Menu Close

Оқырманға көмекке мобильді бағдарламалар

25 шілде сағат 11-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының базасында «Бәйтерек» шипажайындағы балаларға арналған «Оқырманға көмекке мобильді қосымшалар» ақпараттық сағаты өткізілді.

Балаларға QR-кодтары бар заманауи кітаптар көрсетілді, мобильді құрылғылардың тануына арналған қосымшаны орнатуға көмектесті және интернет кеңістігінде кітап оқуға арналған бағдарламаларды қолдануды үйретті. Кітапхана қызметкерлері ақпарат сағатқа қатысқандарға электронды кітапты – букридерді меңгеруді және оқу үшін қажетті шығарманы таңдауға көмектесті.

Мұнда оқырмандар еркін және қолайлы атмосферада әңгімелесті, қажетті ақпаратты алу үшін компьютерді, ноутбукті пайдаланды, үстел ойындарын ойнады, кітаптар мен журналдарды оқыды.