05.04.2018 I «Денсаулық - зор байлық»

Кітапханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 5 сәуірде №38 гимназияның 3 «В» сыныбы оқушыларымен «Денсаулық - зор байлық» танымды денсаулық сабағы өткізілді.

Қарағанды №2 емхана, қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының балалық шақты ұйымдастыру бөлімінің педиатр дәрігері Агафонова Лариса Петровна өткізілген іс-шараның қонағы болды.

Балалармен тартымды әңгіме барысында ол «Салауатты өмір салты әліппесінің» негізгі ережелері: спортпен шұғылдану, күн тәртібі, тамақтану, жеке гигиена және тағы басқасы туралы әңгімелеп берді.

Балалар естігендерін бекіту үшін «Денсаулық - зор байлық» зияткерлік ойынына қатысты.

Оқушылар шарадалар мен кроссвордтарды шешті, әртүрлі ойындар мен викториналарға, денсаулықты нығайтатын жеңіл, пайдалы «Қозғалыс – бұл өмір» жаттығуына қатысты, «Фиксики.Дәрумендер» танымдық мультфильмін тамашалады.

Іс-шараның барлық қатысушылары қуаттылық пен көтеріңкі көңіл-күйге ие болды және «Денсаулық – бұл үйлесім!», «Денсаулық – бұл төзімділік!», «Денсаулық – бұл күш-қуат!», «Денсаулық - бұл сұлулық!» екенін білді.

Өткізілген іс-шара соңында АМСКҚО басшылығына және Л.П. Агафоноваға іс-шараға қатысқаны және одан әрі ынтымақтастығы үшін алғыс айтылды.

 


Всего просмотров: 772

55

 alma  

qwerty

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2018
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz