативтік» -балаларға қызмет көрсететін көпшілік кітапханаларының (филиалдары)кітапханашыларына;

«Шығармашылық пен Ынталық» - аудандардың орталық кітапханаларының кітапханашыларына.

• Қатысушылар бірінші айналымда «Іскер қолтаңба-Деловой автограф» визит карточкасы бойынша көрермендер назарына таныстырды. Үй тапсырмасы әр түрлі пішінде дайындалды: кітапханашылар өздерін және кітапхананы таныстыратын театрлық қойылым, бейнероликтер,тақпақ айтудан, домбырада әндер орындау, рэп орындау, электронды презентациялар. Қатысушыларға ең көп қолдауды жанкүйерлер көрсетті. Байқауға қатысушыларына белсенді қолдау көрсетуге қатысқан қолдау топтары Оскаровка, Абай аудандары мен Қарағанды қаласының ОКЖ, Жезқазған қаласының БЖК болды. Кітапханашылар үй тапсырмасын көрсетуде шығармашылықпен және қиялдарымен келген.

Шығармашылық тапсырмаларды әділқазылар құрамына кірген әділқазы мүшелері бағалады: Жайлыбаева Нұржамал Өтегенқызы - әділқазылар төрағасы, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры; Кейкина Сәуле Еркебайқызы - Қарағанды қаласының ОКЖ-ның әдістемелік бөлімнің меңгерушісі; Үмбединова Гаухар Нұрланқызы- Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ҚР-ның ІІМ-ның академиясы кітапханасының меңгерушісі, Рүстемова Жанар Айдарбекқызы - ҚарМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
Сайыстың екінші «Қоғамға қажетті кітапхана. Библиотека нужная людям» айналымында конкурсқа қатысушылар әр түрлі бағыттар бойынша жобалар: өлкетану, денсаулықты қорғау, ерекше қажетті, арнайы насихаттау бойынша балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды көрсетті.

Сайыстың үшінші «Жұлдызды сәт. Звездный час» айналымында кітапханашылар кітапханалық терминдер, КБЖ, құжаттарды библиографиялық сипаттау бойынша білімдерімен сайысты.Үшінші айналымның бағасы әр дұрыс жауапқа орташа арифметикалық баға ұпайларымен есептелді.

Байқаудың барлық айналым нәтижесі бойынша «Жыл кітапханашысы - 2015» атағын алды:

Тукенова Ж.Ж., «Тәжірибе мен Кәсіпқорлық. Опыт и профессионализм» номинациясын;

Звонова–Гавриленко О.А., «Жаңашылдық пен Креативтік. Новаторство и креативность» номинациясын;

Рощупкина О.В., «Шығармашылық пен Ынталық. Творчество и Энтузиазм» номинациясын.

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осы байқауға қатысу арқылы жас кітапханашыларға өз мамандықтарына жақсы көзқараспен қарауға, жобаларды жасау кезінде кәсіби білімдерін толықтыруға, кітапханалық іс-шараларды компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы меңгеруге мүмкіндік берді. «Жыл кітапханашысы - 2015» атағын алу үшін сайыс кітапхана мамандығының қызықты әрі сан қырлылығын көрсетті.

 Семинар «Балалар кітапханалары цифрлік төңкерістің ортасында»

2015 жылы мамырдың 28-ші жұлдызында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Балалар кітапханалары цифрлік төңкерістің ортасында. Детские библиотеки в центре цифровой революции» семинар өтті.

Семинарға балалар кітапханаларының меңгерушілері, балаларға қызмет көрсететін көпшілік кітапханалардың филиалдары, барлығы Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 30 маман қатысты.

Семинарды Абай атындағы ОБК директоры Жайлыбаева Нұржамал Өтегеновна ашты. Балалар кітапханаларының дамуы, заманауи ақпараттық кеңістікте балалар кітапханышының мәртебесін көтеру, балаларға кітапханалық қызмет көрсетудің әдістемелерін және инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері көтерді.

Абай атындағы ОБК ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Садуақас А.С. семинарға қатысушыларды кітапхана сайтымен, кітапхана парағымен таныстырды.

Қарағанды қ.ОКЖ әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Кейкина С.Е. «Көркемдік шығармаларды заманауи технологиялар арқылы оқуға тарту» баяндамасында элекрондық ресурстармен тәжірибелік жұмысы туралы айтты.

Әріптестерді «Қазақстанның интерактивты әдеби картасы», «Флешбук», «Электрондық кітаптар сөресі», «ZooBurst» бағдарлама арқылы виртуалды кітаптар көрмесін жасау т.б жобалармен қызықтырды.

Семинарда ақпараттық технологиялармен жұмыс тәжірибесімен Балқаш қаласының Гайдар атындағы ОБК меңгерушісі Курманова Б.Д. бөлісті. Сөзінде баяндамашы виртуалды көрмелердің, бук-трейлердің маңыздылығына назар аударды. «Macromedia Flash» бағдарламасында жасалған жаңа электрондық көрмелер ұсынылды.

Семинарда кітап оқуды қолдаудың кітапхана жұмысының жаңа форматы ретінде интерактивты ойындардың презентациясы көрсетілді: Жумадильдинова С.М.- Қарағанды қ., №5 ОКЖ филиалының меңгерушісі «Морской бой» әдеби электрондық ойынды ұсынды, Абай атындағы ОБК мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі Кучаева Е.О. –Жеңістің 70-жылдығына арналған «Умники и умницы» зияткерлік ойынның фрагментын көрсетті.

Шахтинск қаласының ОКЖ әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Разволяева Н.Ю. «Пайдаланушыларға Шахтинск қаласының балаларға қызмет көрсету кітапханаларының филиалдарында ұялы технологияларды қолдану»- баяндамасында өзінің кітапханааралық корпоративтік компьютерлік желі жасау тәжірибесін ұсынды,«SMS-рассылка», «Мобильная библиотека» жобаларды іске асыру, Интернет ресурстармен жұмыс жасаудың электрондық есеп жүргізу түрлерімен таныстырды.

Осакаров ауданы ОКЖ меңгерушісі Еремеева Е.А. «Балалар кітапханалары мен әлеуметтік медиа құралдары» баяндамасында онлайн-технологиялардың маңызын ашты, әдіскердің блогы, кітапхана сайты, әлеуметтік желілер туралы айтты. «Одноклассники» әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысы туралы оқылған кітаптар бойынша виртуалды суреттер конкурсын өткізудің электрондық конкурсын орналастыру алгоритмына тоқталды.

Абай атындағы ОБК қызметкерлері – бөлімшелердің меңгерушілері Жусупова С.Ж. және Мусина О.М. кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетуде QR-кодтарды пайдалану туралы практикум өткізді, «Е-кітап және оның кітапханадағы болашағы: «ИРБИС-64» ЭК Е-кітаптардың толықмәтінді деректер қорын жасау, 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың мамырына дейін «Көк сандық саяхаты» халықаралық жобасының іске асыру нәтижесі туралы хабарлама жасады.

Семинар жұмысына «Sandman» шығармашылық студиясының жетекшісі Плеханова О.М. қатысып, «Құммен сурет салу: өнер, терапия, бос уақыт өткізу»кітапханашыларға –шебер-сынып өткізді.

Жақын және алыс шетелдердің балалар кітапханаларында құм терапиясы мүмкіндіктері шектелген балаларға қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында пайдаланады.
Кітапханашылар құммен сурет салып, өздерін шығармашылықта көрсетті.

Семинардың соңында кітапхана директоры Н.Ө.Жайлыбаева қорытынды сөзінде, балаларға қызмет көрсететін заманауи кітапханашы балалар кітапханасы компьютерлерінің ерекшеліктерін ғана біліп қоймай: техникалық құралдарды пайдаланудың мақсаты мен міндеттерін, электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырып, кітапханада оқырмандарды жаңа ақпараттық кітапханалық технологияларға үйрету қажет екенін айтты.


Всего просмотров: 14568

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2019 I «Алаштың ардақты Абылай ханы» атты кітап көрмесі

Біздің халқымыздың тарихи тұлғалары қазіргі оқырмандардың назарын аударады.

Толығырақ ...

17.09.2019 I Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі. Байқау қорытындысы

Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығы орай біздің кітапхана Қарағанды облысының оқушылары арасында «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқау жариялаған болатын.

Толығырақ ...

08.09.2019 I Отбасы күні

Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылғы наурызда бекітілген отбасы күнін мерекелеу аясында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Толығырақ ...

05.09.2019 I День открытых дверей

5 сентября в библиотеке состоялся День открытых дверей, посвященный Дню языков народа Казахстана. Библиотека пригласила на познавательную программу детей специализированной школы-лицея-интерната информационных технологий, СОШ №13, 22, 25, 33, 60; СОШ №35 им.Ю.Н.Павлова, СОШЛ №53, более 100 человек.

Толығырақ ...

04.09.2019 I Ұстаз мәртебесі- ұлт мұраты

Мұғалімдер әулеті - бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық табысының кілті кәсібіне деген адалдық, мамандыққа, балаларға деген сүйіспеншілік және осы сүйіспеншілікті мұра ету мүмкіндігі болып табылады.

Толығырақ ...

27.08.2019 I Көрме-сауалнама

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы (10-15 жас) балаларға қызмет көрсету бөлімінің абонементінде кітапханада «Книга и молодежь: встречное движение» атты көрме-сауалнама ұйымдастырылды.

Толығырақ ...

21.08.2019 I Конституция күні

Кітапханамызда 21 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» шипажайында емалушы балалар қатысты.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.

Толығырақ ...

14.08.2019 I Кеншілер еңбегін даңықтаймыз

Мерейлі мереке-кеншілер күніне арналып кітапханада «Кеншілер еңбегін даңықтаймыз» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «XX ғасырдың 30-шы жылдардағы кенші», «Кеншінің көмір арбасы», «Көмір бассейінің бас геологы А.А.Гапеев», «Аппақ Байжановтың ескерткішінің суреті» кеншілер өмірінен сыр шертетін кітаптар және т.б. фотосуреттер қойылды.

Толығырақ ...

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz