Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы
(29.04.1954 ж.)

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, Қазақстан журналистика Академиясының толық мүшесі-академик, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулетов 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы «Коммунизм туы» облыстық газетінде корректор болып бастады.

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курстарды бітірген.

«Қазақстан пионері» газетінің корреспонденті, «Жазушы» баспасының редакторы, ҚазКСР мемлекеттік телерадиосының редакторы, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. 2002-2008 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2008 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы болып жұмыс істейді, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

«Қанат қақты», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ақ керуен», «Жүректегі жарылыстар», «Киіз кітап» кітаптарының авторы, «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының гимні - «Заман-ай» әні мәтінінің авторы.

Ұ.Есдәулетовтің «Алтай асулары.Перевалы Алтая» (1988), «Ахиллестің өкшесі.Ахиллесова пята» (2002) өлеңдер жинағы орыс тіліне аударылып жарыққа шықты. «Молодые поэты Средней Азии» (1982), «Разбег» (1986), «Рукопожатие» (1987) жинақтарында, «Истоки» және «Вдохновение» альманахтарында шығармаларын орыс тілінде жариялады. Ұ.Есдәулетовтің өлеңдері «Долгий свет» жинағында болгар тілінде (1983), «Рост» жинағында ағылшын тілінде (1986) басылып шықты.

Ұлықбек Есдәулетов жақын және алыс шет елдер ақындарының өлеңдерін аударумен белсене айналысады. 1984 жылы ол аударған моңғол ақындарының өлеңдерінің «Дос жүрегі» жинағы жарыққа шықты.

М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Б.Слуцкийдің, Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Ұ.Есдәулетов 1996 жылдан Қазақстанның ішкі саясат министрлігінің мәдени байланыс, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқармасында жұмыс істейді. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Всего просмотров: 45334

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz