Қараша айының 28 күні  №63 ЖББОМ  3 сынып оқушыларының қатысумен «Болашақ және латын әліпбиі» атты әңгіме өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар оқушыларды  қазақ тілін латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырды.  Сондай-ақ оқушыларға  «Латын әліпбиі - келешек кілті» атты слайд көрсетілді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған іс-шаралар кешені аясында әр түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда кітапхана қызметкерлері қараша айының 27-нен желтоқсан айының 3-і аралығында «Латын әліпбиі – келешек келбеті» атты апталығын жариялады. Апталықтың бірінші күні «Латын әліпбиі - келешектің келбеті» атты ақпараттық сағат №17,18 ЖББОМ 7-8 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Оқушылар «Латын қарпі: дамудың жаңа сатысы» атты слайд тамашалап, «Латын қарпіне көшу уақыт талабы» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар балалар ойын түрінде жаңа латын әліпбиінде жазуға машықтанып, қызығушылық танытты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарғысымен апострофтарымен бірге 32 әріптен тұратын, латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің бекітілуіне байланысты қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттау және көпшілікке танымал ету мақсатында  2017 жылғы 24 қарашада  №1гимназияның 2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ жазуының тарихы» танымдық сағаты өткізілді.

2017 жылғы 24 қарашада кітапхана қызметкерлері үшін Қазақстанда экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша өткізілетін шаралар туралы «Кәсіби шебер» әдістемелік оқуы аясындағы ақпараттық сағат өткізілді.

Оқырмандар «Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында «Ұсқынсыз үйрек балапаны» ертегісімен танысты және қағаз  жолақтары техникасының көмегімен «Тіл алмайтын балапан»  бейнесін қолдан жасады.

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz