Жазғы демалыс уақытында балалар танымдық қызықты әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Осы орайда кітапхана қызметкерлері 28 маусымда кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.
Шолуға №23, №66 мектеп жанындағы жазғы лагерьде демалушы балалар қатысты. Балалар «Рыцариведение», «Шпионология», «Драконоведение» және т.б жаңа кітаптармен танысты.


