Жас қаламгер

Печать
PDF

depositphotos 100334074-stock-photo-antique-open-book-and-magnifyingМаусымның 8 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы өтті.

Клуб мүшелері өздерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсу мақсатында белгілі ақын, жазушылардың (А. Құнанбайұлы, Ф. Оңғарсынова, М. Мақатаев, С. Ақсұңқарұлы т.б.) шығармаларынан үзінді оқып, өздері қалам тербеп жүрген кітап, достық, махаббат жайында жазылған өлеңдерінен үзінді оқыды. Және отырыс соңында «Әжемнің оймағы»  атты шағын әңгіме талқыға салынып, оқыған прозалары жайында да әдеби әңгіме қозғалды.

№1 «Білім-инновация» лицей интернатының 10 сынып оқушысы, клубтың белсенді мүшесі Құрмансейіт Серіктің «Жеке ойым» өлеңінен үзінді.

Жеке ойым (үзінді)
Ой-санамды мазалайды бір сұрақ,
Уақыт деген тез өшетін шамшырақ.
Неге оны үнемдейтін жандар аз?
Сол сұраққа жауап бергім кеп тұрад.
Шешімін мен білмеймін – ау, тек, бірақ,
Эх, жанымды сол жегідей жеп барад.
Кім біледі бұл сұрақтың жауабын?!
Кітап қана, мен білемін деп тұрад.
Неге деген сұрақ келді басыңа,
Келсе егер, кітап алғың қасына.
Түсінерсің сонда мені эй, досым,
Кітап – жауап әр сұраққа расында.

Всего просмотров:

Ұшқан ұя

Печать
PDF

1422877677jn5tgСәуір айының 13 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі жайлы ой бөлісу, пікір алмасу аясында өтті.

Клуб отырысы «Н. Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының» 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар «Ұшқан ұя» повесін естеріне түсіріп, батыр, жазушы Б.Момышұлының басқа да шығармаларына тоқталды. Ой бөлісу аясында повестегі қызықты жағдаяттарды әңгімелеп өттік. Шара соңында «Жазушы, тарих шежіре» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Всего просмотров:

Прозадағы менің бейнем

Печать
PDF

Menin-atym-Kozhka-508x480Әдебиеттің көркем сөз жанры, сөз өнерінің дербес, айрықша түрі - проза.

Наурыз айының 2 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы осы прозаға арналып, «Прозадағы менің бейнем» тақырыбында әдеби әңгіме қозғалды.

Клуб отырысы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «БОТА» жастар интелектуалды орталығының жастарымен және №1 «Білім - инновация» лицей – интернатының оқушыларымен өтті. Шара барысында «БОТА» орталығының мүшесі Н.Ахметов О.Бөкейдің «Атаукере» шығармасынан үзінді оқыды. Оқушылар оқыған прозалары жайлы және сүйікті жазушылары жайлы ой бөлісіп, келесі отырысты 2018 жылдағы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арнауға бір шешіммен келісті.

Всего просмотров:

Поэзия әлемі

Печать
PDF

sbornik poetichieskikh rabot uchashchikhsia proba piera 1Тамыры ажырап, болмысын жоғалтып бара жатқан ұрпақты сақтап қалудың бір жолы – руханиятқа үндеу. Қазақтың тамыры өлеңде. Осы орайда балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатында ақпан айының 8 күні «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы «Поэзия әлемі» атты поэзия шеңбері нұсқасында өтті. Шараға №1 Білім-инновация лицей-интернаты және №41 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ ақындарының өлең жолдарын мәнерлеп оқыды және жауқазын жыр жазуға талпынысы бар, жас талантты балалар өз ойларын ортаға сала отырып «Абай атама» , «Сәкен ағаға», «Қазақ тілі», «Ауылым» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Оқушыларға «Жас қалам» атты кітап көрмесіне қойылған қазақ балалар ақындары мен жас толқын ақындардың шығармашылығы таныстырылып, кітаптарына шолу жасалды. Аталмыш шара соныңда оқушыларды алғыс хаттар мен марапатталды.

Всего просмотров:

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

Печать
PDF

1996 жылдан бастап Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында орта  және жоғары сынып жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде  «Абай жүрген iзбенен...» клубы өз жұмысын  бастаған еді. Клуб ұзақ уақыт Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, мұраларын (өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын) насихаттаумен айналысып келсе, 2018 жылдан бастап клуб мақсаты оқырман сұранысына орай, заман талабына сай  өзгерген болатын. Осы мақсатта жас шығармашыл жеткіншектермен  бірнеше әдеби отырыстар да өткізілді.

2018 жылдан бастау алып келе жатқан бұл клубтың атауы, бүгінде, 2019 жылдан бастап «Қауырсын қалам» әдеби клубы деп өзгертілмек, жас шығармашыл жеткіншектердің басын қосып, талаптарын ұштай түсетін «Қауырсын қалам» әдеби клубының отырыстары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.  

Клубтың мақсаты:

Әрбір жас оқырманның шығармашылыққа деген құштарлығын, кітапқа деген қызығушылығын  және мәдени сауаттылығын арттыру арқылы прозаға, поэзияға қалам тербеп жүрген балалардың талаптарын ұштау.

Клубтың басты міндеттері:

- қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығы туралы білімді насихаттау;
       - жас талаптың рухани сұранысын барынша қанағаттандыру;
       - жасөспірімдердің жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
       - шығармашыл жеткіншектерге барынша қолдау көрсету;

2018 жылы өткен клубтың отырыстары:

 

Құрметті оқырман!

«Қауырсын қалам» әдеби клубының ұйымдастыруымен өтіп жатқан отырыстарды кітапхананың ресми сайтынан және instagram желісіндегі қауырсын қалам парақшасынан көре аласыздар.

Сізді де клубқа мүше болуға шақырамыз!

 

«Қауырсын қалам» әдеби клубының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары:

қаңтар 

 «Өлең жазам қауырсын қаламыммен»               
   Шығармашылық отырыс.№1 «Қауырсын қалам» жасөспірімдер мен жастардың әдеби альманағына шолу 
ақпан        
 «Проза» кеше және бүгін     Клуб мүшелерінің әңгімелерін талдау
наурыз  Сырлы өлең...     Ақындар әлеміне саяхат
сәуір  «Прозадағы махаббат хаттары»    Кездесу кеші (Қарағандылық жас ақындармен кездесу)
мамыр «Жас толқын шабыты»    Драмалық қойылым
қазан «Мен. Жазушы. Кейіпкер.»    Студент жастармен пікір алмасу
қараша  Асылдан қалған асыл сөз»       Әдеби - сазды кеш

 Клуб отырысы жылына 7 рет, яғни әр айдың үшінші жұмасы күндері сағат 15:00 – де өткізіледі.


 

Всего просмотров:

orissha

alma

baner kniga

qwerty

65abay

книги юбиляры

anonse

240118rus

100-kz

kor

baner kniga

Мы в социальных сетях:

insta 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Архив новостей

Январь 2019
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

logo ru

Стратегия 2050Управление культуры КарагандыОфициальный сайт президента Государственные символы РКОфициальный сайт премьер-министра РКminkАкимат города Караганды e02032018095400.gov.kz1