Қашкынов Жеңіс
         (04.03.1942 – қаңтар 2006 ж.)

Ақын 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызылсеңгір тауының етегіндегі Қуаныш ауылында дүниеге келген. 1964 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Лениншіл жас» республикалық жастар газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1965 жылдан Қазақ радиосының әдеби-драмалық редакциясын басқарды. Одан соң Мембаспакомитетінде, «Мектеп» баспасында еңбек етті.

Жеңіс Қашқынов мектеп кезінен өлең жаза бастады. Оның алғашқы туындылары оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде, 1959 жылы «Пионер» журналында және «Қазақстан пионері» газетінде жарыққа шықты. Ақынның бірінші кітабы «Кешкі күн.Вечернее солнце» кітабы 1967 жылы баспадан шықты.

Одан кейінгі жылдары «Тұлпар» (1969), «Ленин ата» (1970), «Достар» (1971), «Тропинки» (1973), «Герой Казыбек Нуржанов» (1972),«Хвалят брата моего» (1975), «Утес» (1977), «Раскрытая тайна» (1978) өлеңдер жинағы басып шығарылды.

Жеңіс Қашкынов «Қыраулы биіктік» поэмалар, ертегілер, аңыздар жинағының (1989); «Ақжолтай Ағыбай батыр» очеркінің (1996); «Алыптар мен арыстар» өлеңдер, поэмалар жинағының (2001); Ақтоғай және Қарқаралы тарихы туралы «Атыңнан айналайын, атамекен»(2002) әңгімелер, өлеңдер жинағы кітаптарының авторы.

Ол балалар мен ересектерге арналған поэзия және проза кітаптарын жазды. Оның өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, белорус, ұйғыр және басқа тілдерге аударылған.

Оның кейбір шығармалары оқулықтар мен антологияға енгізілген, көбісінің сөзіне әндер жазылды. Композитор Т.Қышқашбаев «Астана жыры» өлеңіне Астана туралы ән шығарды.

Автор Тәуелсіздік таңында өзінің шығармалары үшін үлкен тарихи тақырыптарды таңдады, балладалар арқылы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы әңгімеледі (мәліметтерді жиырма жылдан астам уақыт бойы жинады), Қазақстанның белгілі ақындары мен жазушыларына өлеңдерін арнады.

Жазушы өз шығармаларында экология мәселесін көтерді. Балқаш көлінің керемет бейнесін паш етті. Көптеген басылымдарда және радиода Балқаш балығының жойылып бара жатқаны туралы проблемаларды баяндады. Жеңіс Қашкынов алыс және жақын шет елдердің көптеген ақындарының шығармаларын аударды.

Қашқынов кезінде еркін күрестен танымал спортшы болды, КСРО спорт шебері атағына ие болған.

ҚР Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы. Ж.Қашқынов еңбектегі белсенді қызметі үшін көптеген құрмет грамоталарымен және «За трудовую доблесть» медалімен марапатталған. Бірнеше әдеби журналдар мен поэзиялық байқаулардың лауреаты.

2006 жылғы қаңтарда қайтыс болды.


Всего просмотров: 39866

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz