ҚР Үкіметі бекіткен «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы аясында 17 наурыз «Тарихқа тағызым күні» деп белгіленген.
Осы айтулы күнге орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 17 наурыз күні сағат 14.00-де «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті.
Іс — шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру.
Киіз үй жасау өнері — ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындысы.
Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ жайы. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Ата-бабаламыздың негізгі баспанасы — киіз үй, қазіргі уақытта жас оқырмандар арасында ерекше қызығушылық тудыруда.
Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды. Тренингке №20 ЖББОМ-тің 7 сынып оқушылары қатысы, балалар киіз үйді құрастыруға атсалысты.
