ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кітапханада 2017 жылғы 29 қарашада мектеп жасына және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған қала мен облыстың кішкентай тұрғындарының зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу орны болады деген үмітпен «Күншуақ» зияткерлік залы салтанатты түрде ашылды. 

«Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері, кітапхана оқырмандары, ата-аналар және педагогтар өткізілген іс-шараның қонағы болды.

Балалар әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, «Бауырсақ» ертегісінің театрландырылған қойылымына белсене қатысты. М. Болатбеков (1 сынып, №41 ЖОМ), Н. Кабиденова (3 сынып, №39 гим.) және «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері Д. Сарсекеева, А. Ким, Э. Байданова және С. Мишина М.Шахановтың, Ы.Алтынсариннің, А. Пушкиннің, А. Бартоның шығармаларын мәнерлеп оқып, оларды жақсы білетіндерін көрсетті.

Жайлы да шуақты бөлмеге көздері үйренген балалар КІТАП оқуға кірісті, балалар үшін ең үздік кітаптар топтастырылған болатын. Жайлы орындар, үлкен жұмсақ ойыншықтарға жайғасқан балалар кітаптарды қызыға парақтай бастады. Ал кітап саны мен оның түрлілігі көз жауын алатын еді. Балалар өздерінің танымдық және зияткерлік қабілеттерін кеңейтуге көмектесетін ең үздік кітаптармен танысу үшін дем алу мен оқуға арналған қолайлы залға жиі келеді деген үміт артамыз.

No images found.

Всего просмотров: 2733

55

 alma  

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz