Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 ж. қараша айының 9 күні 12:00-де балалар жазушысы Машқар Гумеровтің туғанына 90 жыл толуына орай Ғ. Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Балалар әдебиетінің алыбы» атты телекөпір өтті.

«Шуақ» балалардың шығармашылық студиясы кітапхана оқырмандарымен өз жұмысын жалғастыруда. СОШ №59 ЖОМ 3 сынып оқушылары кезекті сабақта В.Сутеевтің «Бір қап алма.Мешок яблок» ертегісімен танысты және модульды аппликация техникасын пайдалана отырып, ертегі кейіпкері Кірпінің бейнесін жасады.

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жылғы қараша айының 6 күні сағат 14.00-де Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мен оқимын...» атты ойын сабақ өтті.

«Калибри» балаларды дамыту орталығының балаларына арналған «Шуақ» студиясының кезекті шығармашылық сабағы өткізілді.Кішкентай оқырмандар Хэллоуин мерекесі және пайдалы көкөніс асқабақ туралы білді. Балалар қағаз тегістеу техникасын қолдана отырып «Тәтті асқабақ» көлемді аппликациясын бірлесе жасады және О.Иркегулованың «Бақша» кітабы бойынша жұмбақ ойынына қатысты.

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2017 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де «Туберкулезге қарсы облыстық балалар шипажайы» КММ ем алушы балаларының қатысуымен «Қазақ жазуының тарихы» атты танымдық сағат өтті.

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz