2017 жылдың 1 маусымында сағат 11.00-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай OPEN—AIR «Бүгінгі бала - білімді бала» атты мерекелік шара өткізді.

2017 жылдың 1 маусымында сағат 11.00-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай OPEN—AIR «Бүгінгі бала - білімді бала» атты мерекелік шара өткізді.

Аталған іс-шараға кітапхана оқырмандары - балалар мен олардың ата-аналары - №1, 97 гимназиялары, № 6, 48, 50, 63, 64 мектептерінің және Дубовка орта мектебінің (Абай ауданы, Дубовка с.) оқушылары мен мектепке дейінгі жастағы балалар қатысты.

Кітапхана алдындағы алаңда балаларды ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген кітапханашылар қарсы алды.

№2 өнер мектебінің «Аруай» хореографиялық ұжымының жетекшісі Елена Левинаның қолдауымен қазақ халық биін және «Стиляги» биін орындады.

Балалар танымдық және қызықты творествалық алаңдар мен шеберлік сыныптарында аса белсенділік танытты.

«Ертегімен басталып, ертегімен аяқталады» алаңын белгілі қарағандылық балалар жазушысы Елена Пономаренко жүргізді. Елене Геннадьевнаның көмегімен балалар ертегі әлеміне қызықты саяхат жасады. Балаларға өздері ойлап тапқан ертегілерді жалғастыру, жаңа кейіпкерлерді сөйлету ең қызықты болды.

«ДоМиСолька» алаңындағы бас дирижёр танымал балалар композиторы Людмила Мельникова болды. Пианиноның жанды дауысымен сүйемелденген әндер мен музыкалық композициялар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Мен ЭКСПО-ны саламын» АРТ галереясы балаларға толы болды. Мұнда ойын және шығармашылық алаңдары ұйымдастырылды. Балалар ЭКСПО көріністерін суреттері арқылы көрсете білді. Сонымен қатар пазлдар жинау, шахмат, дойбы ойнау бұрыштары да осы алаңда болды.

«Жазды ұрлаған кім?» театрландырылған көрінісін Е. Пономаренко басшылық ететін Қарағанды экономикалық университетінің «Вдохновение» студенттік театры ұйымдастырды. Театрландырылған көрініспен қатар студент жастар балалар арасында ойындар ұйымдастырды.

«Кітапхана кезбелері» КВЕСТі барлық балалар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Балалар сиқырлы тапсырмалардың жауабын кітап беттерінен іздеді. Алаңға қатысқандар балалар шығармаларын жақсы білетіндерін көрсетті.

• Оригами жинауға үйрететін «Көңіл күй шеберханасы» «Какуми Ори - като» оригами клубының жетекшісі Абдыкаримов Серік жүргізді.

• «Сән колледжі» ЖМ 2-курс студенттері «Аквагрим алаңын» ұйымдастыру үшін еріктілер тобын құрды. Бұл алаң барлық балалар тарапынан ерекше ықыласқа ие болды.

«Бүгінгі бала - білімді бала» OPEN—AIR іс-шарасына 500 жуық бала мен ересектер қатысты. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен шарлар сыйға берілді.

OPEN—AIR позитивті деңгейде өтті.

 


Всего просмотров: 2671

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Маусым 2019
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz