Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы

24.09.19 кітапханада №21 НМ-тің оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты - қазақ тілін кирилицадан латын қарпіне көшіруді түсіндіру және латын тілінде жазу дағдыларына үйрету. Кітапхана тарапынан өткізілетін ойын нысанындағы іс-шаралар балалардың жаңа әліпбиге оңай бейімделуіне мүмкіндік береді.

Шара барысында балалар латын әліпбиін қолдана отырып, тақтаға «Уылдырық-Ýyldyryq», «Shańyraq-Шаңырақ», «Қоян-Qoıan», «Оıý-Ою», «Конституция-Konstıtýsıa» және т.б сөздерді жазып үйренуге дағдыланды.

Латын әліпбиі - өркениет жолы

Кітапхана қызметкерлері 24 қаңтарда қаланың орталық көшесі – Бейбітшілік гүлзарында «Латын әліпбиі - өркениет жолы» акциясы аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарына қазақ тілін латын жазуына көшірудің артықшылықтары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, заманауи ақпараттық технологияларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.

Жаңа қазақ әліпбиін кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері қазақ транскрипциясымен әліпбидің барлық әріптері көрсетілген, латын әріптеріне негізделген әліпби флаерларын таратты, «акуттар», «диграфтар» терминдері түсіндірілді.

Акцияны өткізу барысында 50-ден астам флаер таратылды, жалпы алғанда, қала тұрғындары Қазақстанның латын әліпбиіне көшірілуін қолдайды, олардың көпшілігі мұндай іс-шаралардың қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.

 

2018

2017


Всего просмотров: 84522

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2019
MoTuWeThFrSaSu
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz