Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі

 Латын әліпбиі- – уақыт талабы

25 шілдеде кітапханашылар қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Латын әліпбиі- – уақыт талабы» кезекті акциясын ұйымдастырды. Қаланың Бұқар жырау атындағы орталық даңғылында көше жолаушыларға қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы негізгі тезистерімен ««Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» флаерлары таратылды.

Кітапханашылар флаерлар тарату кезінде қазақстандықтардың қазақ тілін латын жазуына көшіру туралы не білетіндігі туралы сауалнама жүргізді. Көптеген респонденттер қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдайды, өйткені мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Респонденттер кейбір қиындықтарды да атап өттіі: балаларды мектепке дайындау ата-аналарға қиынға түседі, ұлғайған жастағы адамдарға үйрену қиын болады, бірақ қиындықтарды игеруге және меңгеруге ұмтылу керек. Қала жастары еліміздегі мемлекеттік тіл реформасын қолдайды, олардың пікірінше, студенттер үшін жаңа форматта тіл меңгеруде қиындықтар болмайды.

«Мен үйренемін...» ойын бағдарламасы.

Мамыр айының 15 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №1 гимназияның 3 «В» сынып оқушыларына арнап «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында балаларға қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырылды. Балаларға ойын түрінде қазақ тілінің латын әліпбиіндегі көрінісі көрсетілді. Оқушыларға түрлі ойындар ойнатылып, балалар берілген сөздерді және өз есімдерін жаңа әліпбимен жазып көрді. Жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиімен жазған балалар жаңа әліпбиді тез үйреніп кететіндерін аңғартты.

Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.

 

 

«Әр түрлі әліпбидегі кітаптар»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 қаулысымен апострофтерімен 32 әріптен тұратын латын алфавитіне негізделген жаңа қазақ алфавитін бекіту туралы Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіруді насихаттау және кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері сәуір айының 17 күні «Әр түрлі әліпбидегі кітаптар» атты библиографиялық сабақты №6 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына барып өткізді.

Оқушыларға әр елдің әліпбиі жайлы, қазақ әліпбиінің тарихы туралы түсіндіріліп, ағылшын, түрік, кәріс, татар, өзбек және т.б. тілдерде жазылған кітаптарға шолу жасалды. Латын графикасының жаңа нұсқасымен оқушылар танысып, «Үш тілде сөйлеу білеміз бе?» атты ойыны ойнатылды. Ойын барысында оқушылар орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қойылған сұрақтарға өз жауаптарын қайтарды.

«Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады»

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.

2018 жылдың сәуір айының 12-і күні сағат 14.00-де кітапхананың жас оқырмандарына «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» атты ақпараттық стенд ұйымдастырылды.

Кітапханашы стендке шолу жасау барысында оқырмандарға латын әліпбиіне көшу маңыздылығын және латын графикасының жаңа нұсқасы туралы мағлұмат берді.

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

Наурыз айының 19 күні кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы негізгі тезистерімен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпараттық флаерлар дайындап оны тарату акциясын ұйымдастырды.

Флаерлар таратқан кезде кітапханашылар қала тұрғындары мен қонақтарынан латын әліпбиі туралы олардың не білетіні, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы түсіндірді. Латын әліпбиі әлемдегі жетекші орынға ие, өйткені оны планетаның 4 миллиардтан астам тұрғыны пайдаланады. Қазақ тілі латын әліпбиіне көшу барысында Интернетте көрініс табу мүмкіндігіне ие болып, үйрену үшін қолжетімді болады және біздің азаматтарымызға шет тілдерін меңгеруге көмектеседі. Ал ең бастысы, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа жылдам ықпалдасуға қабілетті болады.

Кітапханашылар қала тұрғындарына 40-дан астам флаерлерді таратып, алдағы қазақ тіліндегі өзгерістер туралы қала тұрғындарының пікірлерін білді.

«Мен үйренемін…»

Қаңтардың 18 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №48 ЖОББ мектебінің 3-4 сынып оқушыларына арнап «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында балаларға қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырылды. Балаларға ойын түрінде қазақ тілінің латын әліпбиіндегі көрінісі көрсетілді.Оқушыларға түрлі ойындар ойнатылып, балалар берілген сөздерді және өз аттарын жаңа әліпбимен жазып көрді. Жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиімен жазған балалар жаңа әліпбиді тез үйреніп кететіндерін аңғартты.

Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.

 

Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 қаулысымен апострофтерімен 32 әріптен тұратын латын алфавитіне негізделген жаңа қазақ алфавитін бекіту туралы Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіруді насихаттау және кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері 2018 жылы 17 қаңтарда № 15 ЖББОМ 6-7 сынып оқушыларына барып «Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы» атты ақпараттық сағат өткізді.

 

Кітапханашы балаларға жаңа әліпбиге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мысалы, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды дайындау басталады. Сондай-ақ мектептерге арналған оқулықтар дайындау ісі де келесі жылдан бастап қолға алады. Ал жаңа әліпбиге толық көшу 2025 жылға белгіленіп отыр деп түсіндіріп өтті.

 

Сондай-ақ оқушыларға «Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты слайд көрсетілді.

 

 

 

Қазақ жазуының тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 қаулысымен апострофтерімен 32 әріптен тұратын латын алфавитіне негізделген жаңа қазақ алфавитін бекіту туралы Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіруді насихаттау және кеңінен танымал ету мақсатында кітапханада 2017 жылғы 29 желтоқсанда №59 ЖОББМ 4 -ә сыныбы оқушыларына арналған «Қазақ жазуының тарихы» атты танымдық сағаты өткізілді.

Балалардың назарына ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін қазақ жазуының барлық дамуының кезеңін, яғни қазақ тілі жазуында руникалық жазуды, арабша жазуды, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында латын, 1940 жылдан бастап кириллица жазуын қолданғанын және де 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазақ тілін латын қарпіне көшіруді айқындайтын слайдтық таныстырылым ұсынылды.

Балалар іс-шара барысында қазақ тілінің жаңа қаріптерімен өздерінің аты-жөнін, топографиялық және топонимикалық атауларды жазуды үйренді.

 

Қазақстан латын әрпін таңдайды

Латын әліпбиі әлемдегі жетекші орынға ие, өйткені оны планетаның 4 миллиардтан астам тұрғыны пайдаланады. Қазақ тілі латын әліпбиіне көшу барысында Интернетте көрініс табу мүмкіндігіне ие болып, үйрену үшін қолжетімді болады және біздің азаматтарымызға шет тілдерін меңгеруге көмектеседі.

Ал ең бастысы, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа жылдам ықпалдасуға қабілетті болады.

Кітапхана қызметкерлері 3 желтоқсанда қаланың орталық көшесінде «Қазақстан латын әрпін таңдайды» флаерлерін тарату кезінде қала тұрғындарымен осы мәселе туралы диалог жүргізді.

Кітапханашылар жолаушыларға 50-ден астам флаерлерді таратып, алдағы қазақ тіліндегі өзгерістер туралы қала тұрғындарының пікірлерін білді.

Мен үйренемін...

Қараша айының 29 күні тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Қарағанды облыстық мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қатысумен «Мен үйренемін...» атты ойын сабақ өтті. Шара барысында кітапханашылар балалар қазақ тілін латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырды.Сондай-ақ оқушыларға «Латын әліпбиі» атты телесабақ көрсетілді. Балалар өз есімдерін латын әліпбиінің 32 қарпіне сүйеніп жазып үйренді.

Болашақ және латын әліпбиі

Қараша айының 28 күні  №63 ЖББОМ  3 сынып оқушыларының қатысумен «Болашақ және латын әліпбиі» атты әңгіме өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар оқушыларды  қазақ тілін латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырды.  Сондай-ақ оқушыларға  «Латын әліпбиі - келешек кілті» атты слайд көрсетілді.

Латын әліпбиі – келешек келбеті

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған іс-шаралар кешені аясында әр түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда кітапхана қызметкерлері қараша айының 27-нен желтоқсан айының 3-і аралығында «Латын әліпбиі – келешек келбеті» атты апталығын жариялады.

Апталықтың бірінші күні «Латын әліпбиі - келешектің келбеті» атты ақпараттық сағат №17,18 ЖББОМ 7-8 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Оқушылар «Латын қарпі: дамудың жаңа сатысы» атты слайд тамашалап, «Латын қарпіне көшу уақыт талабы» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар балалар ойын түрінде жаңа латын әліпбиінде жазуға машықтанып, қызығушылық танытты.

Апталықтың әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Бүл күндері мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына «Болашақ және латын әліпбиі» атты әңгіме, «Латын әліпбиі - өзекті мәселе» атты таныстыру сағаты өткізіледі. 29 қарашада орта буын оқушыларына «Мен үйренемін...» ойын-сабағы өткізіледі.

Апталықтың соңғы күні 3 желтоқсанда қала тұрғындарына «Латын әліпбиі – уақыт талабы» флаерлары таратылады.

Қазақ жазуының тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарғысымен апострофтарымен бірге 32 әріптен тұратын, латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің бекітілуіне байланысты қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттау және көпшілікке танымал ету мақсатында  2017 жылғы 24 қарашада  №1гимназияның 2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ жазуының тарихы» танымдық сағаты өткізілді.

Латын әліпбиіне көшу-өмір талабы

2017 жылы қараша айының 17-і күні Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрніс тапқан латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселесін талқылау, осы үрдісті уақытында іске асыруды түсіндіру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 жалпы білім беретін орта мектептің 9 - сынып оқшыларына барып «Латын әліпбиіне көшу-өмір талабы» атты ақпараттық сағат өткізді. Аталған іс-шара барысында кітапханашылар қазақ тілін латын қарпіне көшіру ерекшеліктерін таныстырды. Сондай-ақ оқушыларға «Латын әліпбиі - келешек кілті» атты слайд көрсетілді.

Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі

2017 жылғы қараша айының 15-і күні сағат 12.00-де №3 гимназия, №58 ЖББОМ-ның 5-6 сынып оқушыларына «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» атты мерзімді басылымдарға шолу өткізілді.

Кітапханашы мерзімді басылымдарға шолу жасау барысында мектеп оқушыларына латын әліпбиіне көшу маңыздылығын және латын графикасының жаңа нұсқасы туралы мағлұмат берді.

Сонымен қатар, республикалық және облыстық мерзімді басылым беттерінде жарық көрген: «Мәңгілік елдің маңызды қадамы», «Латын әліпбиіне көшу тарихи таңдау», «На латинскую графику» және т.б. осы сынды мақалалармен таныстырды.

Латын әліпбиі-келешектің кілті

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жыл қараша айының 13-і күні сағат 12.00-де кітапхана оқырмандарына «Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты мерзімді басылымдарға шолу өткізілді.

 

Мерзімді басылымдарға шолу жасау барысында мектеп оқушыларын латын әліпбиі тарихымен және 26 қазан мемлекет басшысының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру жарлығы бойынша жарық көрген латын графикасының жаңа нұсқасымен танысты.

 

Сонымен қатар, инновациялық-әдістемелік бөлімінің библиографы Жамауова Ұ.Ө. қазақ тілін латын қарпіне көшіру уақытында іске асырылған әртүрлі маңызды шаралар, терең талқылаулар мен мемлекеттік тілді дамыту барысында тіл мамандарының, ғалымдардың және зиялы қауым өкілдерінің мерзімді басылым беттерінде жарық көрген өзекті мақалаларымен оқырмандарды таныстырды және осы мақалалар аясында латын әліпбиінің маңызды тұстары туралы түсіндіріп өтті. Соның ішінде, «Мәдениет» Республикалық мәдени-сараптамалық журналынан «Жаңа әліпби – болашаққа бағдар», «Балдырған» республикалық балалар журналынан «Қазақ жазуы», «Тіл» журналынан «Латын әліпбиі - заман талабы», «Орталық Қазақстан» газетіндегі «Қазақ жазуы тарихынан» және т. б. мақалаларға шолу жасап өтті.

 

«Мен оқимын...»

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жылғы қараша айының 8 және 10 күні «Мен оқимын ...» атты байқау ойыны өткізді. Шараға №59, 81 ЖББОМ 3-4 сынып оқушылары қатысты.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазанындағы №569 Жарлығымен Латын графикасына негізделген қазақ тілінің Әліпбиі бекітілді,- деп кітапханашы балаларға таныстырып айтып өтті.

 

Шара барысында жас буынға жаңа әліпбиге ауысуымыздың маңыздылығын жан-жақты зерделеп түсіндіруге тырыстық.

 

Кітапханашыларымыз ұсынған лингвистикалық ойындарды ойнай отырып, оқушылар жаңа әліпбиге көздерін қанықтырып қайтты.

 

«Мен оқимын...» ойын сабақ

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жылғы қараша айының 6 күні сағат 14.00-де Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мен оқимын...» атты ойын сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазіргі кезеңдегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау, жас оқырмандарды Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ( Ақорда, 2017 жылдың 26 қазаны) бекітілген жаңа әліпбимен таныстыру. «Әліпби» атты телесабақ көрсетіліп, түрлі ойындар ойнатылды, балалар берілген сөздерді және өз аттарын жаңа әліпбимен жазып көрді. Ойын сабақта балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.

Қазақ жазуының тарихы

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де «Туберкулезге қарсы облыстық балалар шипажайы» КММ ем алушы балаларының қатысуымен «Қазақ жазуының тарихы» атты танымдық сағат өтті.

Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген 32 әріптен тұратын латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі жайлы «Әліпби» атты телесабақ көрсетіліп, түрлі ойындар ойнатылды, балалар берілген сөздерді және өз аттарын жаңа әліпбимен жазып көрді.

Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Бұл рас. Бірақ барға қанағат етуге болмайтынын, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керектігі жайлы ақпарат берілді.

Сондай-ақ «Латын қарпіне көшу уақыт талабы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Латын әліпбиі – уақыт талабы

Латын әліпбиі әлемдегі ең кең тараған әліпби болып табылады. Бұл бүгінгі күннің объективті шындығы, сондықтан қазіргі заманғы әлем латын әліпбиінің әлемі болып табылады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-ші сессиясында қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесін көтерді. Биылғы жылы Президент 2025 жылдан бастап әліпбиді латын қарпіне көшіруді тапсырды.

Кітапхана ақпарат орталығы ретінде оқырмандарға қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.

31 қазанда кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы негізгі тезистерімен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпараттық флаерлар тарату акциясын ұйымдастырды.

Флаерлар таратқан кезде кітапханашылар қала тұрғындары мен қонақтарынан латын әліпбиі туралы олардың не білетіні, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан қандай мүмкіндіктерге ие болатыны және т.б. туралы сауалнама алды.

Ишанов Өміржан (қала тұрғыны): «Түркия да латын әліпбиіне көшті, бірақ ол одан тілін жоғалтқан жоқ, латынға жақынырақ болды, прогреске, гүлденуге жақындады».

Доскеев Ержан (қала тұрғыны): «Мен латын әліпбиіне көшуге және тіл саясатындағы өзгерістерге қарсы емеспін».
Жапишев Дулат (күзетші): «Дамыған елдерде латын қарпі пайдаланылады, біз латын әліпбиін қолдана отырып, оқи аламыз, жаза аламыз. Бұл уақыттың заманауи талабы».

Сарғасқаева Раушан (зейнеткер): «Біздің тарихымызда біз латын қарпін қолдандық, біздің аталарымыз бен әжелеріміз латынша жазған және оқыған. Менің ойымша, балалар да үйренеді және жаңа әліпбиді де оңай пайдаланады».

Аймуканова Сауле (қала тұрғыны): «Бүкіл әлем латын қарпін қолданады. Халықаралық деңгейге шығу үшін латын әліпбиі ең қолайлы әліпби. Менің ойымша, жастар мен ересектерде қиындықтар болмайды».

Сауалнама тұрғындардың басым бөлігінің алдағы жылдары қазақ тілінің дамуында өзгерістер болатыны туралы хабардар екенін көрсетті. Жас ұрпақ (студенттер, оқушылар) тілдің жаңа форматын меңгеруде қиындықтар жоқ дейді, одан әрі ересек, егде жастағы адамдар латынға көшуді өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктері деп қарастырады және бұл көшуді уақыт талабы деп санайды.

 

 

 

 

       Ана тілі-жүрек үні

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін қолдау мен насихаттау мақсатында 2017 жылғы 26 қазан күні сағ.14.00-де кітапхана қызметкерлері «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барып «Ана тілі-жүрек үні» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапханашылар жас оқырмандарға қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі жөнінде ақпарат беруді мақсат етті.

Сондай-ақ 16-19 қазан аралығында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімнің басшысы Е.О.Кучаева Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың мамандары ұйымдастырған «Қазақстан – оқитын ел» атты библиодесантына қатысты.

Библиодесант Нұра ауданының Баршын, Соналы, Құланөтпес, Талдысай, Жанбөбек, Шұбаркөл шалғай ауылдарында өткізілді.

Библиодесанттың мақсаты - «Туған жер» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының негізгі бағыттарын, Үштұғырлы тіл бағдарламасын, қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшіруді облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдардағы тұрғындар мен өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Мен оқимын...» атты ойын сабағын өткізді. Қазақ тілінен латын қарпіне көшу мектеп жасындағы балалармен қатар, ересектерді де қызықтырды.

     Қазақстанның XX ғасырдағы жазу тарихының реформалары

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап айтылған қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттау мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2017 жылғы 25 қазан күні сағ.12.00-де №48,№63 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары және Қарағанды қаласының медициналық колледжінің студенттерінің қатысумен «Қазақстанның XX ғасырдағы жазу тарихының реформалары» атты ақпараттық сағат өткізілді.

«Рухани жаңғырудың» нақты бір бағыты латын қарпіне көшуді құрайды. Латын әліпбиі біздің бірінші рет қолдануымыз емес. Ел тарихында жиырмасыншы-отызыншы жылдарда осы әліпбиді қолдандық. Бұрын Кеңес Одағына кірген түркі тілдес мемлекеттердің көпшілігі осы әліпбиге ден қойып отыр.

Қазақ тілінің латын қарпіне көшу барысында бүгінде 2 нұсқа ұсынылған. Әуелден ұсынылған 25 әріптен тұратын нұсқа болды. Мұнда көбіне диграфтарға кеңінен орын берілген. Екінші нұсқада әріпасты, әріпүсті элементтерге артықшылық берілген. Бұл нұсқа біршама ыңғайлы, әрі оқуға да оңай деп кітапхана қызметкерлері оқушыларға ақпарат берді.

Оқушылардың айтуынша, латын әліпбиін таңдау – рухани тәуелсіздікке жол сілтейді, әрі еліміз латын әліпбиіне көшу арқылы біз – жаңа технологияны тез игереміз. Әрбір бала латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді де меңгеруге мүмкіндік алады. Шараға қатысушылар «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» атты стендпен танысты.

       Қазақстан – оқитын ел

16-19 қазан аралығында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімнің басшысы Е.О.Кучаева Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың мамандары ұйымдастырған «Қазақстан – оқитын ел» библиодесантына қатысты.

Библиодесант Нұра ауданының: Баршын, Соналы, Құланөтпес, Талдысай, Жанбөбек, Шұбаркөл шалғай ауылдарында өткізілді.

Библиодесанттың мақсаты - «Туған жер» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының негізгі бағыттарын, Үштұғырлы тіл бағдарламасын, қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшіруді облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдардағы тұрғындар мен өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Облыстық кітапхана мамандары мектептерде, клубтар мен кітапханаларда баяндама жасап, ойын түрінде жете түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Мен оқимын...» ойын сабағын өткізді. Ол мектеп жасындағы балалармен қатар, ересектерді де қызықтырды.

Латын қарпінің кезекті нұсқасында ауыл тұрғындары топонимикалық атауларды, аты-жөндерін жазуға машықтану қызықты болды.

Кездесулер мейірімге толы жағымды жағдайда өткізілді. Әр қатысушы қарапайым естелік сыйлығын алды.

     Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби 

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2017 жылғы 12 қазанда сағат 12.00-де №81,87 ЖББОМ 7-8 сынып оқушыларымен бірлесе «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Қарағанды облыстық сотынының судьясы, тіл жанашыры Азбанбаев Марат Ақторғайұлы, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Қунанбаева Динара Әбілсейтқызы, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы қатысты.

Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланады.

«Қазақтың латын әрпіне көшуі – кем дегенде бүкіл ұлтты бір күнде партаға отырғыза алатын жағдай. Яғни, бәріміз қайта жаза бастаймыз, қайта үйренеміз. Сол арқылы тілді білмеген азаматтардың өзі де қатарға қосылып, бізбен бірге үлкен жетістікке де жетуге болады. Өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін»,-деді Қарағанды облыстық сотынының судьясы, тіл жанашыры М. А.Азбанбаев.

«Латын әліпбиінің өзіне келсек, онда бұл әліпби қазіргі жазуымыздан мейлінше жетілдірілген, ыңғайлы әліпбиі болмақ. Алдымен біз кезінде жазу емлесінде жіберілген орайсыздықтарды жөнге келтіреміз және қазақ тілі үшін тән емес, aртық таңбалардан арылып, бұрынғыдай 42 емес, 25 бәлкім 28 немесе 32 таңбадан тұратын мейлінше ықшам, ыңғайлы әліпбиді таңдаймыз», деді Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Д. Ә. Қунанбаева.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиінің қолданыс аясының маңызы, латын әліпбиіне көшу және оны енгізу жолдары, латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен болашағы турасындағы мәселелерді талқылай отырып, латынға көшу жөніндегі Президенттік бастамаға толықтай қолдау көрсететіндерін жеткізді.

«Мен оқимын ...»

ҚР Президенті Нұрсултан Назарбаев Астана қаласында қазақтардың Бүкіләлемдік V құрылтайында сөйлеген сөзінде ««Қазақ тілін латын қарпіне көшіру - бұл біздің рухани бірлікті қамтамасыз ету, жаһандық ғылым мен білім беру жүйесіне ықпалдасу қадамы» - деп атап өтті. Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған орай, бекітілген жоспар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2017 жылғы 10 қазанда Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ОЖБМ 4 «а» сынып оқушыларымен сағ.11.00-де және 3-4 сынып оқушыларымен сағ.15.00-те «Мен оқимын...» байқау ойынын өткізді.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты - қазақ тілін кирилицадан латын қарпіне көшіруді түсіндіру және латын тілінде жазу дағдыларына үйрету.

Балалар қазақ тілі графикасының тарихы, қазақ тілі әліпбиіндегі болашақ өзгерістер туралы біледі.

Оқушылар сөздерді латын графикасында жазуды үйренді. Кітапхана тарапынан өткізілетін ойын нысанындағы іс-шаралар балалардың жаңа әліпбиге оңай бейімделуіне мүмкіндік береді.

Латын әліпбиі – өзекті мәселе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген қазақ тілін латын қарпіне көшірудің насхаттау мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2017 жылғы 9 қазан күні «Латын әліпбиі – өзекті мәселе» атты тақырыпта кітапхана ұжымымен қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесін талқылау өткізілді.

Кітапхана ұжымына ХабарNEMS-жаңалықтар және сараптамалық бағдарламалар дайындаған «Латын әліпбиіне көшу» атты бейне ролик, «Латын әліпбиі – өзекті мәселе» атты слайд көрсетілді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын әрпіне көшіру керектігін тапсырды. Меніңше, біз оны жасай аламыз және ол Қазақстанды түркітілдес әлеммен біріктіреді», - деді кітапхана басшысы Б. Уатаева.

«Латын әрпіне көшу – өркениетті таңдау. Ашық және ғаламдық әлемге таңдау түседі. Графика ғана ауысады, тілдің өзі қалады, сондықтан еш қиындық жоқ», - деді орта және жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі К.Калиева.

Кітапхана қызметкерлері «латын әрпіне көшу – еліміз үшін мемлекет мүддесіне сай келетін алға тартар қадам» деген ортақ пікірге келді.

Анатіліата-бабамұрасы

Қарағандыоблысындақазақтілінлатынқарпінекөшірудінасихаттауғаарналыпбекітілгеніс-шаралараясындаАбайатындағыҚарағандыоблыстықбалаларкітапханасы 2017 жылғы 22 қыркүйектеҒабиденМұстафинатындағы №83 жалпыортабілімберумектебініңбастауышсыныпоқушыларыменбірлесе «Анатіліата-бабамұрасы»  әдеби-поэзиялықмерекеөткізеді.

Қазақстандабүгінгікүніөзбек, ұйғыр, тәжікжәнеукраинмектептеріжұмысістейді. Еліміздіңоқуорындарындаонбірұлттықтілоқытылады.

Өткізілгеніс-шараныңмақсатытілдердідамытуменқатар, қазақтілінкирилицаданлатынқарпіне  көшірудітүсіндіруболыптабылады.

Балаларіс-шарағабелсенеқатысты, әрұлттардыңойындарыойналды, мысалы, қазақхалқының «Ұшты-ұшты», беларусхалқының «Горячаякартошка», ингушхалқының «Птичьястая» ойындарыойналды, мақал-мәтелдер  менәндерайтылды.

4-сыныпоқушыларықазақтілінлатынграфикасыменоқып, жазуғақұлшынысбілдірді. ҰсынылғанжаңалатыналфавитібойыншабалаларҚазақстанныңқала, ауыл, өзен-көлдеріментауларыныңатауларынжазыпжаттықты.

Анатілінедегенқұрмет, анатілініңұлтүшінмаңыздылығытуралыайтылып, өзгетілдердібілужәнеқұрметтеуқазіргізамандамаңыздыорыналатынытуралыашықәңгімеболды.

«Ана тілім - ата-баба мұрасы» іс-шарасы ана тілін жетік меңгеру, шетел тілдерінің көрнекті құралдарын пайдалану шеберлігі әр адамның қоғамдық және шығармашылық өміріндегі негізгі тірек болып табылатынын өскелең ұрпаққа жеткізеді. Өйткені әрбір тіл өте бай, көркем және икемді.

Тіл - бұл достық құралы, ал дүние қазіргі уақыт дәмлдегендей бұдан артық жақсы қаруды ешкім ойлап тапқан жоқ.

Бөлім басшысының телеарнаға берген сұхбат 

 

 

 kazaaah

  

 

 

 

 

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап айтылған қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттау мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы тарапынан бірқатар іс-шаралар әзірленді.

Кітапхана қызметкерлерінің қаланың орталық көшелеріне шығуы осындай іс-шаралардың бірі болып табылады. 2017 жылғы 18 қыркүйек сағ. 11.00-де қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы флаерлар таратылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» флаер арқылы латынға көшудің негізгі тезистерімен танысып, қазақ тіліндегі болашақ өзгерістер туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының тілшілері іс-шараны эфирде жариялады.

14.09.2017 | Латын қарпіне көшу – уақыт талабы

Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келді. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден – араб әліпбиі, екінші – латын әліпбиі, үшіншісі – кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз.

Қазіргі таңда  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаетың  латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймыз. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсек, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Сондықтан да латын әліпбиімен  кеңірек танысу мақсатында 14 қыркүйек күні №48 жалпы білім беретін орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен  «Латын қарпіне көшу – уақыт талабы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында оқушылар, жаңа латын әліпбиінің үлгісі 25 латын таңбасымен танысты. Аталмыш шарада балалар өз есімдерін тақтаға латын әліпбиін қолданып жазды.


Всего просмотров: 42642

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2018
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz